дәрістер. Мәдениет ұғымы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата11.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#113543
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1-дәріс Мәдениет ұғымы және құрылымы



Дәріскер: 
дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, 
мәдениеттану магистрі Есболова Молдир Ауелтаевна
Мәдениеттану пәні бойынша 1- дәріс 
Мәдениет ұғымы және құрылымы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


Мәдениет дегеніміз не?
"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең.
Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының
көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы
мен
әрекетінің
нәтижесінде
туындаған
құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Немесе
мәдениет дегеніміз – табиғат объектісіндегі
адамның
әрекеті
арқылы
жасалатын
өзгерістер.
Бұл
сөзде
адам
еңбегінің
ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен
байланыстылығы,
адамның
және
оның
қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен
«мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды,
адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп
атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды
белгілері, түсінігі көрсетілді.


Мәдениет - жеке адамның өзіне тән қасиеттерінен 
басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ұлттық сана, 
дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық 
байлықтың бәрін қамтитын күрделі ұғым. 
Мәдениетті жасайтын және оны тұтынатын – адам. 
Сондықтан мәдениет, ең алдымен адам әлемі ретінде 
саналады. Өйткені мәдениеттің қандай түрі 
болмасын онда адамның ақыл-ойы, парасаты, 
наным-сенімі, дүниетанымы, эстетикалық талғамы 
заттандырылып, материалдық және рухани игіліктер 
көрініс тауып отырады.


Мәдениеттің шығу тарихы
Алғаш рет әдебиетте «культура» термині Римнің атақты философы әрі
шешені Цицеронның (б.д.д. 45 ж.) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде
кездеседі.
Оның этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау»
деген
сөздерден
шығады. Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу)
ретінде қолданылды. Ал, Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы
мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін қолданды. Цицерон
философияның
адам
өміріне ықпал жасау әдістерді қарастыруды
мақұл көрді. Тек осымен
антикалық азаматтарды дайындау, ессіз
баладан
ер
адамдық
деңгейге
дейін
қалыптасу
жағдайлары
сипатталады. Гректер бүл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен
белгіледі.Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада: біріншісі тікелей
тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді, білімділікті ағартушылықты,
мәдениетті анықтайды. Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше
тұлға етіп айқындалған құндылықты қалыптастырды. Мәдениеттің
мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық сезімнің
әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен
әділеттілікті қарастыруға жол ашу.


Мәдениет деген сөз қазақ тіліне араб
тілінен енген. О баста арабтың маданият
деген сөзі “қала”, “қалалық” деген
ұғымды
білдірген.
Көне
заманда
мәдениет “жерді өңдеу” деген ұғымды
білдірген.
Кейінірек
Цицеронның
еңбектерінде (б.з.д. 45 ж.) бұл сөздің
мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру”
деген ұғымда жұмсалады. Уақыт өте
келе Европада мәдениет сөзі “білім
беру”,
“даму”,
“қабілеттілік”,
“құрметттеу”
сияқты
мағыналарда
қолданыла бастайды.


Мәдениеттану туралы түсінік беру үшін алдымен осы мәдениет
сөзінің этимологиясын, яғни шығу тегін түсіну керек.
Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық, деген
сөзінен енген.
Осы “мәдениет” термині мен мағыналас “культура” термині де кең
қолданысқа ие.
“Культура” термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу 
деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, 
Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы 
тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдіреді. Бірте-
бірте еуропалық тілдерде культура сөзі “білім беру”, “даму”, 
“қабілеттілік” , “құрметтеу”, деген сияқты мағыналарға ие 
бола бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет