айтқанда, «тәжірибе» дегеніміз – бұл белгілі бір әрекет немесе құбылыс,
әсерін тигізеді, ал кейбірі адамның бір нәрсеге үйренуі, сезінуі сияқты
«Рефлексия» ұғымы педагогикалық әрекеттерде соңғы жылдары
қолданыла бастады. Бірақ олардың көбінде «ойлану, еске түсіру» ұғымдары
ретінде түсіндіріледі. Рефлексия - әрекеттердің, оқиғаның болған ретін еске
түсіру ғана емес, олай болу себебі мен мағынасын анықтау әрекеті.
Ал, мағынаны түсіндірудің өзі түрліше болатындықтан,
рефлексия да түрліше болады. Бұл жерде болып жатқан оқиғаға
рефлексиялық көзқарасты қалыптастыру да маңызды.
Жобалау әрекетіндегі рефлексиялық көзқарас сол жобаның негізгі
мағынасын тани білуді қажет етеді. Жобаның негізгі мағынасын құрайтын
элементтер – жобалау идеясы мен іске асыруының байланыстылығы немесе
мақсат пен нәтиженің бірлігі. Бұл байланыстар іс - әрекет туралы шешім
қабылдау, оны орындау құралдарын таңдау, жобалау кезеңдерін құру, топ
ішінде міндеттерді бөлісу жұмыстарынан тұрады. Осылардың барлығы да
рефлексияның пәні ретінде қарастырылады.
Эмоциялық тұрғыдан алғанда рефлексияны «тас - талқан» қылып
талдау, «шашып тастау» деген сөз тіркестерін білдірсе, рационалистік
тұрғыда – «жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктерін анықтау» деуге
келеді. Төмендегі 13- суретте көрсетілгендей, әрбір бөліктің өзінде бірнеше
нұсқалар жатыр, ал, таңдап алған нұсқа нәтижеге қаншалықты тиімді әсер
етті, басқаша болса нәтижеге қалай әсер етеді, одан нәтиже өзгере ме,
мерзімі қысқара ма, өнім барлық талапқа сай ма? Міне, осы сұрақтар арқылы
рефлексиялық көзқарас анықталады.
Мақсат
қою
Жоба
кезеңдері
Нәтиже,
өнім
13- сурет
Жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктері
Рефлексияның мәні - жобаны қорыту емес. Ол, біріншіден, жобалау
барысын түгел талдайды; екіншіден, жобаның тәжірибеге айналуына ықпал
етеді, жобаны бағалауға негіз болады.
Рефлексия бақылау арқылы жасалады. Жобаның бақылау барысында
негізге алынатын дайын үлгісі болмайтындықтан, рефлексияның іске
кірісетін жері – проблеманың пайда болуы. Бұл педагогтың жұмысы,
өйткені, оқушылар проблеманы байқамайды, не қиынсынып басқа оңай іске
ауысып кетуі мүмкін. Педагог осы жағдайларды қадағалай отырып,
рефлексия пайда болатын жерлерді белгілейді.
Тәжірибеге айналған, аяқталған жоба, болашақ жобаларға негіз
болады, ондағы проблемалар алдағы жобаларда ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: