Үнді-будда мәдениет.
Жер шарындағы қасиетті де,құдіретті мәдениеттердің бірі-Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып,дамуымен тығыз байланысты болды.Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б.2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі-Ведаларды ала келіп,оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады.Ведалар дегеніміз-діни сарындағы дұғалардың,құрандардың,құрбандық шалу кезінде аылатын лердің,табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.Ең басты-упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан.Үнді-будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болады,XIX ғ.Веданта мәселерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада,ал XX ғ.Р.Тагор,тіпті мемлекет қайраткері Д.Нерудің өзі де айналысқан.Б.з.б.VI ғ.үнді елінде,кейіннен дүниежүзілік дінге айналған,будда діні қалыптаса бастады.Оның негізін қалаушы ханзада,кшатрийлер варнасына жататын Будда болды.Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады.Оның негізін қалаушы-Махавира болды.Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келді.Оның біріншісі-махаяна,Бирма мен Тайландта,ал екінші тармағы-хинаяна Цейлонда қалыптасты.Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді.
Шығыстағы ежелгі өркениеттер.Қосөзен.Шумер
XIX ғ. Соңы ширегінде Тигр және Ефрат өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесинде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып,Әлемге Шумер өркениеті деген жаңа мәдениет белгілі болды.Жер бетінде алғаш өркениетті қауым,іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндегідей өте жоғары болды.Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып,бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса,ал Қос өзен бойында Шумер,Аккад,Вавилон,Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұры.Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті.Шумер мемлекетінің мәден жетістіктері орасан зор болды.Қос өзеннің байырғы тұрғындары-шумерлердің діни наным-сенімдері де,мифологиясы да жан-жақты дамыған.Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды.Б.з.б.ІІ мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшасының тұсында Вавилон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді.Иран өркениетінің тірегі-зороастризм діні болды.ОЛ мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қолдау тапты.Зороастризм тек қана діни наным-сенім жүйесі ғана емес,сонымен қатар философиялық,дүниетанымдық жүйе болып табылады.Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштраның өмірі мен ілімі туралы ғылымда әр түрлі пікірлер қалыптасқан.Зороастризмнің қасиетті кітабы-әдеби және мәдени жәдігер Авеста.
Глоссарий
Сяо-ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсету.
Ли- ритуал,салт,этикет.
Ян- төбенің және өзен жағасының көленкелі мен күнгейі дегенді білдіреді.
Ци-пісіп жатқан күріштің буы.
Дао- дұрыс жол,адамгершіліктің заңы.
Брахман-абсолютті шындық,руханилылық.
Веданта-брахманизмде ерекше орын алады тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылар бар.
Санкхья-материалдық дүниені де,рухани дүниені де мойындайды.
Ньяя-логика заңдарына сүйенеді.
Вайшешика-адам өміріне пайдалы шыңдықтың алты түрін көрсетеді.
Индуизм-бір-бірінен тәуелсіз бірнеше діни наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым.
Вишну-адамдардың адал қамқоршысы,көмекшісі.
Шива-қатал да,қорқынышты құдай.
Драхман-будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі.
Артха-адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі іс-әрекеттердің нормалары.
Кама-адамның көңіл-күйінің талаптарын қанағаттандыру құндылықтарын анықтайды.
Мокша-торығып-түңілуден,жалғыздықтан қалай құтылу жайындағы ілім.
Қолданылған әдебиеттер:
Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева «Мәдениеттану».
Т.Х.Ғабитов, М.Ш.Өмірбекова, Алматы 2003ж; «Мәдениеттану негіздері»,
Маданов Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы».
Ш. Нағымұлы «Мәдениеттану».
В. Тимошинов «Мәдениеттану».
Достарыңызбен бөлісу: |