Дәрістер тезисі


Аймақтар дамуның (дамымауының) негізгі себепт



бет104/114
Дата18.03.2022
өлшемі0,57 Mb.
#28391
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   114
Аймақтар дамуның (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.

Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:



  • еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы;

  • аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

  • аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

  • инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

  • елдің экономикалық даму тенденциясы;

  • тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

  • институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ;

  • орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;

  • әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

  • орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

  • орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет