Механика – механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және осы қозғалысты тудыратын немесе өзгертетін себептерді зерттейтін физиканың бір бөлігі. Механикалық қозғалыс
Механика – механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және осы қозғалысты тудыратын немесе өзгертетін себептерді зерттейтін физиканың бір бөлігі.
Механикалық қозғалыс – денелердің немесе олардың бөліктерінің өзара орналасуының уақыт бойынша өзгеруі.
Механика үш бөлікке бөлінеді: статика, кинематика және динамика.
Кинематика (гректің kinema – қозғалыс деген сөзінен шыққан) денелердің қозғалысын олардың массасын және оларға әсер ететін күштерді есепке алмай зерттейтін механиканың бөлімі.
Динамика (грек тілінен dynamis – күш) денелердің қозғалысын осы қозғалысты анықтайтын себептерге байланысты зерттейді.
Санақ жүйесі – қозғалыс зерттелетін денеге қатысты координаталар жүйесі мен сағаттардың жиынтығы.