IV. Бақылау -бағалау кезеңі
Мақсаты: Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудағы
күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау.
Мазмұны:
1.Педагогикалық
ұжымның
инновациялық
дамытудың
қорытындыларын бағалау көрсеткіштері:
– Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;
– Жаңалықтарды меңгеруге даярлығы;
– Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;
– Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;
– Өзара қарым қатынастарының деңгейі.
2. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудан күтілетін
деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктердің себептерін
анықтау
3. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытуды одан әрі
жалғастыру бағдарламасын жасау.
Берілген параметрлер мен өлшемдер бойынша педагогикалық
ұжымның жобалау қызметі нәтижесіндегі көрсеткіштерді салыстыру арқылы
күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтауға
болады. Ол үшін педагогикалық ұжымда жүргізілген сауалнамалар мен
құрастырылған жобалардың нәтижелері жинақталады. Сонымен қатар,
олардың өлшемдері түрліше болғанымен, нәтижесін есептеудің коэфициенті
зерттеу қорытындыларын жүйелеу үшін өзара сәйкестендірілді.
Нәтижелік көрсеткіштер төмендегі бағалар бойынша анықталады:
Мысалы, толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес – 2 балл, сәйкес емес – 1
балл. Жобаның сәйкестік формуласы: К = Кф : Км. Аталған нәтижелерді
бағалауда төмендегі коэфициенттік көрсеткіштер пайдаланылады: өте
төмен – К < 0,45; төмен– 0,45 < К < 0,65; жеткілікті– 0,65 < К < 0,85;
қажетті – К > 0,85.
Осы коэфициенттердің әр ұжым бойынша мақсаттық бағдарлы
жобалардан бұрынғы және одан кейінгі көрсеткіштері тәжірибелік
эксперимент барысында эксперименттік және бақылау топтарында
анықталып, салыстырылады.
Жобаны ұйымдастыру және жүзеге асыру ұжымның басқа мүшелеріне
түрткі болатын «белсенді топтар» құруды қажет етеді және олар уақытша
жұмыс топтары ретінде ұйымдастырылып, белгілі бір жобалау қызметі
аяқталғанда таратылуы тиіс деген тұжырымы дәлелденді. Ол жобаның
тиімділігі оның өлшемдері арқылы, педагогикалық ұжымның белгілі бір
жетістіктерінің көрсеткіштері негізінде дәледеніп, оын ұйым тәжірибесіне
ендіру аяқталған соң, шығармашылық топ таратылды.
Жобалауды ұйымдастыру барысында педагогикалық жүйені басқару
Достарыңызбен бөлісу: |