«Геометрия» курсын оқыту әдістемесі.
Қарастырылатын мәселелер.
10-11 сыныптарда «Геометрия» курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері.
10-11 сыныптардағы «Геометрия» курсының жаңартылған білім мазмұны және оқулықтың ерекшеліктері.
10-11 сыныптарда «Геометрия» курсын оқытудың әдістері.
10-11 сыныптарда «Геометрия» курсын оқытуды ұйымдастырудың формалары.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11 сыныптың
«Геометрия» курсының оқу бағдарламалары ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына қосымша ретінде енгізілген. Ол мынадай тараулардан тұрады:1. «Жалпы ережелер»; 2. ««Геометрия» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру»; 3. «Оқу мақсаттарының жүйесі». Бағдарламаға қосымша ретінде «Ұзақ мерзімді жоспар» деген тақырыппен күнтізбелік- тақырыптық жоспар үлгісі келтірілген.
Жаратылыстану-математика бағытында «Геометрия» пәнін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаныңлогикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай- ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның бір тұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Мақсаты: практикалық іс-әрекетте қолдануға, басқапәндерді игеруге, білім алуды жалғастыруға қажетті математикалық білімді оқушылардыңмеңгеруі; жалпы адами құндылықтаржәне ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлер негізінде оқушылардың зияткерлігін дамыту.
Міндеттері:
Геометрияның бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
математикалық тіл мен негізгі математикалық заңдарды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал ету;
әртүрлі мәтінді есептерді шешуде санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге жәрдем беру;
нақты процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді құру және интерпретациялау дағдыларын дамыту;
әртүрлі теориялық облыстар мен практикалық іс-әрекеттерде зерттеулер және есептер шешу үшін математикалық әдістерді қолданудың дағдыларын дамыту;
логикалық және сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
коммуникативтік, әртүрлі дереккөздерден ақпаратты іздеу және қолдану дағдыларын дамыту;
өздігінен, топта жұмыс істеуге қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
қоғамның ілгерілеуі үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету;
математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
«Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында– 68 сағат;11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында– 68 сағат.
10-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
«Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік». Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы. Тетраэдр. Параллелепипед. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтардың параллельдігі;
«Кеңістіктегі перпендикулярлық». Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы. Үш перпендикуляр туралы теорема. Кеңістіктегі арақашықтықтар. Кеңістіктегі бұрыштар. Жазықтықтардың перпендикулярлығы. Тікбұрышты параллелепипед. Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы және оның ауданы;
«Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар». Кеңістіктегі векторлар және оларға амалдар қолдану. Коллинеар және компланар векторлар. Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Кеңістіктегі вектордың координаталары. Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген вектордысанға көбейту. Векторды үш компланар емес векторбойынша жіктеу. Екі нүктенің арақашықтығы. Кесіндіні берілген қатынаста бөлу. Кесінді ортасының координаталары. Векторлардың скаляр көбейтіндісі. Сфера теңдеуі. Жазықтық теңдеуі. Кеңістіктегі түзудің теңдеуі.
11-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
«Көпжақтар». Көпжақты бұрыш, геометриялық дене туралы түсінік. Көпжақ ұғымы. Призма және оның элементтері, призма түрлері.Призманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Пирамида және оның элементтері. Дұрыс пирамида. Қиық пирамида. Пирамиданың,қиық пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Көпжақтардың жазықтықпенқималары.Дұрыс көпжақтар;
«Кеңістіктегі түзу мен жазықтық теңдеулерінің қолданылуы». Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.Кеңістістегі нүктеденжазықтыққа дейінгі арақашықтық.Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрышты, түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштытабу;
«Айналу денелері және олардың элементтері». Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің
аудандары. Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Сфера, шар және олардың элементтері. Сфераға жүргізілген жанама жазықтық. Сфера бетінің ауданы. Шар және оның элементтері. Шардың, сфераның жазықтықпен қималары. Цилиндр, конус және шардың жазықтықпен қималары;
«Денелердің көлемдері». Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері. Призма көлемі. Пирамида және қиық пирамида көлемдері. Цилиндр көлемі. Конус және қиық конус көлемдері. Кеңістік фигураларының ұқсастығы. Шар және оның бөліктерінің көлемдері.Геометриялық денелердің комбинациялары;
Оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер күтілетін нәтижелер (біліктер немесе дағдылар, білім немесе түсініктер) түрінде берілген сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтиды. Әр бөлім ішінде тізбектеліп жазылған оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлап, оқушылардың жетістіктерінбағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.
«Геометрия» оқу пәнінің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
Геометриялық фигуралар туралы түсінік;
Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы;
Метрикалық қатынастар;
Векторлар және түрлендірулер.
Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлім ретін, үшінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.1.2. кодында «10» - сынып,
«1»- бөлім, «2» - оқу мақсатының реттік саны.
Бағдарламада оның әр бөлімшелеріне сәйкес білім алушыларға қойылатын талаптар нақты көрсетілген.
Оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану- математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Геометрия» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
№13 дәріс. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 cыныптарда
Достарыңызбен бөлісу: |