Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет174/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   315
Үшіншіден, жобалау әдіс пәнаралық байланысқа негізделгендіктен бір 

пәнді  ғана  тар  шеңберді  қарастыру  дұрыс  емес,  сондықтан,  басқа  пәндерді 

интеграциялауды қамтитын түрде ұйымдастыру қажет. 

Жобалау  әдісін  зерттеушлікте  пайдалануда  төмендегі  талаптар 

орындалуы тиіс. 

Зерттеушілік  пен  шығармашылық  ізденісті  қажет  ететін  маңызды 

проблеманың немесе міндеттің қойылуы. Мысалы, әлемнің түрлі елдеріндегі 

білім алу (сауаттылық деңгейін, оған ықпал ететін факторларды зерттеу, әр 

елдің  балалар  өмірінен  репортаж  жасау),  топпен  бірлесіп  газ  не  мұнай 

мұнарасы  орналасқан  ауылдардың  суы  мен  өсімдіктерін  бақылау,  зерттеу, 

талдау жасау. 

Алынған  зерттеу  нәтижелерінің  практикалық,  теориялық,  танымдық 

нәтижелерінің  маңызын  түсіндіру  (мысалы,  әр  елдегі  балалардың 

сауаттылық  деңгейімен  салыстыра  отырып,  өз  аймақтары  туралы,  өз 

мектептері  туралы  баяндама  жасау,  шешу  жолдарын  ұсыну;  жасаған 

репортаждарынан  журнал  не  газет  шығару;  мұнайлы,  газды  ауылдардың 

табиғатын қорғаудың жоспарын жасау, т.б.) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет