Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе


Антика дәуірінің мәдениеті



бет9/18
Дата07.05.2023
өлшемі161,52 Kb.
#90804
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
madeniettanu darister

Антика дәуірінің мәдениеті.

Жоспар

1.Антика дәуірінің мәдениеті.
2.Грек поэзиясы: Гомер, Гесиод.
3.Грек трагедиясы және театры(Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан)
Антика дәуірінің мәдениеті. «Антик- (көне,ежелгі)»деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген,бұл терминді италян-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. «Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер. Олар өздерін «Эллиндер»;ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті б.з.б.1мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры б.з.V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталады. Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр,оның бастауында б.з.д.III-II мыңжылдықтарда Грекия жері Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бүлағы болды, сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Батыс дегенде есімізге ежелгі Грек елі түседі. «Гректер-дейді Гегель,-біз өзімізді үйде жүргендей сезінеміз». «Біз әлемге грек сөзімен қараймыз және олардың сөз тіркестерімен сөйлейміз»-деген Якоб Бурхгарт. Грек және Рим өркениеттерін Ұлы Шығыс мәдениеттерінсіз қарастыруға болмайды. Тіпті, Грек өркениетінің бастапқы түрі Крит-Миной мәдениеті үнді-еуропалық халықтар Элладаға қоныс аударғанға дейін қалыптасқан.
Антикалық өркениетті төрт кезеңге бөледі:
Крит-Миной мәдениеті (б.з.б.XX-XVғ.ғ.);
Ежелгі Эллада мәдениеті (б.з.б.XV-Vғ.ғ.);
Классикалық Грек мәдениеті (б.з.б.V-Vбз.ғ.);
Эллинистік мәдениет (б.з.б.IV-Vғ.ғ.);

Антикалық өркениеттің әр кезеңінің өзіндік ерекшеліктері бар. Егер Крит-Миной мәдениетін алсақ, онда оның Жерорта теңіздік мәдениеттерімен үндестігін байқаймыз (египеттік, хеттік, шумерлік т.б.). Крит аралығындағы алып сарайлар, монументалдық өнер, сына жазу осыған куә. Кейбір зерттеушілер Миной өркениетін Атлантидалық болжамдық мәдениеттің мұрагері деп есептейді. Антикалық өркениетте мәдениетті адам деп төмендегідей талаптарға сәйкес тұлғаларды айтқан.


полистік (қала-мемлекет)-қоғамның азат мүшесі, эллин ретінде халқын және өз-өзін қадірлеу сезімі жоғары деңгейде;
ол жас кезінен атлеттік-гимнастикалық, мускалық(өнерлік)және паядеялық (білімділік) толық тәрбие алған.
ол Гомерді жатқа біледі, яғни ата-бабаларын құрметтейдіжәне театрға үзбей барады.
Грек поэзиясы: Гомер, Гесиод. Ежелгі Грекия мәдениетінің ұлы Гомер кезеңі. Олай деп аталуы, бұл дәуір туралы басты деректердің негізгі көзі-б.з.д.VIIIғ.туған «Иллиада» мен «Одиссея» дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады. «Одиссея» поэмасында б.д.д.XIIIғасырда өткен Троя соғысын және поэманың басты кейіпкерлерінің бірі Одиссейдің еліне қайтқан жорығы кезінде бастан кешкен таңғажайып оқиғаларын баяндайды. Ал «Иллиада» поэмасында гректердің троянцтермен, Трои қаласын алудағы 10жылдық соғысының соңғы жылдардағы жағдайлары жазылған. Гомер дәуірі грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне әсер етті. Архаикалық кезеңде шоқтығы биік ақын-Гесиод болды. Ол жазған «Теогония» (құдайлардың шығу тегі жөнінде) және автордың өзінің өмір жолына арнаған «Еңбектер мен күндер» атты дастандары-гректердің көңілінен шықты.
Атақты Грек мифтері антика кезінде қалыптасты. Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен табиғат бір-бірінен бөлінбеген, олардың арасында үйлесімдік бар(кейінірек грек философиясында ол макрокосмос пен микрокосмостың гармониялық тұтастығы идеясы болып қалыптасты.). Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатумен байланысты. Мысалы, Гео-жер, Уран-аспан, Океан-мұхит, Прометей-адамға от сыйлаған. Афины-ақылдылықтың кепілі.
Грек трагедиясы және театры (Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан).Архаикалық кезеңде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Бұл жерде ең алдымен ұлы грек трагедиктері Эсхил, Еврипид, Софоклдың, комедиограф Аристофан, мүсінші Фидий т.б. есімдерін атап өткен жөн. Трагедия деген сөз-«ешкілер әні» деген мағына береді. Ол ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтерінің есімімен тығыз байланысты болды. Трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана- сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырадыКлассикалық грек трагедиясының негізін салушы-ұлы Эсхил (525-456ж.) болды. Эсхилге дейінгі кейіпкерлерді бір актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Эсхил трагедияларында шындық, әділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары, азаматтардың рақымшылығы мен адамгершілігі, сүйіспеншілігі басты орынға шықты. «Құрсаулы Прометей» трагедиясында басты тақырып патриотизм мен рақымшылық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры айқын жазылады.
Адам тағдыры мәселесі грек трагедиясының дарынды өкілі Софоклдың(б.з.д.497- 406) шығармашылығында жалғасын тапты. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын трагедиясы күні бүгінге дейін әлем сахналарынан түспеуі көп нәрсені аңғартады.
Б.з.д.480-406ж. аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін салды. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне әкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.
Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының өкілі- Аристофан(б.з.д.445-385жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Оның «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата»,т.б комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды.
Грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған. Грек театрлары ашық аспан астында ұйымдастырылған, оның орхестра(хор алаңы), скена(актерлер үйі) тәрізді бөліктері болған. Актерлер (тек ер адамдар) өз ойындарында маскалар қолданған. Б.з.д.IVғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты.
Ертедегі грек философиясының микрокосмос пен макрокомос арасындағы үйлесімділік, сан алуандылықтың түпкі негізі (субстраты мен субстанциясы), әлемді айқындаушы Логос идеясы және себептілік пен қажеттіліктің абсолюттігі, адам бүкіл шындықтың өлшемі, дүние туралы қағидалары тек Батыс дүниетанымына емес, сонымен бірге бүкіл адамдық парасатқа өзінің түбегейлі әсерін тигізді.
Александр Македонскийдің дүниежүзілік империясында эллинизм түріндегі грек мәдениетін сол жердегі барлық өркениеттер жоғары үлгі ретінде қабылдады. Кейін империясы да эллинистік негізде өркендеді. Эллинизмнің аяғы-орта ғасырлардың басы. Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі грек философиясы. Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ пен Платон, Аристотель мен Эпикур өздерінің терең философиялық жүйелері арқылы бүкіладамдық ойлау, оның дүниетанымынжоғары деңгейге көтерді.

Глоссарий
Грекия және Рим мәдениеттері

Акрополь

Грекияның сәулет (архитектуралық) ескерткіші



Гедонизм



Рахаттану, эвдемонизм-бақыт, катарсис-қайғылы тазалану, агон-жарыс,полис-қала-мемлекет, калокагатия-дене және адамгершілік үндестігі бірлігі.

Гомер




«Иллиада», «Одиссея» поэмаларының авторы



«Декамерон» авторы

Д. Бокачо



Ежелгі Рим мәдениетінің қайнаркөзі

Этрусс мәдениеті

Катарсис



Жаны ашушылық пен үрей арқылы тазару

Мимесис

Ұқсау, еліктеу

Олимпиадалық ойындар



Зевс құдайына, сондай-ақ Юпитер, Юнона, Минерваға арналды

«Трагедиялардың әкесі»

Эсхил



Пайдейя

Грек тілінде «мәдениет»

Риторика

Сөзбен сендіру өнері

Роман стилі



Римдік, барокко-көзге ұратын, өзгеше

Трагедия



Театр жанры ретінде Грекияда дүниеге келген

Фемида



Заң атқару құдайы, Янус-екі жүзді құдай

Цицерон



Римдік қызыл сөз шебері, философ, император

«Этос»

Әдет-ғұрып

«Калокагатия»

Жан мен тәннің жетілуі

Қолданылған әдебиеттер
«Мәдениеттану», В. Тимошинов, Алматы 2008ж;
«Мәдениеттану негіздері»,Т.Х.Ғабитов, М.Ш.Өмірбекова, Алматы 2003ж;
«Мәдениеттану»,Т.Ғабитов,Ж.Мүтәліпов,А.Құлсариева,2006ж
«Мәдениеттану», Ш. Нағымұлы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет