Ажар Алматы шаһарына арман қуып не жан тыныштығын іздеп келді. Бұл қаланы бұрындары көріп жүрсе де, бірақ бұл жолы бәрі ерекше. Өзі де білмеді, әйтеуір жай ғана болса да, бір қуаныш бойын кернеп тұр



Дата12.05.2023
өлшемі28,09 Kb.
#91946
Байланысты:
Тағы да бір оқиға


Тағы да бір оқиға...
Ажар Алматы шаһарына арман қуып не жан тыныштығын іздеп келді. Бұл қаланы бұрындары көріп жүрсе де, бірақ бұл жолы бәрі ерекше. Өзі де білмеді, әйтеуір жай ғана болса да, бір қуаныш бойын кернеп тұр. Бұл жолы, тіпті, қоғамдық көліктің өзі бір ерекші жылы лебізін білдіріп тұрғандай. Автобусқа міне салысымен, артқы бос орындардың біріне отырды. Болып жатқан жағдайлардың бәрі таңсық болған соң, алған әсері де бөлек болды. Әрбір өткен жерді бұрындары көрген болса да, бірінші көргендей мән беріп қарап отырды. Енді байқап қараса, әрбір автобустағы кіріп- шыққан адамдардың өз хикаясы, өз өмірі бар. Оны осы сұрақ қатты ойландырады. Қыз болғансынба, тағдырға келгенде Ажардың көңілі босаңқы еді. Автобуста кемінде жиырма адам болса, жиырмасының да тағдыры бір- бірімен тоғыспайды, бір- біріне мүлде ұқсамайды. Ойланып отырып терең ойға шұңғып кетіпті. 
Жүрек... Басқа дене мүшелеріне қарағанда, талабы аз болса да, ол ауырғанда көтеру өте қиын. Басқа дене мүшелерінің ауырғанын әрең дегенде көндігіп, ауырғанының басылғанын күтсең, ал жүрек... Түсініксіз. Ол тіпті ерке қыз десем де болады. Құдды бір үйдің кенжесінің қырсығуындай. Қалауындағысын ала қоймай, ешқашан ауруын қоймайды, солқылдайды кеп, солқылдайды. Ол жай ғана ауырса мейлі екен, керісінше өміріңді түбегейлі өзгертіп, көңіл- күйіңді құбылмалы қылып, өзіңді қоярға жер таппайтын жағдайға душар боласың, тәбетің де тартпай, жүрген бір құр сүлдері қалған тірі аруаққа айналасың. Жүрегінің қалауын орындайын десең де, қолынан келер шара жоқ. Бір бос отыра қалса, оның есіне үнемі тағдыр тәлкегіне түскен өмірі елестеп, көңіл- күйін астаң- кестең ететін. Қатал тағдырдың тәлкегіне түскен тағдырына өкпелеп, налыйын десе ендігі күші де қалмаған. Өзін- өзі алдап қайтеді, бір жыл артқа салып, есін енді жиғанның өзінде жүрегінің сыздауы әлі күнге байқалады... 
Ол күн өзі Ажардың жүрегінде алаң бар, ішінен бір дүниені сезгендей жабырқаулы... Далада қыстың қақаған бораны еді. Бірақ оны сезбеген Заман таңғы ас кезінде Ажардың түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмағанын біле отырып, Ажар оны білдірткісі келмесе де, ішінен оған қиындыққа түсіп жүргенін іштей сезіп жүр. Дәл сол сәтте бұйырғандай есіне екеуінің көптен қыдырмағаны сап етіп түсе кетті, ойластырылғандай көптен күткен демалыста келіп қалыпты. Жақсы емес пе, несі бар, сергіп қайтамыз Ажартай жаным жүрші енді деп иландыра бастады. Ажардың барғысы жоқ, оған салса үйде жұмыстарын бітіріп, құрсағындағы сәбимен әңгімелесе отырып, кешкімен кітап оқитын еді. Бірақ Заман айтқанынан қайтсын ба? Ажар да оған көндікпеске амалы жоқ екенін сезгендей, ақырын киініп, қамдана бастады. Енді Заман шыққанша асық, қызық, әйел адамның әсемденуі де уақыт емес пе деп Ажар да бұлданып әлек. Соның арасынша екеуі бір- біріне еркелей ренжісіп те, үлгеріп жүр. 
Осы бейқам кездері есіне түсіп, көзіне жас үйіріле бастады. Еңкілдеп жылап жіберейін десе, қоғамдық ортада отырғаны кедергі болып, өзін іштей әрең басты. Қой, Ажар мұның болмайды. Келмей жатып бұл қылығыңа жол болсын деп іштей өзін басуға тырысты.
Сол күн кешегі күндей көз алдында.
Асыға- үсіге екеуі үйден бір ерекше көтеріңкі көңіл күймен шықты. Ауа- райы да жақсарып, кешегі аяздың ізі де қалмаған. Бұл олардың көңілін одан ары көтерді. Заман Ажарға тезірек көлікке отыр, жаурап қаласың деумен болды. Заман тұрып «жүр кешкі ас ішіп қайтайық» десе, Ажарға бұл жақпай, сауда орталығына көңілі ауып тұрды. Әйел адамның еркелігіне еш бір жан қарсы шыға алмайды- ау, сірә. Екеуі жол бойы әңгіме айтып, осы уақытқа дейін болған қызықтарды естеріне түсіріп, студенттік кезеңдегі достарын айтып бір студенттік кезге қайта оралғандай сезініп отырды. Бір сәтте Ажар:
- Заман- ау мені алғаш көргендегі ойың қандай болды осы? Қызығы, осы уақытқа дейін сенен бұл жайлы сұрамаппын да ғой.
- Қызық екенсің! Оны қайтпекшісің? 
- Неге қызықпаймын? Айтшы енді,- деп Ажар еркелей жөнелді.
- Айтпасыма қоймайсың, иә? Ендеше, тыңда. Құжаттарды қабылдау бөлімінде құжаттармен үшінші күн миым ашып, көңіл- күйім түсіп отыр едім. Уақытқа қарап қалсам, түскі ас уақытының таяп қалуы да, көңіліме аз да болса бір жылу сыйлады. Таң атқалы нәр татпаған адамға керегі де осы емеспе, соңғы құжатты қабылдап болып, орынымнан тұра бергенде, бір қыз ағай, ағай деп жүгіріп келді. Көңілім су сепкендей басылып, басымды көтеріп қарасам, екі көзі ботаның көзіндей мөлдіреп бір қыз тұр. Жүрегім жібіп сала береді. – Ағай, кешіріңізші, түскі ас уақыты болып қойдыма?- деп еді, қайтіп аузым барып, түскі ас уақыты басталғалы қашан деп айтайын. Жо- жоқ, үлгересің,- дедім де қойдым. Жақсы болғаны ай, түстен кейін қайта ауылға қарай жолға шығуым керек еді, үлгермей қаламын ба деп қорқып едім,- деп күліп қоя берді. Түскі асты мен де ұмытып, есім ауысып сала бердім. Иә, ағай, құжаттарымды толық алып келдім,- деген сөзді естіп барып, иә,иә қане өткізе ғой,- деп қолымды создым. Құжаттарды қарап отырып, есімі деген жерде Ажар дегенді оқып, недеген аты затына сай қыз деп тағы бір таңданып алдым. – Ажар, мына қағазға жеке телефон нөмеріңді және қолыңды қойып, маған бере ғой. Қызық дауысым да өзгеріп, ерекше сыпайы болды да қалды. Құрысын, Заман, не сұмдық бұл соншалықты елжірегенің не деп іштей өзіме бір ұрысып алған да едім.
- Әй, қызығы- ай , сонда менің ойымда ондай дәнеңе де жоқ, бұйырып оқуға түсіп кетсем екен деп қана тұр едім.
- Ағай, енді болды ма? Тағы да келу керек болады ма? деп едің, енді көрмей қаламын ба деп қорыққанымнан, абдырап, не айтарымды білмей – Мүмкін. Біз алдын ала хабарласып, ескертетін боламыз. Әзірше алаңдамай ауылыңа қайта берсең болады,-деп күлдім. Бірдеңке деп жауап қайтаруға ұялғаныңды жымиғаныңнан отырып сезген едім. Бір сәтте орныңнан ұшып тұрып, ендеше сау болыңыз ағай деп тұрдың да, кете бардың. Сасқанымнан не дерімді де білмей, сол отырғанымнан түскі асты да ұмытып біраз отырдым. Сол сәттен кейін не болғаны, жұмыс күнінің қалай аяқталғаны да есіме бұлыңғыр болып сақталды да қалды. Одан кейін есімнен шықсаңшы, жаным- ау. Бар ойым енді көрмей қаламын ба деп уайымдаумен болды. Солай күндер өте, көзден кетсе- көңілден де кетеді болып, жәй бір естелік болып жадымның түбінде бір сақталып қала бердің. Уақыт өте байқаудың да жауаптары белгілі болды. Ары- бері құжаттың шаруасымен жүгіріп жүріп, оған мән беріп қараған мен жоқ. Уақыт өте берді, сөйтіп жүріп қазан айы болды. Көлігім өзі жарамай сынып жүрген еді, Құдайдың құтты күні тағы жолда қалдырып, автобусқа мінуіме тура келді. Жол ұзақ еді, азды- көпті бір сағат. Бос орындардың біріне отырып, жан- жағымды зерттей бастадым. Ішім пыса бастады. Бір мезетте бір таныс қыз автобусқа мінді де, менің жанымнан өте барып, артқы орындардың біріне отырды. Өзім ұнатқан Ажар екен. Қуандым ба, әлде таң қалдым ба білмеймін. Бірақ қорқыныш басым болған сияқты. Өйткені мен сені дәл бүгін көремін деп ойламаған едім, тіпті ендігі көремін деп те ойламаған едім. Не болса да көрейін енді деп, артқы орынға ауысып жаныңа келдім. Сен маған тіпті қарамадың да, қап енді қайтемін деп тұрғанда кешіріңіз өтіп кетсем болама деп, бүткіл жоспарымның парша паршасын шығардың емеспе?- деп екеуінің жүзіне күлкі үйірілді. 
- Сосын не ойладың? Тезірек айтшы енді.
- Сен шығып бара жатырсың, мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді. Екінші рет бақытымнан айырылып қалар жайым жоқ, орынымнан атып тұрып, артыңнан жүгіріп шықтым. Сені көзбен ары іздеп, бері іздеп алыс жақта жолдан өтіп бара жатқаныңды көріп қалдым. Ал, енді жүгір. Қырсыққанда бағдаршам да қызыл түсті жанды да қалды. Қап, сен болсаң кетіп барасың. Жоқ, бұлай болмайды деп,келе жатқан көліктерге қарамай, жолдан өте шықтым. Абырой болғанда, ешкім ашулана қоймады. Қуып жетіп, таныстықты бастадым. Ары қарай өзің де білесің ғой, жарығым.
- Қандай қызық бір сезім. Не істетпейді дейсің... Сол күні мен сол уақытта дәл сол қоғамдық көлікке мінбегенде, қазір бәрі басқаша болар еді. Ойласаң қорқынышты...
Бір қараса, екеуі сауда үйіне де жақындап қалған, уақыттың қалай тез өткенін байқамай да қалыпты. Ажар өзінің кино көргісі келетінін айтып, Заманды кинотеатрға ерте жөнелді. Екеудің тағы жыры бітпей, қандай фильм көретінін ұзағынан ақылдасты. Ұзағынан сауда орталығында жүріп қалай кештің батып та қалғанын байқамады. 
Бұлай қыдырмағалы біраз уақыт болып қалыпты. Екеуі де бой жазып, біраз сергіп қалды. Енді біраз уақыт естерінен шықпайтындай, бұл бір күн ерекеше әсерлерге толы болған. 
Ажар ойламайын десе ерік күші жете алмай, сол ойдың жетегінде кетіп бара жатыр. Естеліктер ешқашан өлмейді деген осы екен ғой...
Далаға шықса, сыртта қақаған аяз, тұман басып тұр. Ажар алаңдай бастады, оны сезгендей Заман да Ажарды ертіп, тезірек көлікке отыра жөнелді. Мүмкін, мына жеті қараңғы түнде жолға шықпай- ақ қойғанымыз дұрыс шығар,- деп бір ойлады. Бір жағынан қатты алыс жерде емеспіз ғой, ары кетсе екі сағаттық жол,- деп бір жағын Ажар тағы ойлады. Екеуі не істерін білмей, дал болып, жарайды енді, аман есен жетейік деп жолға шығады.
Қаланың шетіне шығып келе жатып, Ажар тұманның қоюланып келе жатқанын байқайды. Бірақ анықтап көруге мүмкіншілік бар. 
- Замантай, абайлап айдашы. Тұман қоюланып келе жатқандай.
Заман үнсіз. Қаладан шықтық дегенше тұман бірті- бірте қоюланып, қаладан шыққанда жолды әзер көретін шаққа айналды. Ажардың уайымы екі есе арта түсті.
- Әй, Заман- ау, мүмкін осы жерде тоқтап біраз күтерміз? Әйтпесе, мына жолды жалғастыру мүмкін болмай бара жатыр ғой. 
- Уайымдамашы, маған сен. Бұйырса үйге аман есен жетіп қалармыз.
- Әлде, мүмкін, кері қайтамыз ба? Заман деймін, мен уайымдап жатырмын. Оның уайымын құрсағындағы сәби де сезгендей. Ол да қозғалып, мен бармын, мен де уайымдап отырмын дегендей қимылдап қояды. 
- Алаңдама, мен баяу жылдамдықпен келе жатырмын ғой. Оның үстіне ауылға да жетіп қалдық. Біраз шыда, ауылға жеткенше мүмкін тұман да басылып қалар. 
- Білмеймін...- дей бергені сол еді бір мезетте көліктің жарығы көрінді. Ажар түсініп те үлгермей жатыр. – Заман-ай, Заман???
Ажардың соңғы көргені жүк көлігінің жарығы...
«Алматы тас жол апатынан бір адам қаза болды.
Түнде ауылдан қалаға қарай шыққан жүк көлігі , жолдың тайғақтығынан көлікке ие бола алмай жантүршігерлік жол апатына себепкер болды. Жолдың қарама- қарсы бағытына шыққан жүк көлігі келе жатқан жеңіл автокөлікпен соқтығысты. Соққының қатты болғаны сонша, жүк көлігі аударылып, жеңіл көлік жол шетіндегі ағашқа тағы барып соғылған. Жүк көлігі жеңіл көліктің жүргізуші жағына келіп қатты соққан. Үш адам зардап шекті: жүк көліктің жүргізушісі жедел- жәрдем қызметі жеткенше дейін көз жұмды, бір ер адам комада, қатты соққы алған, әйел кісі бас сүйек- ми жарақаты, кеуде қуысының ішінің зақымдалуы сынды түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Дәл қазіргі сәтте жансақтау бөлімінде, ауыр хәлде жатыр. Тірі қалып қалмауы екіталай. »
******
- Анашым, маған көйлек алып қойдыңыздар ма сонда?
- Иә, алтыным, киіп көргің келеді ме?
******
- Қызым, көңіл күйің жоқ қой. Не болып қалды? Айта қойшы?
- Менің ойыным қанбайды, әке. Інім немесе сіңілім болса, қандай тамаша болар еді, иә, әке?
******
- Әкешім, қолымды ұрып алдым, ауырып барады!!!
- Жарығым, қолыңды әкел. Қайда ұрып алып жүрсің? Әкел мен қазір айтамын ауырмасын деп, сосын ауыруын қояды. Тек сен жыламашы... Жүр менімен бірге барасың ба? 
- Жоқ, әкешім, менің мұнда қалуым керек. Сен әзірге бара берші. Кейін барармын...
******
...Тым жарық. Өңім бе, түсім бе түсіне алар емеспін. Дауыстар естіліп жатыр. Қиын...Түсіну мүмкін болмай жатыр... 
Көзімді ақ түстен көрместей болып әрең аштым. Аппақ. Түк түсіне алар емеспін. Қабақтарым ашылмайтындай соншалықты ауыр болып көрініп жатыр. Көзімді жұмсам, екінші аша алмай қалатындай қорқып отырмын. Бүткіл өне бойымды құдды бір трактормен бес- алты рет мыжып өткендей ауырып тұр. Арқамның бұлшық еттері ауырғаны сонша, жарылып кететіндей. Есімді бес- он минуттан кейін әрең жинасам, ауруханада жатыр екенмін. Түрлі- түрлі құрылғыларды байқап тұрмын. Бір кезде бір мейірбике оянды деп жүгіріп шығып кетті. Көп ұзамай, менің бақылауымша дәрігермен бірге қайта кірді. Дәрігерді толық бақылап, қарап үлгермедім.Шаршағаным соншалықты, қайтадан ұйқыға тартып жатыр...
Қайтадан түсініспеушіліктер мен ата- анам... Бірақ бұл жолы ата- анамды соңғы көрген кезім... Ауа жетпей барады. Оянып кеттім. Тамағым кеуіп кеткен. Жанымда ешкім жоқ. Шақырайын десем дауысым шықпайды. Бір сәтте мейірбике кіріп келіп ояндыңызба деп сұрады. Мен не жауап берерімді білмей, қиналып жатқан кезде дәрігер де келіп үлгерді. 
- Бұл жақта болғаныма қанша уақыт болды?
- Бір айдың көлеміндей. Соңғы жағдайлар есіңізде ме?
- Маған не болды? Бұлыңғыр... Заман...? Заман қайда? Заманға не болды? Ол осында ма? 
- Сіз... Заман дәл қазір комада. Әлі есін жия қоймады.
- Не??? Қалайша? Не себепті? Оянуы мүмкін бе? Ендігі қанша уақыт жатуы мүмкін,- деп өзімді қоярға жер таппаймын. 
- Ол белгісіз. Бәрі нақты Заманға байланысты,- дегенді естіген мен, жүрегім қаққа айырылып. Тоқтай алмай жылай бердім. Бір сәтте ойыма бірдеңке жалт етіп түскендей болды. Мен... мен неге құрсағымдағы сәбиді сезбеймін?
- Біз қолымыздан келгенді істедік. Бірақ жол апаты өте қатты болған. Сіздің өзіңізде көп жарақаттың болмауы нағыз таң қаларлық жағдай.
- Жо- жоқ. Не айтып тұрсыз??? Сіз қалай дәтіңіз барып айтып тұрсыз? Сіз өзі не айтып тұрғаныңызды білемісіз??! ЖОҚ...- дәл сол сәтте біреу мені тірідей апарып жер қойынына көміп тастағандай болды. Өз өзіме жауап бере алмай, не істегенімді өзім білмей, айқайлап, аурухананы басыма көтерген шығармын. Менікі тек мүмкін қаттырақ айқайлаған сайын, жүрегімнің ауруы басылама деген үміт еді. Бірақ, айқайым қатты шыққан сайын, жүрегімнің жарасы одан ары тырнала берді, тырнала берді...
- Кешіріңіз, мен қолымнан келгенді аянбадым. 
- Бұлай болуы мүмкін емес! Жоқ... Жоқ... Жоқ... Қалайша? Қалайша бұлай болғаны? Жоқ.... Ары қарай не болғаны есімде жоқ.
Мұндай жағдайға душар болған адам, дәрігердің аузынан өз жағдайын естігеннен кейін төрт кезеңді басынан кешіреді дейді. Алғашқы кезеңі- қорқыныш. Еріксіздіктен қорқыныш. Енді бәрі басқаша болатынынан қорқыныш. Қолыңнан түк келмейтініне көндігуге тура келетіні. Қорқыныш... Одан кейінгісі- күрес. Бүткіл әлем саған қарсы секілді, дәрігерлер кімді ақымақ көріп, оқу орындарында не оқып жүреді екен осы,- деп өзің күресіп көргің келеді.Бұл күрестің пайдасы жоқ екенін түсінгенде үшінші кезең- үміттің үзілуі басталады. Дәл осы кезеңде сағың сынып, ақырын ақырын қолыңды бір сермейтін боласың, осылай төртінші кезең де кезегін күттірмей келеді. Көндігу...Жай ғана тұрып, осы жағдайыңа көндіп өзіңнің өмір сүруіңді, анығында тек бұл өмірде болуыңды жалғастырасың. Біраз күн не тірі емес,не өлі емес күйде өтті. Жағдай сол баяғыдай. Әр түні өне бойы мұз басқандай, аяқ қолы қалтырап , сандырақтап, түсініксіз қорқынышты түстер көріп, біресе есін жиып, біресе ессіз ұйықтап, таңды әрең атырады. Кезекті бір жан түршігерлік түстен кейін, Ажар есін жиды. Оянса, денесін суық тер басып, жастық жастан тіпті, су болып кетіпті. Ажарда ендігі қандай да бір қарсылық білдіріп, егіліп жылайты күш те қалмаған. Соның өзінде де, мұның бәрі қорқынышты түс болса екен деп, ұзағынан тіледі. Бірақ жүрегі дәнеңені сезгендей алаңдаулы. 
