2–
әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабат
1– менталдық түрлер қабаты
Сурет 2 − Жобалаудың білім беру мен ғылыми әрекеттердің мәдени-
инновациялық түрі ретіндегі схемасы
Атап айтқанда, жобалаудың мәдени контексті философия арқылы
қамтамасыз етіледі, басқару контекстіндегі жобалау қызметі әдіснамалық
қамтамасыз етіледі, ал, ғылыми контекстегі жобалау әрекеттері білім
саласына
қызмет
ететін
педагогика,
психология,
әлеуметтану
ғылымдарының идеалдық құрылымдарының сипатын алады.
Мысал үшін, педагогикалық тәжірибенің даму барысында кем дегенде
үш мәдени - инновациялық құрылым қалыптасты деп айта аламыз.
Біріншісін, катехезистік, діни педагогика деуге болады, оның базалық
мазмұны діни ритуалдар мен символдар аясындағы тәртіп пен әрекеттермен
байланыстырамыз. XVI ғасырдың аяғында Ян Амос Коменский
идеяларының ықпалымен екінші, эпистемологиялық педагогикалық
құрылым қалыптасты. Оның негізгі мазмұны объектіге бағытталған оқыту
болса, басты девизі «барлығына да барлық білімді беру» болып танылды.
Бұл құрылым осы күнге дейін оқытудың негізіне алынып келеді, яғни,
мәдениет тасымалдау құралы ретінде теориялар мен модельдерді оқытуды,
білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік-мәдени түрі ретінде класс-сабақ
жүйесін негізге алады. Үшінші педагогикалық құрылымды инструменталдық,
немесе технологиялық атауға болады. XVIІІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың
басында пайда болған құрылым білім мазмұнына негізінен құралдар мен
әдіс- тәсілдер ұсынған болатын.
Бүгінгі кезең педагогикада мүлдем жаңа құрылым қалыптасып келе
жатқанын көрсетіп отыр, оның негізіне жоғарыда аталған құрылымдарға
қарағанда білім, білік, дағдылер мен қажетті сапалар синтезі ретінде
қалыптасып келе жатқаны белгілі.
Жобалауды дайындау және құрастыру кәсіби мәдениеттерде пайда
болған таңбалар түрлері–теориялар, модельдер, түсініктер, ұғымдар,
формулалар мен алгоритмдер негізінде жасалады. Бұлардың барлығын
ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық бұқаралық қарым–
қатынас саласында, басқару мен экономика саласында, ақпараттық қызмет
көрсету мен білім беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан –
Достарыңызбен бөлісу: