Дәрістер тезисі



бет93/114
Дата18.03.2022
өлшемі0,57 Mb.
#28391
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114
Банктердің функциялары:

  1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

  2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

  3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

  • орталық эмиссиялық,

  • коммерциялық депозиттік, инвестициялық,

  • жинақ,

  • арнайы бағытағы банктер.

Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

  • І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

  • ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:

  1. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

  2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

  • мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

  • Қазақстан республикасының ақша несие жүйесін басқару;

  • Қазақстан республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

  • Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

  • Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

  • ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

  • Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

  • Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет