дәрістер Статистикалық физиканың негіздері


Қайтымды және қайтымсыз процесстер



бет18/21
Дата26.12.2022
өлшемі0,9 Mb.
#59697
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дәріс №1-15

1. Қайтымды және қайтымсыз процесстер.
Процесс тек қана тепе-теңдік күйден құралса, ондай процессті тепе-теңдік процесі деп атайды. Процесс бірінші күйден екінші күйге тепе-теңдік процесі арқылы ауысса және керісінше екінші күйден бірінші күйге сол күйлер арқылы тепе-теңдік күйлері арқылы ауысса, ондай процестер қайтымды процесс деп аталынады. Айтылған шарттар орындалмаса, ондай процестер қайтымсыз процесс болады. Қайтымды процесс – абстракциялы ұғым. Реалды жағдайда қайтымды процесстер орындалмайды. Бірақ қайтымды процесске жуық процессті жүргізуге болады. Қайтымды процессті сипаттау оңай болғандықтан, қайтымды процесстерді талдаймыз. Қайтымды процесстерге мысал ретінде адиабаталық процессті аламыз.
Қысым. Берілген жүйе тепе-теңдік күйде орналастты делік. Оның энтропиясы максималь мәніне жеткенде тұрақты болады, яғни S → S max = const.
Физикада күшті жүйенің энергиясы арқылы келесі теңдеумен анықтайды:
F= -  (1)
Теңдеудің оң жағын  шамасымен көбейтеміз:
F= - 
F= -  (2)
dv= (3)
F= - 
p =  = - 
немесе
p = -  

(4) формуладағы энтропияның тұрақтылығы жүйенің тепе-теңдік күйде орналасқанын көрсетеді.


Термодинамикалық теңбе-теңдік
Термодинамикалық теңбе-теңдік - статистикалық физикада кең қолданылатын қолданыс. Термодинамикалық теңбе-теңдік дифференциалдық түрде анықталады. Статистикалық жүйе берілсін.Жүйенің энергиясы Е әрпімен белгіленеді.Энергия Е көлем V және энтропия S бойынша анықталатын функция болып табылады.
E = E (5)
dE = (6)
 формуланы түрлендіру үшін температура T =  (7) мен қысым P= (8) бойынша анықтамаларын қолданамыз:
dE = T*dS - p*dV (9)
 - термодинамикалық теңбе – теңдік қатынасы . Осы қатынас тепе-теңдік күйінде орналасқан жүйелерге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет