Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет19/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   315
Байланысты:
лекция

қарай  тастау,  алға  жүру  деген  түсінікті  береді,  оның  мағынасы  алдағы 

уақытта  болатын  құбылыстың  бейнесін  жасауға  қатысты  ғылыми  және 

инженерлік әрекеттермен байланысты айқындалады. Адам еңбегіне қатысты 

өнімдердің барлығы да алдын ала жобалау арқылы жасалатын болғандықтан, 

осы  тұрғыдан  қарастыру    жобалауды  жоба  құру  үрдісі,  яғни,  белгілі  бір 

объектінің болашақтағы бейнесін алдын ала құрастыру үрдісі дей аламыз. 

Жобалау  қызметінің  алғашқы  кезеңдерінде  жобаны  ғылыми-

негізделген,  дәл  есептелген  күйінде  жасалатын,  үнемі  технологияда 

пайдалана  беруге  болатын  белгілі  бір  нәрсенің  нобайы  деп  түсіндірілген 

болатын.  Одан  кейінгі  кездерде  жобалаудың  кең  таралуына  байланысты 

оның  өнімнің  арзандауын  қамтамасыз  ететен  экономикалық  тиімділігі, 

халықтың көп бөлігіне жеткілікті болатын әлеуметтік тиімділігі, өнім сапасы 

мен тұтынушылар мәдениетін көтеруді көздейтін мәдени тиімділігі күтілетін 

болды. 


Осылайша,  тәжірибенің  өзгермелілігі  бүгінгі  қоғамның  атрибутына 

айналып,  оны  басқару  мен  ұйымдастырудың  өзгермелі  жағдайларына    сай 

жобалау қызметі қалыптаса бастады. 

Жобалау  ұғымын  зерделеу  үшін  әлеуметтік    жүйелердегіі      жобалау 

феноменіне терең назар аудару  қажет. «Феномен – гр.phainomenon – таным 

мен тәжірибедегі ерекше құбылыс туралы философиялық ұғым.  Әлеуметтік 

жүйелерде  жобалау  қызметінің  кеңінен  тарай  басталғанына  қарамастан, 

оның  алатын  орны  ғылыми  түрде  бүгінгі  күнге  дейін  жеткілікті  дәрежеде 

негізделмеген  деуге  болады.  Сонымен  қатар,  жобалау  қызметіне 

қызығушылықтың  өсуі  оның  баршаға  түсініктілігінен,  немесе  жеткілікті 

зерттелгендігінен  емес,  оның  көпфункционалдық  және  көпқырлылық 

сипатынан дей аламыз.  

Жобалау  феноменіне  қатысты  дәстүрлі  ғылыми  көзқарас  қазіргі 

заманның қайта жаңғыртуларды батыл да жедел жүргізу талаптарына сәйкес 

жүргізіліп жатқан тәжірибеге тікелей ықпал ете алмады, сондықтан жобалау 

әрекеті  таза  ғылымилық  емес,  тәжірибелік  -  бағдарлы  ғылым  контекстіне 

енгізілді.  Осылайша,  жобалау  ғылымилықтың  жаңа  түрінің  негізгі  әдісі 

ретінде ұсынылды, оны кейбір авторлар   тәжірибелік - бағдарлы ғылым деп 

атаса,  әдіснамалық  бағдарды  ұстанушылар      «бағдарламалық  -жобалық» 

ұғымын ендіру арқылы түсіндіреді.   

 «Тәжірибелік–бағдарлы  ғылым»    ұғымын  білдіретін  термин    ретінде 

М.А.Данилов 

«бағдарламалық–жобалық 

тұрғыны» 

енгізіп, 

оның 

қарастыратын  пәнін  «белгіленетін,  сипатталатын,  қайта  жаңғыртылатын 



практикалық  әрекеттер  жүйесі»  деп,  мақсатын  «белгілі  бір  жүйені    және 

оның  мазмұнын  дамыту»  деп  көрсеткен  болатын.  Бұл  жерде    әлеуметтік–

мәдени 


құбылыстарды 

зерттеуде 

классикалық 

түрлермен 

қатар 

қолданылатын  ғылымилықтың  жаңа    тұрпаты  қалыптасып  келе  жатқаны 



туралы  айтуға  болады.  Дәстүрлі  сипаттағы  тарихилық,  дамытушылық  және 


тәжірибедегі  жаңартушылық принциптерімен бірге  жобалау  принципі білім 

берудегі  кешенді  проблемаларды  ғылыми  тұрғыдан  талдаудың  басты 

әдіснамалық міндеттерінің бірі болып қалыптасып келеді. 

Тәжірибелік–бағдарлы  педагогикалық  ғылым  «...ендігі  жерде 

жекелеген  психологиялық–педагогикалық  феномендердің  өзін  зерттеумен 

қанағаттанбауы  сөзсіз;  бұл  зерттеулер  енді  кешенді  түрде  жүргізілуге  тиіс. 

Осының өзі жобалау қызметінде көптеген нақты зерттеулер мен білім беру 

саласындағы  жобалауды,  адамның  өмір  бойы  алатын  үздіксіз  білімнің 

бағдарламалары  мен  технологияларын,  бағалаудың  эксперттік  жүйесі  мен 

оның  тиімділігін  бағалау  құралдарын  қамтитын  бірнеше    күрделі 

объектілердің синтезделуін талап етеді».  

Ғылымилықтың  дәстүрлі  түрімен  салыстырғандағы    жаңа  түрінің 

айырмашылығы  – жобалауды ұйымдастыру мен одан әрі қарай жүзеге асыру 

барысындағы  ғалымдар  мен  практиктердің  нақты  білім  беру  алаңында 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет