Жобалаудың
білім
берудің
жаңа
нәтижелерін
қалыптастырудағы ролі
Бүгінде посткеңестік кеңістікте ғана емес, батыстың алдыңғы қатарлы
дамыған елдерінде де білім беру жүйесін жаңғырту өзекті мәселеге айналып
отырғаны белгілі. Зерттеушілердің айтуынша, экономикалық дамудың жаңа
факторы ретінде инновациялық үдеріспен бірге өрлеп келе жатқан
білімділікке сұраныс қалыптасуда, бұл экономика әлемде білімділік
экономикасы деп аталуда. Европалық Экономикалық бірлесу және даму
ұйымының
(ОЭСР)
көптеген
елдерде
жүргізген
зерттеулері
қорытындысында білім саласы «білім индустриясына» айналуы тиіс дей
отырып, «білім беру жүйесінің өзі де білім алуы, одан әрі дамуы керек»,
өйткені, «білім нәтижелерін жақсарту үшін жүйелердің өздері тиімді»
болуы қажеттігі атап айтылған. Европаның табысты болуының кілті –
білімдар экономикаға тікелей байланыстылығы көптеген талдаулар арқылы
дәлелденген.
Халықаралық
ұйымдар,
соның
ішінде,
Европалық
білім
қауымдастықтары да жаңа білім парадигмасының білім беру нәтижесіне
бағдарлылық мазмұнын алға қоюда. Мысалы, біздің еліміз толық мүшесі
болып қабылданған Болон процесі барлық деңгейлердегі білім беру
ұйымындағы оқытудың қалыптасқан нәтижелері – білім, білік, дағдыға –
қоса құзіреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып
отырған жаңа қажеттік деп бағалайды.
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, құзіреттілік
сапаларының болуын қажет ететін тенденциялар қазіргі заманның «білім алу
заманына» айналып келе жатқанын көрсетеді. Соған сай білім үрдісінде
«білім беруден – білім алуға», «оқытудан – оқуға» көшу парадигмасы білім
беру жүйесі ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. Олар: білім
беру мақсатын, күтілетін нәтижелерін нақтылау; білім беру процесін басқару
әдістері мен технологияларын жаңарту, білім мазмұны мен білім беру
үрдісін ұйымдастырушылық – ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Біздің еліміздің білім беру саясатын айқындайтын «Қазақстан
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы» және басқа да құжаттарындағы білім беру
жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы
нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды:
біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың
білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-
қатынасын өзгерту; екіншіден – ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін
халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын,
қабілеті мол азаматтар қалыптастыру; үшіншіден – білім, ғылым және
инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық
әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін
арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа
«технологиялық толқын» талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету
мақсаттарын көздейді. Соған сай, білім беруді жаңғырту, оны
қаржыландыруды тұрақты түрде арттыру арқылы 2020 жылдарға қарай білім
берудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін жаңа жүйені қалыптастыру
міндеттері нақтыланды.
Осы міндеттер бүгінгі таңда еліміздің білім беру мазмұны мен
нәтижелерін жаңартуды қажет етеді. Адам капиталын дамытуды көздейтін
жаңа экономикалық қатынастардың нығаюы мен әлемдік өркениетке
ықпалдасу үдерісі білім берудің құндылықтарын жаңғыртуға ықпал етуде.
Білім саласындағы жаңа құндылықтар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттарының барлық буындарына арналған мазмұнында
айқындалған. Ондағы негізгі өзгерістер білім берудің жаңа нәтижелері
ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастыру белгіленуінде.
Мысалы, 2008-2009 жылдары талдауға ұсынылған Жалпы орта
білім беру
стандартының 5 бөлімінде орта білім беру мақсаты – «білім алушылардың
түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық
қабылеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда
шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын
қамтамасыз ету» деп сипатталған. Аталған құжаттың 5.5 бөлімдегі «базалық
білім мазмұны және әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік
Достарыңызбен бөлісу: |