Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді



Pdf көрінісі
бет170/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   315
Байланысты:
лекция

Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді. Онда білім 

беру кеңістігі оқу жобасының құрылымына байланысты таңдалады. 

-  жоба  идеясы  оқу  процесінде,  немесе  басқа  да  ситуацияларда 

пайда болуы мүмкін; 

-  жобаны  орындаудың  өзі  кластағы  сабақтан  тыс,  жобаның 

мазмұнына  сай  орында  атқарылады.  Мысалы:  зертхана, 

кітапхана, интернет – класс, т.б. 

-  жобаның  нәтижесін  презентациялау.  Бұл  жобаның  мазмұнына 

сәйкес  арнайы  тематикалық  сабақ,  не  мереке,  конференция, 

фестиваль, т.б. 

Бұлардың  барлығы  да  алдын  ала  жоспарлау  арқылы  орындалады. 

Мысалы,  бастауышта  1  –  2  күн  бұрын  жоспарланса,  5  –  6  сыныпта  2  апта 

айналасында (мысалы, бір пән көлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 

сыныпта – 1 тоқсан, одан да көп мерзімдік жобалар ұсынуға болады. 

 

Оқушылардың  жоспарлай  білу  қабілеттерін  дамытылуын  неден 



көруге болатынын қарастырайық. Олар: 

Шығармашылық  тапсырманың,  жобаның  тематикасы  оны  орындау 

мүмкіндігін ескере отырып жасалуы; 

Оқушы (топ): 

-  тақырыпты  таңдамас  бұрын  оның  нәтижелерін  дайындайтын 

уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды; 

-  тапсырманы  орындау  кезеңдерін  анықтайды,  оның  уақытын, 

орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі; 

-  тапсырманың  кейбір  бөліктерінен  мүмкіндікке  қарай  бас  тарта 

алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.); 




Осылайша,  міндеттерді  орындаудан  –  оның  кезеңдерін  жоспарлау, 

бағдарлама  жасау,  қолда  бар  ресурстарды  игеру  сияқты  жұмыстар 

жалғастырылады. 

 

Білім  беру  барысындағы  құрылымда  оқушылар  төмендегі 



жұмыстарды орындайды: 

-  тақырып таңдайды; 

-  жұмысты орындау жолдарын таңдайды; 

-  жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін жоспарлайды; 

-  жоба өнімін жасайды; 

-  қорытынды 

өнімнің 

нәтижелерін 

көрсетудің 

түрлерін 

анықтайды; 

Жобалаудың  әрбір  кезеңіндегі  әрекеттерін  оқушылар  өздері  құруы 

тиіс, әр кезеңнің басталғанын көрсететін «белгі» де тұруы керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет