Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


-дәріс.  Жобалаудың  теориялық  негіздері.  Педагогикалық



Pdf көрінісі
бет18/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   315
Байланысты:
лекция

2-дәріс. 

Жобалаудың  теориялық  негіздері.  Педагогикалық 

жобалаудың негізгі ұғымдары.   

2.1. Жобалаудың теориялық негіздері. 

2.2. Педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары.   

 

2.1. Жобалаудың теориялық негіздері. 


Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология 

ғылымдарының  әдіснамасында  орын  ала  бастауы  оны  гуманитарлық 

тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі ғылыми әдебиеттерде жобалау – 

«алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау 

қызметі»  деп  түсіндіріледі,  бұл  жерде  ең  маңызды  нәрсе  –  бір  нәрсенің 

болашақ  сипаты  туралы,  оның  қолжетімдігі  туралы  мақсаттық  -

құндылықтық ұстаным болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің 

қалыпты  шеңберінен    шыға  алуы  –  трансценденттенуі  –  ойлау  қызметінің 



дамытушылық  функциясы  іске  асырылады.  Жобалаудың  осы  тұрғыдан 

алғанда төмендегі қызметтерін атап көрсетуге болады: 



−нәтижелік өнім ретінде  белгілі бір жобаны орындаудың мақсатына 

сай нәтижелік көрсеткішін бере алады; 

−  қоршаған  ортаны  не  белгілі  бір  объектіні  зерттеудің,  немесе 

жаңартудың ғылыми-тәжірибелік әдісі бола алады;  

−  технологиялық  мәдениетке  тән  инновациялар  тудырудың  бір  түрі 

ретінде қолданылады



− басқару әрекетінде ұйымды дамыту қызметін атқара алады. 

Жобалаудағы  жүйелік  тұрғы  жаратылыстану  ғылымының  танымдық 

парадигмасынан пайда болды. Әлеуметтік тұрғыдан қарастыру жобалаудың 

адам  қызметінің  қазіргі  заманға  тән  конфликтілері  мен  белгісіздік 

жағдайындағы  ситуацияларды  шешуді  көздейтін  жобалаудың  жаңа 

тұжырымдамасын жасауға негіз болды. Сонымен қатар, қоғамдық санадағы 

әлеуметтік  көзқарастың  болуы  «әлеуметтік  жоспарлаудың»,  «әлеуметтік 

құрастырудың»,  «әлеуметтік  басқарудың»  негізіне  адам  әрекеттері  алынып, 

оның барлық әлеуметтік қызметтердің объектісі болуына ықпал етті.  

Жобалау тарихы техникалық саладан бастау алатыны, басқа салаларға 

одан кейін көше бастағаны белгілі. В.М. Розин оның эмпирикалық сипатын 

анықтай отырып, жобалаудың «құрастыру» ісіне қатысты екенін, «бұйымды» 

алдын  -    ала  кескіндеу  және  оның  нобайы  мен  детальдарын  дәл  есептеу 

арқылы  жасалатынын  атап  өтеді.  Ал  «құрастыру»  әрекетінің  бірте  -  бірте 

жетілдірілуі мен дамуына орай, жоспарлау мен дәлдік есептеулерге қатысты 

семиотикалық  және  ойлау  әрекеттері  де  күрделене  бастады,  бірақ  алғашқы 

жобалау  әрекеттерінің  ерекшелігі  олардың  ішкі  үрдістер  сипатында  болуы 

еді.  Жобалаудың  өз  алдына  бөлек  салаға  айналуы  оның  «үлгісін 

құрастырушылар» 

мен 


«бұйымды 

жасаушылардың» 

әрекеттерінің 

бөлінуінен басталды. В.М.Розин «құрастыруды» өзара байланысты төмендегі 

бөліктерге:1) интеллектуалдық (семиотикалық) құрастыру (жобалаудың өзі), 

және  2)  бұйымды  жобаға  сай  жасау  (жобаны  жүзеге  асыру)  әрекеттеріне 

бөліп  қарастырды.  Мысалы,  педагогикада  жобалау  қызметінің    «идеядан  –

соңғы  нәтижеге  дейінгі»  толық  цикл  жобаны  таңдау,  құрастыру  ғана  емес, 

идея  берушілер  мен  жобаны  құрастырушылардың  жобаны  тәжірибеге 

ендіруге  де  тікелей  араласатын  болғандықтан,      педагогикадағы  жобалау 

қызметінің  құрылымы  күрделірек  болады.  Оны  инновациялық  жобалау 

тәжірибесінен айқын көруге болады. 




Жобалаудың  ғылыми  негізіне  «жоба»,  «жобалау»,  «жобалық», 

«жобалаушылық»  сияқты  осы  ұғымнан  туындайтын  түсініктер  алынады. 

«Жобалау»  –  (орыс  тілінде  «проектирование»),  латынның  projektus  –  алға  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет