Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет180/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   315
Байланысты:
лекция

Жобалау  әрекетінің  өнімі.  Жобаның  өнімі  –  жалпы  жобалаудың 

маңызды сипаттамаларының бірі. Осы жерде жобаның практикалық әрекетті 

ұйымдастырудың білім берудегі жобадан айырмашылығы айқын көрінеді. 

Кез  –  келген  жобалау  әрекетінің  мақсаты  –  белгілі  бір  деңгейде 

қалыптасқан  жағдайды  жаңарту,  жаңғырту,  өзгерту.  Ал  қалыптасқан 

жағдайды  өзгерту,  қайта  құру  үшін  әуелі  ол  талданады,  мән  –  мағынасы 

ажыратылады,  ондағы  «даму  нүктелері»  анықталып,  кейбір  жобалық  іс  - 

әрекеттер жасалады, сөйтіп, қалыптасқан жағдайға өзгерістер енгізіледі. 

Осыған  орай,  стратегия  таңдау  –  жобаның  маңызды  көлігі.  Ал  жоба 

орындалғаннан  кейін,  бұрынғы  қалыптасқан  жағдайдың  қаншалықты 

өзгергенін  тексеруге  болады.  Мысалы,  жолдың  кептелісін  болдырмаудың 

амалы ретінде қосымша жол салуға да, көшедегі көлік қозғалысын азайтуға 

да, көлік иелеріне де айыппұл салуға т.б болады. Бірақ ол үшін қолданған іс - 

әрекеттердің  тиімділігін  көрсететін  қосымша  жолда,  көлік  санын  азайтуда 

емес,  жолдың  кептелісінің  азаюы  болар  еді.  Яғни,  жобалаудың  бұл  жердегі 

өнімі көрсетілген жолдағы жағдайдың жақсаруы. 

Оқушыларды ұйымдастыру көбіне бұдан басқаша болып келеді. Онда 

қоғамдағы  белгілі  бір  жағдайды  өзгерту  қаралмайды,  өйткені,  мектептегі 

жобалар шартты түрде, ойын түрінде, оқу түрінде ұйымдастырылады. 

Осыған  байланысты  мектепте  жобаларды  зерттеушілік  деп,  эскизді 

презантациялау деп, рефераттық жұмыс деп немесе мектептен тыс қоғамдық 

жұмыс  ретінде  қарастырылады.  Сонымен  қатар,  жобалау  өнімі  ретінде 

материалдық  деуге  келмейтін  өнім  –  оқушының  бойындағы  –өзгерістерді, 

оның белгілі бір деңгейдегі авторға айналуы болып табылады. 

Жасөспірім  шақта  оқушыларда  тән  «өзін  ұқсастыру»  (иденттену, 

иденттілікті ұғыну) қалыптаса бастайды. Бұл  – бұрынырақ кезеңде, кішірек 

жастарда оқушыларға көптеген сұрақтарына жауап беруге, өзінің кім екенін 

тануға  рухани  әңгімелеуге  құштарлық  болса,  өсе  келе  бала  өзінің  «кім 

екендігін»  зерттей бастайды. Ұқсастықты  қалыптастыру  –  адамның өзін өзі 

тану үрдісі. 

Ұқсастыру,  теңестіру  екі  түрлі  жағдайда  орын  алады  –  уақыттың 

өлшемде  және  рольдік  ситуацияларда.  Біріншісі,  уақыттың  өлшемдегі 

теңестіруді  уақыт  кеңістігіндегі  сабақтастық  өткенді,  қазіргі  кезеңді  және 

болашақтың  байланыстылығы  қамтамасыз  етсе,  екіншісі,  рольдік 




ситуациядағы теңестіруді адамның өз өміріндегі түрлі жағдайда әрекет етсе 

де өзіндік бейнесін жоғалтпай ұстай алады. 

 

Жобалау әрекетіне қатысты алатын болсақ, оған қатыса отырып, 



әрбір  жасөспірім  өз  мүмкіндіктерін  дамыта  алады.    Олар  үйрене  келе 

жобалауды  өз  қабілеттеріне  сай  ұйымдастырып,  өзін  анықтау,  өмірдегі  өз 

жолын  табуға  да  мүмкіндік  алады.  Ал  өздері  қол  жеткізген  өкімді  өз 

қабілеттерімен,  өздерінің  жаңа  сапасымен  теңестіре  білу  –  оқушылардың 

шын  мәнінде  дамудың  келесі  деңгейіне  өте  алғанын  көрсетеді.  Бұл  жерде 

жасалған жоба – оқушыларды дамыту құралына айналды. 

 

Шығармашылық  ізденістері  арқылы  оқушылар  өзінің  жаңа 



сапаларын  аша  алуын  да  жобалау  арқылы  алынған  өнім,  жоба  өнімі  болып 

табылады. 

 

Осылайша  жобаның  шынайы  нәтижесі  оқушылардың  пән 



бойынша,  кластан  тыс,  т.б  жасалған  зерттеулері,  модельдері,  құрылымдары 

ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, олардың жаңа тұлға ретінде игерген 

жаңа  құзіреттіліктері  мен  қабілеттері,  адами  құндылықтары  болып 

табылады. 

 

Шынына  келгенде,  жобалау  әрекеттерін  ұйымдастырудың 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет