Дәрістер курсы



бет12/16
Дата01.03.2022
өлшемі56,94 Kb.
#26722
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Манаштану каз

70–80жылдары жарық көрген еңбектерде соғыс жылдарындағы республика өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығының дамуы, жергілікті кеңестердің, партия ұйымдарының қызметі жəне басқа да тақы рыптар бойынша бірқатар еңбектер жарық көрді. Солардың арасында Т.Б.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941–1945 жж.)» атты еңбегінде соғыс жылда рында республикадағы жасақталған əскери құрамалар, Отан қорғау қорының жасалуы, қазақстандық еңбекшілердің Одақтың қорғаныс қуатын нығайтуға қосқан үлесі, майданға көрсеткен патриоттық көмегі, майдан мен тылдың байланысы, азат етілген аудандарға көмек көрсету туралы соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері, мұрағат құжаттары мен сол кезде жарияланған соны деректердің негізінде баяндалады. Қазақстан еңбекшілерінің соғыс жылдарында майданға берген көмегінің жалпы мөлшері өте көп, олар соғыс жылдарында жүргізілген төрт мемлекеттік заем бойынша сол кездегі бағамен 3,2 млрд. сомнан астам қаражат берген, ал елдің əр жерінен патриоттар танк жəне самолет жасауға өз жа нынан 100 мыңнан 300 мың сомға дейін қаржы берген. Тек Отан қорғау қорына, əскери техни ка мен қаружарақ жасауға республика еңбекшілерінің жинаған қаражаты 1 млн. сомнан асқан. Алай да бұл еңбектің «Қазақстанның адам жəне материалдық ресурстарын Отанды қорғауға жұмылдыру» атты бірінші тарауында тек 1941 жылдағы елдің халық шаруышылығының дамуы басымырақ қарас тырылған, сонымен қатар, автордың көрсетуінше, соғыстың ауыртпашылықтарына қарамастан соғыс тың бастапқы уақытында мал шаруашылығы жақсы дамып, республика мемлекетке 114 мың т ет, 283,5 мың т сүт, 14,3 мың т жүн тапсырды деп көрсетеді. Бұл бейбіт 1940 жылмен салыстырғанда 1941 жылы мал шаруашылығы өнімдері едəуір артық тапсырылған. Бірақ мұрағат құжаттарын да басқа мəлімет көрсетіледі, онда «Объяснительная записка к Отчету Народного комиссариата Мясной и молочной промышленности КазССР за 1942 г.» аталған халком орынбасары Градицкий мен бас бухгалтер Смирновтың есепке Түсіндірме хатында республиканың ет, сүт өндірісі жылдық жалпы жоспарды орындай алмады деп көрсетеді. Оның себептері ретінде ет комбинаттарының теміржол же лісінен алыс жатуының өнім сапасына жəне оның уақытында жеткізілуіне əсер етуі, өндіріс техникаларының ескіруі т.б. айтып өтеді. Ет өндірісі бойынша өнімнің фактілік шығарылымы 33414 т мөлшерінде болса, ол жоспарға 87,7 % жəне 1940 жылдың есебінің 86,0 % құрайды деп көрсетілген. Де генмен бұл сандық мəліметтер əлі де талай зерттеуді қажет етеді жəне жоғарыда аталған еңбектің құндылығын төмендетеді деген сөз емес.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республиканың ауыл шаруашылығы мен өнеркəсібінің дамуы туралы қызықты мəліметтер көптеген зерттеулерде кездеседі. Мəселен, А.М.Чинчиков «Историография трудового подвига советского крестьянства (1941–1976)» атты еңбегінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік халық шаруашылығының, оның ішінде Қазақстанның да, дамуына қатысты бір қатар зерттеушілердің еңбектеріне қатысты сыни көзқарастарын білдіріп, оларда келтірілген мəліметтерге қызықты талдау жасайды. Автор 70жж. шыққан еңбектердің көпшілігінде соғыс кезіндегі ауыл шаруашылығының дамуын кезеңдестіруді қарастырғанда кейбір зерттеушілердің сынға алынған ескі көзқарастарды ұстанғандығын, оларда ауыл шаруашылығындағы жағдайды əсірелеп жазу тенденциясының басым екендігін көрсетеді. Олардың арасынан Т.Б.Балақаевты (1943 ж. ауыл шаруашылығы өндірісінде бүкіл елдің экономикасының дамуындағыдай түбірлі бетбұрыс жылы болды деп көрсет кен), Г.С.Кравченконы, Г.Əбішевті (соғыс жылдарындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығының жағдайын қарастыра келіп, ауыл шаруашылығының өндірісінің өсуі нан, ет, сүт өнімдерін жеткізуді бірнеше есе өсіруге мүмкіндік бергенін көрсеткен) атап өтеді. Ал, автордың ойынша, З.Кашкенбаев 1942–1943 жж. Орта Азия мен Қазақстан «еліміздің негізгі азықтүлік базасы» болды деп дұрыс көрсеткен жəне М.Қ.Қозыбаевтың көзқарасы (жоғарыда келтірілген қорытындыны əсіреленген деп бағалаған болатын) барынша əділетті, себебі іс жүзінде Қазақстан 1942 жылмен салыстырғанда 1943 жы лы нанды 2 есе аз берген, соғыс жылдарындағы Қазақстанның елдің нан балансындағы үлесі 7 % құрайды, бұл Сібірден шамамен 2 есеге аз деп көрсетеді. Бұл пікірталасқа қатысты өз ойымызды айтып көрсек, М.Қ.Қозыбаевтың «Вклад восточных районов СССР в достижение экономической по беды» атты мақаласында шығыстағы аудандар батыс облыстар басып алынғаннан кейін əскер мен қа ланы азықтүлікпен қамтамасыз етудің негізгі базасына айналды жəне 1942 жылдан елдің басты тірегі деп көрсетеді. Ал «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» бес томдықтың еңбектің 4 ші томындағы сегізінші тарауының «Қазақстан — майдан арсеналы» атты бөлімінде соғыс жылдарындағы еңбек қолының жетіспеушілігінен, тылдағы қазақстандықтардың ауыр еңбегі, техниканың ескілігі, еңбекті дұрыс ұйымдастырмау жəне басқа да қиындықтардың елдің мемлекетке астық тапсырудағы ісін қиындатқанын көрсете келіп, бұған қарамастан Қазақстан еңбекшілері армия мен елімізді азықтүлікпен қамтамасыз ету үшін қолдарынан келгенін бəрін жасады жəне жалпы соғыс жылдарында, Қазақстан тапсырыстың барлық түрлері бойынша мемлекетке 5829,4 мың т астық, 733, 9 мың т ет жəне өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының мыңдаған тонна басқа да өнімдерін тапсыр ғаны көрсетіледі. Біздің ойымызша, кеңес елінің ауыл шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы мəселесі қарастырылған жалпыодақтық еңбектердің басым көпшілігінде Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуы, қазақстандық еңбекшілердің тылдағы ауыр еңбегі тиісті бағасын алмаған не болмаса жалпылама, үстірт қарастырылып өткен. Бұл, бір жағынан, партияның қоғамдық ойға үз діксіз əсерінен болса, басқа жағынан соғыс жылдарындағы кеңес Коммунистік партиясының əскери экономиканы басқарудағы мінсіз саясатын дəріптеу тенденциясының тасасында қалып қойғандығынан. Қалай дегенмен де, Қазақстан еңбекшілерінің соғыс кезеңінің ауыр сынақтарына қарамастан кеңес əскерін, жалпы елді азықтүлікпен қамтамасыз етуде басқа да шығыстық аудандар тəрізді өлшеусіз үлес қосқаны даусыз. Осы мəселені кеңестік дəуірде қазақстандық тарихшылардың өз еңбектерінде көтеруі ғылыми ойдың дамуында өзіндік көзқарастар ағымын қалыптастырды. Ал фактілерді нақтылау үшін əлі де талай зерттеулер жүргізу қажеттігі бұл жерде өзінен өзі туындап тұрған мəселе.

Ұлы Отан соғысы жылдарында республиканы майдан арсеналы ретінде соғысушы əскер мен ке ңес елін азықтүлікпен қамтамасыз етуде, 1941–1942 жж. Қазақстанға батыс аудандардан өнеркəсіп орындарын эвакуациялауда, жалпы еліміздің халық шаруашылығында теміржол көлігінің дамуы аса зор маңызға ие болды. Бұл тақырып соғыс жылдарының өзіндеақ бастау алды. Алайда ол кезде жарық көрген еңбектер көбіне фрагментарлық зерттеу ретінде болды жəне теміржолшылардың соғыс жылдарындағы ерліктерін баяндаушы, насихаттаушы еңбектер ретінде қалыптасты. Оларда кешенді зерттеулер жасалынбады.

Соғыс жылдарындағы теміржол көлігінің даму тарихы мəселесін зерттеуде қазақстандық ғалым дар да өз үлесін қосты. Бұл тақырып соғыс жылдарында да, соғыстан кейінгі онжылдықтарда арнайы еңбектерде, сонымен қатар жалпылаушы еңбектерде орын алды. К.Майгаранованың «Трудовые подвиги комсомольцев и молодежи железных дорог Казахстана в Отечественной войне 1941–1945 гг.» атты зерттеуінде берілген тақырып тарихнаманың өзекті тақырыптарының бірі ретінде қарастырылады. Онда автор мұрағат құжаттарын кеңінен пайдалана отырып, жастардың теміржол бойынша эвакуациялау үрдісінің дамуына қатысуын қарастырады. Р.М.Мырзалиева Қазақстанның теміржолдарының дамуының барлық кешеніне қатысты мəселені көтереді. Автор Орынбор теміржолының ақтөбелік бөлігінің тарихын зерттеу негізінде берілген өлкедегі теміржолшылардың өндіріс объектілері мен адам ресурстарын эвакуациялаудағы жəне елдің əлеуметтікэкономикалық дамуының басқа салаларындағы рөлін көрсетеді. Шындығында да, соғыстың бастапқы уақытындағы жау басып алған аудандардан өндірістік маңызы бар өнеркəсіп орындары мен адамдарды тылға тасымалдауда еліміздің теміржолшыларының атқарған қызметі салмақты əрі маңызды. Г.Əбішевтің докторлық диссертациясында теміржол көлігінің атқарған рөлі шаруашылықтың жалпы саласында, жекелегенде тасымалдаудың рөлі мен маңызы соғыс уақыты жағдайына өту факторы ретінде қарастырылады. Темір жолшылардың ерен еңбегінің арқасында ғана Қазақстанға өндіріс объектілерін көшіру, орналастыру үшін қолайлы жағдай жасалды. С.К.Утешовтың ойынша, батыс ауданнан көшірілген өндірістік объектілер көбіне Орынбор теміржолының шебі бойынша жүрді, бұл Қазақстанның Батыс жəне Оңтүстік аудандарында өндірістік базаның жасақталуына жағдай жасады. В.С.Ешпановтың мақаласында соғыс жылдарындағы Орынбор теміржолының тарихы бойынша тарихнамалық талдау жасалынып, тұжырымды қорытындылар келтірілген. Автордың көрсетуінше, тек 1960–1980 жж. жəне соңғы кезеңде ғана берілген тақырыпқа қатысты жарық көрген көлемді еңбектерде кешенді зерттеулер жасалынып, объективті баға берілген.

Е.Беркун, Л.В.Михееваның құрастыруымен жарық көрген «Карагандинская область в годы Великой Отечественной войны» атты құжаттар мен материалдар жинағында облыстың соғыс жылда рындағы халық шаруашылығының дамуы, қоғамдық саяси өмірі, облысқа эвакуацияланған кəсіпорындар туралы мəліметтер беріледі.

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының жалпы мəселелерін жасауда белгілі отандық тарихшы М.Қ.Қозыбаев елеулі үлес қосты. Автор өз еңбектерінде кең деректік негізде республика ең бекшілерінің жаумен күреске жұмылдырылуын, соғыс кезеңіндегі экономиканы əскери жағдайға бейімдеп  дамытудағы  Қазақстан  Компартиясының  қызметін  кешенді  қарастырады.     М.Қозыбаев «Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.)» Ұлы Отан соғысы кезеңінің бай фактілік материалдарымен Қазақстан Компартиясының халық шаруашылығын    əскери жағдайға қайта құру бойынша, қала мен ауыл еңбекшілерін жұмылдыру, республиканы майдан арсе налдарының біріне айналдырудағы жанжақты қызметін дəлелді түрде көрсетеді. Автор партияның өнеркəсіптің жұмысын майдан қажетін қамтамасыз ету үшін қайта құру бойынша, ауыл шаруашылығын қайта құруды басқару бойынша, социалистік жарыстарды ұйымдастыру мен басшылық жасау бойынша тəжірибесін жалпылап қарастырады. Мəселелердің бірі болып республиканың халық ша руашылығының 1943–1945 жж. дамуы болып табылады. Бұл сұрақты қарастыра отырып, автор отын энергетикалық базаның дамуын жəне түсті металдар өндірісінің ұлғаюын, соғыстың аяқталатын кезе ңіндегі өнеркəсіптің жəне көлік саласының дамуын талдайды. Ауыл шаруашылығы үшін, көлік пен өнеркəсіп үшін мамандарды қалыптастыру үрдісі талданады. Майдан мен азат етілген аудандарға көмек көрсету, тылдың майданмен байланысын бекіту бойынша мəселе зерттелген. Партияның ғылым ның өндіріспен байланысын нығайтудағы, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру бойынша жүргізген шаралары, ғылым, əдебиет, өнер, халыққа білім беруі жəне денсаулық сақтаудың соғыс жылдарындағы дамуы талданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет