Біріншіден, егер жобаның идеясы белгілі бір тәжірибе бойынша терең
білімді қажет етсе, сол бағыттағы білім мен оны толық игерген адам жоба
үшін құндылыққа ие болады. Бұл жобалау тобының өз ішіндегі қатынастарға
ықпал етеді.
Екіншіден, негізгі мектепте лидерлер қалыптасатыны айқын көрінеді,
сондықтан лидерлік сапалар әркімнің жеке ерекшеліктеріне сай лидер болуға
тәрбиелеу қажет, өйткені, ол өмірде әр адамға қажет болатын қасиет.
Бастауыш мектепте пайда бола бастаған лидерлік сапалардың тек қана
белгілі бір оқушығы ғана «беріп» қою қате, одан барлық оқушы осы рольден
өтуі тиіс. Мысалы, бастауыш мектепте лидерлік түгел қамтамасыз етілмейді,
оның ролін мұғалім атқарады, онда да «лидерлікті» бір оқушыға беріп қоюға
болмайды.
Негізгі мектепте жасөспірімдердің ерекшеліктеріне байланысты
командалық жұмыстар басым болады, ол қатынасқа құрылатын
болғандықтан лидерлік те ауысып отыруы тиіс. Бұл сатының
ерекшеліктеріне байланысты пайда болған әртүрлі проблемаларды шешу
үшін нақты топтар, командалар құрылып, онда өзара адресті қарым –
қатынас қажеттігі пайда болады.
Мысалы, қазіргі оқытудың маңызды потенциалы – компьютерлік
технологиялар. Оны тиімді пайдалану оқушылардың қарым – қатынасын
дамытуға мүмкіндік береді.
Соған орай «компьютерлік сауаттылықты» оқушылардың жаңа
қабілеттерін – түсіну, талдау, мағынасын тану, рефлексия жасау, талдау
барысында оның ішкі байланыстарын көре білу, т.б. сапаларын дамытудың
құралы ретінде қарастыру керек. Яғни, компьютерлік сауаттылық – түпкі
мақсат емес, ол белгілі бір сапаларды қалыптастыру, дамыту құралы.
Атап айтқанда, компьютер арқылы жасалатын баяндаманы,
презентацияны word тектімен слайдтарға бөліп – бөліп салуға да болады,
немесе, графикалық модельдерді пайдалану арқылы текст мазмұнының
тұтастығын, оның ішкі байланыстарын көрсету арқылы құрылымданған,
модельденген баяндама жасауға да болады. Бұл оқушының текст мазмұнын
меңгеруін ғана емес, оның коммуникативтік, ақпараттық қабілеттерін
дамытуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |