ұйымдастыру. Жобалауды басқарушылардың құзыреттіліктерін
дамыту» деп аталатын модуль мұғалімдер тәжірибесі үшін өте қажетті
әдістемелік-нұсқаулық түрінде жазылды деуге де болады, онда атынан
көрініп тұрғандай, жобалау әрекетін мектеп оқушыларымен жүргізудің нақты
әдістемесі, ерекшеліктері, бағалау жолдары берілді.
Жобалаудың күтілетін нәтижені алдын ала болжауды және оған
қажетті барлық ресурстарды мақсатқа сай ұйымдастыруды қажет ететін
ерекшеліктері болғандықтан, оны арнайы дайындығы жоқ адамдарға жүзеге
асыру қиын болатыны белгілі. Тәжірибеден белгілі, жобалау әрекетін жоба
жетекшілері ретінде мақсатты түрде арнайы дайындалған педагогтар мен
басшы қызметкерлер ғана тиімді ұйымдастыра алады. Сондықтан, оқулыққа
«Жобалауды басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту» деген бесінші
бөлім ендіріліп, онда білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтардың
жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін
беріп отырмыз.
Курстың
мазмұны
педагогикалық
мамандықтар
бойынша
бакалавриаттың 5В010300 - «Педагогика және психология», 5В012300 -
«Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандықтары бойынша және
магистратураның барлық педагогикалық мамандықтары бойынша білім беру
стандарттарындағы кәсіби пәндер циклының таңдау компоненттеріне
қойылатын әдістемелік талаптарға сәйкес құрылды. Бұл бүгінгі таңда педагог
кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша жобалау технологиясын білім
беруде пайдалануға мүмкіндік береді деп есептейміз.
Тағы бір құрылымдық және мазмұндық ерекшелігі- курстың аталған
мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасына ғана емес, жоғары оқу
орындарындағы кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына да сәйкестендіріліп
жасалуы. Оның бөлімдері мазмұны мен әр бөлім соңында берілген
тапсырмалар білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік
береді. Білім нәтижелерін бағалау аралас түрде жүзеге асырылғаны дұрыс
болады дейміз, өйткені, курстағы теориялық мәселелер бойынша студенттер
білімдері тест сұрақтары түрінде бағаланса, жобалаудың әдістемесі,
технологиясы - ауызша емтихан, жоба дайындау және оны қорғау түрінде
ұйымдастырылуы қажет. Осыған байланысты сұрақтар мен тапсырмалар
жүйесін әр тақырып бойынша және тест сұрақтары мен жоба жасау үшін
қосымша материалдарды курс соңында ұсынып отырмыз.
Сонымен қатар, бұл кешен білім берудің жаңа нәтижелерін
ұйымдастырушылық және адам ресурстарын дамыту тұрғысынан
қамтамасыз ететін педагогикалық жобалаудың теориясы мен технологиясы
туралы мемлекеттік тілде жазылған бірден бір кешен ретіне педагогтар мен
білім беру ұйымдары басшыларына да құнды боларына сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |