Python тіліндегі функциялар мен процедуралар. Функцияларды құру. Функциялармен жұмыс. Процедура мен функцияны қолданып бағдарлама құру. Функцияны анықтау үшін define - анықтау сөзінен қысқартылып алынған def сөзі пайдаланылады. Одан кейін функцияның аты, дөңгелек жақшаның ішіне функция параметрлері үтір арқылы жазылады.
Функция қосалқы программа болғандықтан, оны негізгі программада пайдаланғанға дейін анықтау керек. Функцияны анықтағаннан кейін оны программада стандартты функция тәрізді шақыра беруге болады. Функция негізгі программада атауы бойынша шақырылады, функция атынан кейін оның параметрлері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Басқа программалау тілдеріндегі тәрізді Python тілінде функцияда пайдаланылатын айнымалылар ауқымды және жергілікті айнымалылар болып бөлінеді.
Негізгі программада сипатталған (бейнеленген) атау, негізгі және қосалқы программада да (функцияларда да) пайдаланыла алады. Мұндай атаулар ортақ (глобальды) айнымалылар деп аталады. Қосалқы программада хабарланған айнымалылар тек сол қосалқы программада ғана пайдаланылады. Мұндай айнымалыларды жергілікті (локальды) айнымалылар деп атайды.
Функцияның мәнін есептеу үшін библиотекадан math функциясы шақырылады. Мұндағы х және у айнымалылары ортақ (глобальды) айнымалылар, өйткені ол негізгі программада да, функцияда да пайдаланылып отыр.
Сонымен, ортақ (глобальды) айнымалылар дегеніміз – функциядан тыс, негізгі программада сипатталған айнымалылар. Жергілікті айнымалылар тек функцияның ішінде ғана пайдаланылады, ол негізгі программада немесе басқа функцияларда шақырылмайды. Функцияның параметрлері дегеніміз – жергілікті айнымалылар, ол тек сол функцияның шеңберінде ғана шақырылады.
11 дәріс
Файлдармен жұмыс. Файлды ашу және жабу. Файлдан деректерді оқу. Мәліметтерді файлға жазу. Файлдармен жұмыс істеудің қосымша әдістері Python тілінде файлдармен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған, ол орнатылған негізгі объектілер типіне жатады. Файл дегеніміз – тұрақты есте сақтау құрылғысының атау берілген бөлігі. Файлдармен жұмыс істеуді операциялық жүйе басқарады. Әрбір файл үшін объект құрылып, файлмен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, файл компьютердің есте сақтау құрылғыларының (винчестер, флеш диск және т.б.) кез келген бөлігіне орналасуы мүмкін. Кез келген файлдың атауы болады, ол толық немесе қысқартылған адреспен көрсетілуі мүмкін. Файлдың адресі толық болған жағдайда, ол файлға баратын толық маршрутты қамтиды: - файл орналасқан есте сақтау құрылғысы (С немесе D дискісі болуы мүмкін); - кері слэш (\) арқылы бөлінген каталогтар тізімі (жоғары деңгейден төменгі деңгейді қамтитын).
Қысқартылған адрес тікелей файлдың тек атын ғана көрсетеді. Python тілінде жазылған программалардың бәрі бір папкада болса, сол папка атауы мен файл аты көрсетіледі.
r Файлдан тек оқу үшін w Файлға тек жазу үшін. Егер көрсетілген атаумен файл табылмаса, сол атаумен жаңа файл құрады. rb Файлдан тек оқу үшін пайдаланылады (бинарлық файлға арналған) wb Файлға тек жазу үшінпайдаланылады және бинарлық файлға арналған. Егер көрсетілген атаумен файл табылмаса, сол атаумен жаңа файл құрады. r+ Файлдан оқу және жазу үшін пайдаланылады. rb+ Файлдан оқу және жазу үшін пайдаланылады (бинарлық файлға арналған) w+ Файлды оқу және жазу үшін пайдаланылады. Егер көрсетілген атаумен файл табылмаса, сол атаумен жазу үшін жаңа файл құрады wb+ Файлды оқу және жазу үшін пайдаланылады (бинарлық файл). Егер көрсетілген атаумен файл табылмаса, сол атаумен жазу үшін жаңа файл құрады а Файлды жаңа мазмұнды қосу үшін ашады. Егер көрсетілген атаумен файл табылмаса, сол атаумен жазу үшін жаңа файл құрады а+ Файлды жаңа мазмұнды қосу үшін ашады. Егер көрсетілген атаумен файл табылмаса, сол атаумен жазу және оқу үшін жаңа файл құрады
12-13 дәріс
Python: графика. Кітапханалар tkinter, график. Координаталар жүйесі. Түстерді басқару. Примитивтер (ең қарапайым фигуралар).