Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
Салымдар жинап, несие беру;
Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;
Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;
Несие беруде делдалдық қызмет атқару;
Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.
Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі – Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар.
Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады.
Валюта жүиесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.
Достарыңызбен бөлісу: |