2-семинар. Әлеуметтік жобалау және әлеуметтік-педагогикалық
жобалау Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»атты мақаласы
контексінде.
Бүгінде әлеуметтік басқару, әлеуметтік жоспарлау, әлеуметтік және
ұйымдастырушылық үрдістер мен құрылымдарды құрастыру және жобалау,
дизайнерлік және архитектуралық жобалаулар топтарының тәжірибелері
қалыптасып, жедел дамуда. Олардың басты ерекшелігі-бір жағынан, ондағы
объектілер әлеуметтік тұрғыдан сипатталғанымен, екінші жағынан,
әрекеттердің
орындалу
стратегиялары
жүйелік-
техникалық,
квазиинженерлік және жобалық сипатта орындалады.
Осындай ғылыми ізденістерде пайда болған жаңа бағыттарды
әлеуметтік құрастырулар деп атау шартты түрде деуге болады, өйткені,
әлеуметтік зерттеулер көмегімен біз әлеуметтік объект туралы біле аламыз,
әлеуметтік құрастыру (модельдеу) оның даму бағытарын айқындап береді, ал
әлеуметтік жобалау оны жүйелік тұрғыда тиімді түрде қайта құру
жолдарын көрсетед. Олар әлеуметтік құрастырудың бірнеше принциптерін
белгілейді, олар, жоғарыда айтылған – алдын –ала талдау жасау, объектіге
жүйелі сипаттама беру, мақсат қою және оған жету жолдарын анықтау,
жүзеге асыру әрекеттері. Бұл жерде құрастыру идеясын көздейтін түйінді
сөздер де анықталған - «әлеуметтік зерттеулер», «болжау», «тиімді түрде
қайта құру», «жүйелік тұрғы». Осылайша, әлеуметтік инженерия саласын
құрайтын жаңа әрекет негізделіп, ол жалпы түрде «әлеуметтік жобалау» деп
көрсетіліп жүрсе де жаңа әрекеттің нақты атауы болған жоқ.
Жаңа атаудың қажеттігі сол кездегі қоғамдық санада пайда болған
жаңа құбылысты – ұйымдастыру әрекетіндегі инженерлік парадигманың
орнына келіп жатқан жобалау парадигмасын – «әлеуметтік құрастыру»
терминімен түсіндірудің жеткіліксіз болуынан еді. Сөйтіп, 70 - 80– жылдары
бұл әрекеттің жаңа атауы - «әлеуметтік жобалау» ретінде қалыптасты.
Әлеуметтік жобалау бір біріне теориялық қағидалары бойынша тығыз
байланысты екі бағытта дамуда, бірі –философияға негізделсе, екіншісі
әлеуметтану ғылымына сүйенеді. Олардың екеуіне де ортақ болып отырған
тұжырым - әлеуметтік жобалау әлеуметтік инженерияның бір түрі ретінде
өзекті әлеуметтік проблемаларды шешудің тиімді құралы ретінде қызмет
етуі қажет деп есептелуі.
Осылайша қарастыру арқылы әлеуметтік жобалаудың мәнін өз
қайшылықтары, проблемалары мен дағдарыстары бар қалыптасқан қоғамдық
тәжірибе емес, алға мақсат қылып қойылған, таңдап алынған идеалды деп
есептелетін тәжірибе деп түсіндіреді.
Т.М.Дридзенің айтуынша, «болжаулық, немесе проблемалық -
мақсаттық жобалау әлеуметтік –экономикалық даму мақсаттарына сай
болашақтағы әлеуметтік проблемаларды қолда бар ресурстарды ескере
отырып шешу жолдарын жасауға бағытталған әлеуметтік технологияға
жатады. Жобалаудың мақсаты – басқарушылық шешімді алдын -ала ғылыми
негіздеу...». Автор сонымен қатар, аталған технологияның ғылым мен
тәжірибеде сол кезде терең қарастырылмағанын «үш бөліктен тұратын -
болжау - жобалау – бағдарлама, немесе жоспарлау - басқару жүйесінде
ортаңғы бөліктің, яғни әлеуметтік жобалау бөлігінің болмауынан» деп
түсіндіреді, - өйткені дәл «сол бөлікте әлеуметтік үдерістерді басқарудың
тиімділігін арттыратын ғылыми негіздемелердің үлкен резерві жатыр» дейді.
Жобалаудың осы сипаттары әлеуметтік басқаруды ғылыми негіздеумен
тығыз байланысты әлеуметтік проблемалар мен міндеттерді шешуге
Достарыңызбен бөлісу: |