Тағы да бір ауыр таң атты. Дәрігер де күнделікті әдетіне салып тағы тексеріске келді. Тексеруін аяқтап шығып бара жатқанда сәл кідіріп, айтқандай, Ажар, Заман есін жиды. Бірақ әлі қуануға ерте. Жағдайы әлі көңіл көншітерлік емес,- дегенді естеп, Ажар Аллаға мың шүкір айтып, көңілі аз да болса, иланып қалды. Бүгінгі күннің ең үлкен қуантарлық жаңалығы болып, Ажардың бар ойы Заманда. Оны көргісі кеп барады. Дәрігермен келісіп сыртынан болса да, көрейінші деп ниеттеніп еді, оны естіген дәрігер үзілді кесілді қарсы болды. Ажар әрең дегенде көз жасын көл қылып, көндіріп келісімен алып алды. Бірақ дәрігер ертең таң атқан соң барармыз деп шығып кетті. Енді ұйқы қайдан келсін, ары дөңбекшіп, бері дөңбекшіп, бір мезетте ұйықтап кетіпті. Баяғы әдетіне салып, қорқынышты түстер де көп күттірмей жетегіне ерте кетті. Оны бөлмеге кіріп келген дәрігер оятты. Күнделікті тексерісін жасап, сауығып келе жатқанын айтты. Дәл қазір бара берсек болады,- деп Ажар екеуі жансақтау бөліміне кетті. 
Жансақтау бөлімінің алдында тұрмын. Аяқ- қолымды артық қозғалта алмай, Заманға қарап ойланып тұрдым. – Мен екі есе күшті боламын. Қатал тағдырға бірге төтеп береміз. Әрдайым жаныңда болам. Аяғыңа тұрғанша дейін, бір сәт жаныңнан енді алыстамаспын. Тек сен көзіңді ашшы... Көзімнен еріксіз жас ағып барады. Дәрігерлер топырлап, мен қарап тұрған терезенің пердесін жауып жіберді. Мен аң таң, түк те түсіне алмай, абдырап қалдым. Жүрегім аласапыран, қорқыныш жеп барады. Бір медбике мені тез тез шығыңыз деп, алып шығып кетті. Мен қалай қарсылығымды білдірсем де, медбике күштеп мені ұстап, есікті жауып, өзіңізге қарсыласпағаныңыз дұрыс болады дейді. – Маған қалай дұрыс болатынын сіз қайдан білесіз? Жүрегімнін бір бөлігін қабырғаның арғы жағына тастап осы жерде тұру оңай деймісіз,- деп іштей қынжылып барамын. Мені өз палатама алып келді. Бірер сағаттан соң дәрігердің өзі кіріп, өзі де құр сүллдері ғана әрең жүргенде, қаралы хабарды жеткізді. Оны естіп аяғымның астынан жер кетіп қалғандай, бірақ мойындамасам да, жан түниемнің түбінде іштей өзім де сезгенмін. Осыдан соң өмірім дейін және кейін болып өзгеріп салда берді. Әсірелеп қайтейін, өмір дейтіндейі де қалмады ғой... 
Бұл жолы алдындағыдай айқай шу жоқ, Ажар тып тыныш төсегіне тізесін құшақтап отырды. Мүмкін, керісінше осы тыныштықтың астарында айқай шуға қарағанда да одан үлкен ауыр қайғы- қасірет ,қара дақ жатқан шығар... Арғы қарай сансыз өтіп жатқан күндер Ажардың ойында да жоқ. Оның бұл өмірді жалғастырғысы келмейді. Жақындарынан айырылғаннан асқан қасірет бар ма екек бұл әлемде... Түннің болғанын күтіп, жатқан орнынан тығылып шығып, бес қабатты аурухананың ең жоғарғысына шықты. Ажардың ойында тек біреу ғана, бұндай өмірдің кімге қажеті бар? Кім үшін, не үшін өмір сүремін енді? Мәні де, сәні де қазірде қараңғы естеліктерге айналған. Соқа басы сопиып қалған жалғыз өзі ғана...
Міне бір қадам, сонымен бәрі бітеді... Енді бір ғана қадам. Өтінем, тек ойланбашы деп азғыратын ойлардың арқасында көзімді жұмдым. Бар өмірім көз алдымнан өтіп жатты. Жүрегім аузыма тығылып, қалағаның да осы емес пе еді? Енді не себепті қорқып тұрсың?! Бір қадамды аттайын десем, дәтім бармай, артқа қарай шегініп, көзімнен еріксіз жас төгіліп, жылап қоя бердім. Неге? Неліктен сонша әлсізбін? Мұншалықты қиналатындай не жаздым?- деп өзімді кінәлап, бар дауысыммен ішімдегі жиналғанның бәрін шығарып алдым. Бір кезде сәл басылып үнсіздікте отырып, біраз ойландым. Қақаған ақпанның суығы өтіп барады, қайта оралдым. Бағанағыдай емес, сәл жеңілдеп қалдым, үлкен көлемді өзгеріс болмаса да, қарапайым жеңілдіктің өзін сезінбегелі талай уақыт болыпты. 
Сондай түндердің бірінде түсінде анамдыкөрдім. Баяғы жас кезіндегідей, әп- әдемі, құдды бір өңінде көріп тұрғандай тұнық көрініп тұр. Анам екеуіміз әңгіме дүкен құрып , шәй ішіп отыр екенбіз. Әкем де келіп көңіл күйлерің көтеріңкі ғой,- деп бузге тиісіп қояды. Бір сәтте анам лезде өзгеріп, байыпты түрде бастады:
- Қызым, мен сенімен мақтан тұтамын. Сенің істегенің ерлік. Ұмытпа, мен әрдайым қиналғанда да, қынжылғанда да жаныңдамын, тек сен берілмеші. Бұл тек сынақ қана, алдыңда әлі талай жарқын күндер күтіп тұр. Оның үстіне сен әлі жассың, бұл өмір, өмір болған соң бұдан да қиын жағдайлар болуы мүмкін. Бекем бол. Түсінемін, саған әкең екеуіміздің қолдауымыз, жаныңда болғанымыз жетіспей жатыр. Бірақ біз, сенің жүрегіңдеміз, мәңгілік сонда боламыз. Әрдайым жанымда жүр деп сезініп жүр. Бұл саған рух береді. Ең бастысы, қабырғаң қайыспасын, жарығым...
Ал енді, тұра ғой. Сен көп нәрседен шет қалдың. Тұра ғой, алтыным. Сені алда әлі талай белестер күтіп тұр. Мен саған сенемін,- деді де,
орынынан тұрып, әкем екеуі қол ұстасып кете барды...
Көзін ашты, бұл жолы жас та жоқ, қорқыныш та жоқ. Ажарға жанына рахат табуы үшін жетпей жүргені де осы сияқты... Таң да атып қалыпты. Ажар тұрып қамданып жатқанда, дәрігер де келді. Жақсы жаңалығымен бөлісіп, Ажардың жазылып, тән жарасын емдесе де, жан жарасын емдей алмайтынын айтып, ертең ауруханадан шыға берсе болатынын айтты. Ажар да бұл жақтан шаршаған еді. Бір жағынан бұл жаңалық расымен де Ажарды бір қуантса, екінші жағынан ол үйіне оралып, естеліктермен қайта күрес басталатынын ойлап іштей қынжылды. 
Осы күннен бастап көп нәрсе өзгере бастады. Ажар қайғы- қасіретпен үйіне оралды. Алғашында келгісі де келмеген, бірақ Заманыммен өткен әпбір күн осы үйде емеспе,- деп қимай осында келді. Бірақ сол кезде кеткен Ажар мен арасына үш- төрт айдай салып, қазіргі үйге кіріп келген адам мүлде басқаша.Үй- іші сол бір суық күні қалай қалды, дәл солай тұрды. Әрине, барлық жерді шаң басқан.Ажарға да керегі сол ма еді, ақырындап жүрегіндегі естеліктерді жинағандай үйлерді де жинастыра бастады...
Араға бір жыл салып Ажар танымастай өзгерді. Бұрынғы ұяң мінезі бар, нәзік ерке Ажардан, қазірде тек Ажар деген есімі қалғандай... Заман жайлы естелік көп жерде жүрген сайын, бұғып іштей қиналып жүре берді. Өзімен үлкен күрес жүргізіп келген соң ба, кішкене қобалжу басым. Ауылына қайтып кетердей болып, Ажар автобусқа мінді...

Қоғамдық көліктегі «Қазақ Ұлттық Университеті» аялдамасы деген қыздың дауысы бір кезде Ажарды осы тұңғиық бір ойдан алып шықты. Ажар байыппен автобустан түсіп жаңа өмірге аттанды...


Ажарға әлі өзінің бойында еңсерер қиындықтары өте көп, оны өздерің де сезіп тұрған шығарсыңдар...

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет