Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе



бет2/17
Дата07.01.2022
өлшемі111,33 Kb.
#20840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
2.Мәдениет пен өркениет

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердерімізге бірінші түсетін ұғым – өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің - «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасындағы ең түбегейлісі – мәдени әрекет. Әрекеттену – жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.

Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.

Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардың, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.

Қоғамдық – әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағғы негізгі мәселе – адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін бастыілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады.

Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі – оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.

Адам – табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғарғы үлгісі екендігі күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.


Глоссарий

Аксиология – құндылықтар теориясы

Акультурация – бір мәдениеттің екіншісіне сіңіп кету үрдісі

Антропосоциогенез – әлеуметтік – мәдениетті адамның пайда болуы мен дамуы

Адам – заттық ортаны өзгертуге қабілетті және өзінен тыс ой мен қол арқылы жасайтын биологиялық түр.

Әдемі – адамның сыртқы бейнесін, заттар мен құбылыстардың әсемдігін айқындайтын түсінік.

Болмыс – адам санасына тәуелді емес объективті ақиқат, тіршіліктің көрінісі.

Білім – адам санасындағы ақиқаттың бейнесі, елес, сенім, сезімге қарама қайшы.

Ғалам – әлемде барлық заттар мен құбылыстардың жиынтығы.

Ғылым – әлемді танудың теориялық және қолданбалы жиынтығы.

Жан – адам ішіндегі ерекше күш, оның санадан тыс әлемі, психикасы.

Жекетұлға – адамның ой-санасы, оның әлемдегі орны, адамның жеке басының психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Идеализм – Ой-сананың бірінші екендігі, материя, табиғаттың біріншіден туындайтын туралы философиялық ілім.

Космос – әлем реттелген біртұтас ретінде, Универсум (күн жүйесі), аспан, табиғат.

Құдай – адамның абстрактылы, абсолюттік бастамасы, физикалық және адамгершіліктің алғашқы себепшісі.

Құран – мұсылмандардың дін ілімінін бастауы.

Маргиналдық – әлеуметтік топтар арасындағы адамның шекарасы, екі мәдениеттің арасындағы тұйықталу, психологиялық ауытқушылық.

Мәдениет – тәрбие, білім, табиғатты шығармашылық өзгерту, адамның жеке бастауы.

Мемлекет – қоғамды басқару, әлеуметтік қарсыластарын тұншықтыру институты.

Миф – құдайлар мен кейіпкерлердің істері туралы аңыз, әлем суреті, ертегілер.

Неке – қоғам құптау жасаған еркек пен әйелдің арақатынас түрі.

Религия – көзқарас, басқару әдісі, адамдардың мінез-құлқын реттеп отыру.

Сенім – өмірлік көзқарас, құдайға дәлелдеуге, ой-санаға сынға алуға болмайтын догмаларға, психологиялық жағынан құдайға деген сенім.

Символ – бір нәрсені білдіретін белгі.

Таным – білім алудың үрдісі.

Теология – дін ілімі, Құдайдың негізі туралы діни доктриналардың жиынтығы.

Тұрмыс – өндірістік емес әлеуметтік өмірдің сферасы, күнделікті әдет-дағды.

Тіл – сөйлесу, ақпаратты сақтау мен берудің сферасы, күнделікті әдет-дағды.


Қолданылған әдебиеттер:

«Мәдениеттану» Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева.

«Мәдениеттану» В.Тимошинов.
Мәдениент туралы түсінік

«Мәдениет дегеніміз не?»- деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік.Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген.Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікке байланысты.Ортағасырлық дәуір мәдениетінің негізгі құндылығы құдай еді.Орта ғасырлардың сәулет өнері мен мүсін өнерін «Тастағы інжіл» деседе болады.Қайта өрлеу дәуірінде мүлде жаңа таным қалыптасты.Адамға, адам жанына терең үңіліп, адамды дүниені, сұлулықты, өзін- өзі құрушы деп есептей бастады.Мәдениет- тек адам қллымен түлеген табиғат қана емес, ол адамның өзін қайта жасаушы да. «Білім- күш»- дейді Бэкон. «Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүремін» деп жариялайды Р.Декарт.

Мәдениеттану- жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени үрдістердің объективтік заңдылықтары, тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай- ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның мәні.Мәдениеттану ғылымы зерттейтін ең негізгі мәселелегдің біріне дүниежүзілік мәдениеттің теория мен тарихы жатады.Мәдениет дегеніміз ( латын тілінде cultura- өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау)- адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.Мәдениет ұғымын ежелгі заман оқымыстыларының шығармаларынан кездестіруге болады. Ежелгі қала – Полисте мәдениет ұғымы- есі кірмеген баланы естияр азамакт,мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін тәрбиелеудің құралы тұрғысынан қарастырылса, орта ғасырларда мәдениет ұғымы бірте- бірте философиялықмағынаға ие бола бастады.Мәдениет көп түрлі, оның салалары сан алуан: адамзат мәдениеті, әр түрлі дәуірлер мәдениеті( ежелгі заман, орта ғасырлар, қайта өрлеу, т.с.с.), әр түрлі елдер мен ұлттардыңмәдениеті,діни мәдениет, әр түрлі әлеуметтікжәне кәсіби топтардың мәдениеті( шаруалар, қалалық, ауылдық).Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді.Ерте замандарда- ақ мәдениетті адам қызметінің нәтижесі деп санаған.Грек ойшылы Демокриттің пікірінше, мәдениетті жасаушы- адам.Ол табиғатқа еліктеп, өз қажеттілігін қанағаттандыра отырып мәдениетті жасайды.Ежелгі грек мәдениеті мәдени дәстүрлердің бейнесіне айналған аңыздарды сыйлады, сонымен қатар Батыс Еуропа елдеріндегі ғылым мен техниканың дамуының негізін қалады. «Мәдениеттің классикалық үлгісі» ұғымы мәдениетті адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі., адазат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым- қатынастарының қол жеткен дәрежесі деп қарастырады.Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет,құқық, философия және т.б) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірбиесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды.

Адам өзінің дамуында ұзақ , соқтықпалы, соқпаоы жолдан өтті.Адамзат тарихының мыңдаған жылдарға созылған қзақ кезеңі алғашқы қауымдық құрылысқа келеді.Дүниені көркемдік тұрғыдан танып білу, ақырында, саналы адамның қалыптасуына септігін тигізді.Дүниемен танысу стихиялы түрде жүрді, әрбір ұғымның артында тірі әрекет, бейне тұрды. Осы кезеңде көркемөнер ескерткіштері пайда болды.Жер шарының әр жерлерінен, оның ішінде Қазақстанда адамдармен жануарлардың (мамонт, бизон, бұғы, т.б) суреттері табылды.Алғашқы қауымдық құрылыстың кейінгі кезеңдері – мезолит пен неолитте алғашқы металл құралдар қолданыла бастады.Аңшылық, балықшылықпен қатар, адам егіншілік және малшылықпен айналыса бастады.Алғашқы қауымдық құрылыстың көркемөнерідің одан әрі дамуына негіз болды.Ежелгі Мысырдың, Шумердің, Иранның, Үндістанның, Қытайдың мәдениеті алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің заңды халғасы еді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет