ХVIII- ХIX ғасырдың мәдениеті
Жоспар:
ХVIII--ХIX ғасырдың мәдениеті
Реализм, Натурализм, Капитализм бағыттары
XIX ғ. XX аралығындағы мәнениет дағдарысы
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезенде буржуазиялық өркениет кемелдену шағында аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңінде басырынан кешіреді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ұлы ойшылдары:
О, Шпенглер, Й. Хейзинга, Х . Ортега – и - Гассет және т.б XIX ғасыр, мәдениеті – бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты. Олар – рационализм, анторпоцентризм, сцентизм, еуроцентризм және т.б болды. Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы: Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі, Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі және Ұлы Француз революсиясы ерекше ықпал етті. Дәлірек айтқанда бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет – пернесі адамзат тағдырының өзгерістеріне ұшырауына тығыз байланысты болды.Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар. демократия, тәжіриебелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атаумызға болады, ал бұл фактор осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларында еркін ене бастады.
Еркше атап өтетін бір жайт, ХХ ғ. етек алғаг «сауықтық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бастаған болатын.Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жаппай шығара бастады. XIX ғ. өнерінің тарихына қысқаша тоқталып өтсек: бұл ғасырдағы өердің дамуындағы екі кезеңді ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты.
Бірінші кезең, декаданс (құлдырау деген мағынаны береді).XIX ғ. 50 ж. бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін созылады. Осы бір «революциялық дәуірдің» әрбір қоғамдық оқиғасы халықтың творчествалық қиялын оятты, өнер саяси мазмұнға ие болды.
Романдықтар өздері өмір сүрген қоғамды сынай отырып, бұл ортадан безене қашады. Мұндай көңілі толмаушылық қасиетпен болмыстан «қашушылықтың» үш бағыты болды:
Бірінші бағыт, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көңіл - күй күйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізшіліктің идеасы болып есептеледі. Сондықтан болар романдиктер қалаларды өткір сыңға алып, қарапайым ауыл адамдарын ерекше дәректеді.
Екінші бағыт, өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерде романдиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасыр кезеңін, оның өмір – салты мен салт – дәстүрлерін (В. Скоттың рыцарьлық рмандары, Вагнердің опералары және т.б )
Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан- дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романдиктер өз шығармаларында бұл дүниенің карама- қайшылықтарын шындық тұрғысынан көрсетуге баса назар аударды.
Реализм, Натурализм, Капитализм бағыттары
Романтизмен қатар XIX ғ ортасында қарай реализм ағымы да өзіндік бет – бейнесін таныта бастады. Реализмнің қалыптасуы капиталистік қарым- қатнастардың белең алуымен тығыз байланысты болды. Мұндай өзара тәуелділікті кездейсоқ жағдай деп қарастыруға болмайды, өйткені капитализм жағдайында әлеуметтік қайшылықтар асқынып, қоғамның бет – бейнесі, әдет саяси ғұрыптары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Реалистер де, романдиктер де адамның руани дүниесіне ерекше назар аударды, оларға тарихи сана- сезім, халық мүдделерді өте жақын болды.
Англияда реалистік ағымның қалыптасуы өнеркәсіп төңкерісіне тікелей байланысты болды, өз кезегінде өнеркәсіп төңкерісі халықтың және ірі өнеркәсіп орындарының ірі қалаларға шоқырлануна және жаратылыстану ғылымдарының дамуына жол ашып берді.
Германияда реалистік бағыт, кейінен , яғни XIX ғ. аяғында қалыптаса бастады.(Менцельдіің кескіндемесі) Оның басты себебі – елдің экономикалық даму жағынан артта қалуына байланысты буржуазиялық даму жолына өте кеш түсуі еді.
Капитализмнің өзіне тән сипаты – заттық тәуекелікке негізделген жеке адамның тәуелсіздігі мәселесі де реалистік ағымы назарынан тыс қалмады. Реализм бұл тәуелділік ж\үйесін әлеуметтік тұрғысынан қарастырады.
XIX ғ. 80 ж реализм негізінде жаңа бағыт – натурализм ағайынды (Гонкур. А. Додэ, Э. Золя және т.б ) пайда болды. Натурализм позитивизммен Г. Спенсер және Ч. Дарвиннің эволюйиялық теориясымен тығыз байланыста қалыптасады. Натурализм адамдық мән мен өмір сүрудің мағынасын биологиялық себептермен байланыстыра қарастырып, адам тағдырымен мінез- құлқының қалыптасу құрларын ашып көрсетуге әрекет жасайды.
XIX ғ 50 ж Еуропа өнері декаданс дәуіріе бастан кешірді. Декаданс
( «құлдырау деген мағынаны береді») өзінің қалыптасу кезеңінде реализмнің түрлі бағыттары мен байланысты болды, сондықтан да болар бұл қарама – қайшылықтарға толы күрделі ағым болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |