Жобалауды ұйымдастырудың тиімді жолы – осы бағытта мектепте
белгілі бір қалыптасқан дәстүрдің болуы. Оның мәні педагогтарда әр пән
бойынша жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыптарының болуы,
сыныптан тыс жұмыстарды жобалауға ұсыныстардың дайын екені ғана емес.
Ең бастысы – жобалау әрекеттерінің элементтері таныс болуы,
педагогтардың белгілі бір жобаға қатынасу тәжірибесі, немесе, жоғары
сынып оқушылырының кіші жастағы балаларды өз жобаларымен
таныстыруы бірнеше сыныптан тыс жобалардың тәжірибесі болуы маңызды.
Біз осы жерде жобалау әрекеттері белгілі бір деңгейде жүргізілетін мектеп
жағдайында және жобалау әрекеттері мүлдем таныс емес мектеп жағдайында
оны дәстүрге айналдыру жолдарын қарастырамыз.
Жобалау әдістерінен азды – көпті тәжірибе болған жағдайда, олардың
белгілеріне, символдарына көңіл аударылуы тиіс. Мысалы, жобаны
ұйымдастыру сәттерінен түсірілген суреттер, бейнефильмдер, жинақталған
альбомдар, кітапшалар, оқушы портфолиосы, көрмелер, т.б..Жобалауды
ұйымдастыру дәстүрлі мектептің «қатып қалған» тәртібінің ауқымына
сыймайды, оның атрибуттары қазіргі оқушылардың қарым – қатынас
ерекшеліктеріне, еркін ойлауына сәйкес келетіні белгілі.
Егер де жобалау бұрын – соңды мектеп тәжірибесінде болмаған
жағдайда оны ұйымдастыру өзгеше. Бұл кезде педагогтар арасынан
бастамашы топ құрылып, оларды жобалау әрекеттеріне даярлау
ұйымдастырылады. Оны элективтік курстар арқылы жүргізген тиімдірек.
Алғашқы жобалар қысқа мерзімдік (1-2 апталық) болғаны дұрыс,
және олар кеңесші – педагогтың қатысуымен ұйымдастырылады. Жоба
жұмысы аяқталып, нәтижесін презентациялау барысында оқушылар мен
педагогтардың белсенді қатысуын қамтамасыз еткен дұрыс.
Жобалау жұмысын рәсімдеу, өзіне тән белгілері мен
атрибуттарын қатаң сақтаумен қатар, оқушылар үшін оның маңызын,
стационарлық сипатын сезіндіру үшін мектепте «жобалау зертханасы»,
«техникалық үйірмелер», «авторлық» немесе «шығармашылық топтар» т.б.
құрылымдық мәні ерекше болды. Бұл құрылымдар оқушылар жобасын
жүзеге асырудағы сабақтастықты педагогтардың, түрлі жастағы балалардың
бірлескен әрекеттердің дәстүрге айналуына ықпал етеді. Педагогтармен бірге
жоғары сынып оқушылары жобаларын жасау, төменгі сынып пен жоғары
сынып оқушыларының бірлескен жобалары, сонымен қатар, сыныптан тыс
ата – аналар қатысуымен жасалған жобалар өз тарихнамасын құрып,
жобалауды мектеп дәстүріне ендіруге негіз салынады.
Достарыңызбен бөлісу: