білім алу троекториясын жасауға, жобалауға мүмкіндік береді. Бастауышта
ешуақытта оқу әрекетінен тыс болмайды және ол жалпы мектепшілік
жұмыстарда бөлек ұйымдастырылмайды, бірлескен әрекет арқылы
орындалады. Бұл жалпы тәрбие жұмысына тиімді ықпал етеді. Мысалы:
1 – кезең: пәндік білімдер оқу барысында қалыптасады;
2 – кезең: олар оқу жобасының құралына, ресурсына айналады;
3 – кезең: одан жобаны орындау оқушының өз бетіндік оқу –
тәжірибелік әрекеттеріне негіз болады;
Осылайша, оқу және жобалау әрекеттерінің өзара байланыс пен
бірлесе жүргізуі оқушының өз бетімен оқу – тәжірибелік жұмыстарын
ұйымдастыруға, қалыптастыруға негіз болады.
Білім берудің тұтастығы принципі оқу және жобалау әрекетінің
жоспарланған нәтижесін қамтамасыз етеді. Егер жобалау оқудан тыс болса
білім нәтижелері қалыптасуы мүмкін емес. Осы себепті жобалауды оқыту
процесіне ендіру қажет, ол оқушылардың әрекеттерінің екі полюсін
көрсетеді.
оқу – жобалық;
өз бетімен, еркін – регламенттелген;
бағаланады – бағаланбайды;
еркін – қадағаланады;
авторлық – нормативтік;
сынаулық – нәтижелік;
Бастауыш мектепте бұл қарама – қайшылықтар тек көріне бастайды,
олар оқытудың кеңістігіне, түріне, қарым – қатынасқа өзгерістер енгізіле
бастағаннан көрінеді. Негізгі мектепте оқушы көптеген дамытушылықтық,
өз бетіндік әрекеттерге пәндер арқылы емес, өзінің танымдық әрекеттері
арқылы өзін, өз мүмкіндіктерін аша бастайды. Аталған қарама –
қайшылықтың бір түрінен екінші бір түріне өту барысында оқушы көптеген
оқу – танымдық әдіс – тәсілдер мен олардың түрлерін таңдай, түсіне алады,
қажеттікке қарай қолдана бастайды. Олардың барысында өз бетіндік
әрекеттерге үйренеді.
Негізгі мектепте алған өз әрекеттерін таңдай білу, өзгелермен қарым –
қатынасқа түсе білу тәжірибесі жоғары сыныптарда өз әрекеттерін қойылған
мақсатқа байланысты ұйымдастыра біледі, жоспарлай алады және жүзеге
асырады.
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта оқушылардың өз бетімен жұмыс
жасауға мүмкіндік беретін бағыттар анықталады. Сондай – ақ оқушылар
міндетті, нормаланған және еркін, өз бетімен жасалатын жұмыстарды
ажырата алады және өз бетіндік әрекеттерін ұйымдастыра алады.
Негізгі мектептің ерекшелігіне сай оқушылар оқу пәндері және
сыныптан тыс жұмыстарда өз бетіндік әрекеттерін қалыптасқан жағдайына
сай ұйымдастыра алады, бұндай әрекеттердің жиынтығы оқу – тәжірибелік
жұмысында өз бетімен жұмыс әрекет істей алуын қалыптастырады.
Жоғары кластарда оқушы өз әрекеттерін, өздерінің оқу міндеттерін
өздері ұйымдастыра алатын болады. Ол сабақтан, мектептен тыс
жұмыстарды да қамтиды.
Негізгі мектептің күтілетін нәтижелерінің орындалуы оқушының
мектеп бітіру факті емес, негізгі мектепті нәтижелі бітірудің көрсеткіші –
олардың жоғары сыныпқа барғанда бұдан бұрын алған білімі жоғары
сыныптағы оқыту – тәжірибелік міндеттерді шешудің құралы бола алуы
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: