бар проблеманы шешу барысында нақты нәтиже алуға бағытталған
прогматикалық түсінікті білдіреді.
Жобалау барысында алынған нәтиже көзбен көруге, мағынасын
ұғынуға, тәжірибеде қолдануға болатындығымен ерекшеленді. Осы нәтижені
алу үшін оқушыларды өз бетімен ойлауға, проблеманы көре білуге және
шеше білуге, түрлі салалардан алған білімдерін қолдана білуге, нәтижені
алдын – ала болжай білуге және оның салдарын ажырата алуға үйрету қажет.
Зерттеушілер атап өткендей, қазіргі оқуда жобалау әрекеті
кеңінен таралмаған әдіс, оны шешудің негізгі жолы – жобаларды таңдау
және оны сан алуан шығармашылық жұмыстарда жүйелі түрде қолдану.
Жоба әдісі оқушылардың өз бетіндік әрекеттеріне (жекелеген не
жұппен, не топпен белгілі бір уақыт ішінде орындалатын) бағытталады.
Сондай – ақ, жобалау әдісі белгілі бір проблеманы шешуді
көздесе, проблеманы шешу, бір жағынан, оқытудың түрлі әдістері мен
түрлерін қолдану арқылы, екінші жағынан, оқушылардың білімнің түрлі
салаларын интеграциялау арқылы шығармашылық әрекеттерін қажет етеді.
Орындалған жоба нәтижесі өзінің мақсатына сай болуы тиіс, атап
айтқанда, егер теориялық проблема болса – оның нақты теориялық шешімі,
ал практикалық проблема болса – қолдануға болатын даяр нәтижесі болуы
шарт. Жобалау әдісі жеке орындалса да, топпен орындалса да белгілі бір
жүйемен орындалады, оның мәні: әдіс ретінде бірнеше оқу – танымдық
амалдар мен тәсілдердің жиынтығы болуы тиіс, оқушылардың өз бетіндік
әрекетін ұйымдастыруға негізделуі тиіс, нақты нәтиже алуды көздеуі және
оны міндетті түрде презентациялауы тиіс.
Жобалау әдісі өзінің мазмұны жағынан еркін әрекеттерді, ашық
оқытуды, тәжірибеге бағытталуды қажет ететін проблемалық оқытуға ұқсаса
екені белгілі. Бұл әдісті орынды пайдаланған жағдайда дәстүрлі оқытуды
өмірмен байланыстыру тұрғысынан тиімді екені сөзсіз. Сондай – ақ, бұл –
оқушылардың өз бетімен білім алуына ықпал ететін бірден бір әдіс.
Жобалаудың түсініктік кеңістігіндегі маңызды қабілет –
Достарыңызбен бөлісу: