т.б. дамыту үшін, ең әуелі, жүйенің стратегиялық мақсатқа сай күтілетін
Екінші шарт, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін жоба
жетекшілерінің (басшылардың, педагогтардың, білім алушылардың)
құзыреттіліктерін дамытуға ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыру
арқылы мүмкіндіктер жасалуы керек. Бұлар арнайы ұйымдастырылып,
тұрақты түрде қызмет істейтін семинарлар, немесе, оқу-тәжірибелік алаңдар
мен зертханаларды ұйымдастыру арқылы мүмкін болады
Үшінші шарт, кез келген деңгейдегі жобалау әрекетрін ұйымдастыру
жаңа идеялар тудыратын және ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын
«белсенді топтар» құруды қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары
ретінде ұйымдастырылып, белгілі бір жоба аяқталғанда таратылуы тиіс.
Төртінші шарты, педагогикалық жүйені басқаруды жобалау қызметі
қатаң құрылымданбаған матрицалық, немесе иерархиялық – матрицалық
болуын талап етеді, өйткені, мақсатты бағдарлы жобалау технологиясы
құрылымы иерархиялыққа бағытталмайды, тұтастық пен жүйелікке
негізделеді және қозғалмалы болады, яғни, әртүрлі деңгейлердегі жобалар
уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілу мүмкін.
Аталған шарттардың орындалуы педагогикалық жүйенің жаңа
сапасын, бірлесіп үйрену мен бірлесіп білім алуға бағытталған қарым –
қатынастар мен құрылымдарды дамытатын, қатысушылардың субъектілік
позицияларын қалыптастыратын, мақсат қою және оны жүзеге асырудағы
жаңа әрекеттерді тудыратын тиімді басқару тетігі – жобалаудың тиімді
ұйымдастырылуына негіз болады.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері(жұмыс жоспары). Кіріспе
бөліміндегі нақтыланған міндеттерді орындау белгілі бір іс -әрекеттерді
логикалық сабақтастықпен, белгілі бір мерзімде жүзеге асыруды, қажетті
ресурстарды әр кезеңге бөлуді, ірбір кезеңнің күтілетін нәтижесін белгілеуді,
адамдар арасында жауапкершілікті бөлісуді талап етеді. Жобаның әр
кезеңіндегі іс -әрекеттер нақты жоспарланады, қатаң қадағаланады. Сөйтіп,
бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан өткізу
орындалады. Нәтижесі –білім беру жүйесінің жаңа сапаға өткендігін назарға
алу.
Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр кезеңнің
нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру. Мониторинг екі түрлі мақсатты
көздейді. Біріншіден, қойылған мақсат – міндеттердің қаншалықты тиімді
орындалып жатқанын бақылау, екіншіден, жобаны жүзеге асыру барысында
қажеттілікке сай өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін ақпараттар жинақтау,
яғни, жобаның тиімділігіне баға беріп, уақытында түзетулер ендіріп отыру.
Бұл жерде бағалануы мүмкін параметрлер:
Жұмыстың ұйымға, әлеуметтік ортаға, адамдарға ықпалын анықтау
(мысалы, жоба болмаса қалай болар еді);
Ресурстардың тиімділігін анықтау (олардың қол жеткен нәтижелерге
сәйкестігі);
Өткізілген шаралардың тиімділігін анықтау? Олар мақсатына жетті ме,
жасалған еңбек пен шыққан шығын күтілетін нәтижені берді ме?