Дәрістер тезистері


Робот техникасының қолданылу саласы



бет16/17
Дата30.07.2023
өлшемі3,65 Mb.
#104920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәрістер тезистері

Робот техникасының қолданылу саласы
Робототехника (робот және техника; ағылш.Robotics – роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолданылуымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну және мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.
Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.
Автоматтандырылған машиналар, басқаша айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тұрысы мен танымы жағынан адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас етіп жасауға тырысып жатыр.
Ж ақында Ұлыбританияда робот хирург бүйректі трансплантациялау операциясын қалай табысты жасағаны туралы айтып берді. Міне, тағы да Альбион еліндегі үлкен жаңалық. Қазіргі уақытта робот адам көзі ішіне тікелей күрделі операция жасауды жүзеге асыра алады. Британдық хирургтың мұндай операциялары болашақта көптеген адамдарға жаңа өмір бере алады, өйткені оның болашағы өте зор.

Көзге ота жасайтын робот


Автономды түрде жұмыс істейтін роботтар туралы мәлімет көне кезден бастап ойға алына бастаған, алайда бұл тақырыптағы зерттеулер XX ғасырға дейін басталмаған. Ерте кезден роботтар күндердің күнінде адамдардың жүріс-тұрысына еліктейді және де адамдар сияқты олардың жұмыстарын істей алады деп болжаған. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланысты. Технология дамыған сайын зерттеулер де өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолданылу аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сияқты адамдарға тікелей зиян келтіретін жағдайларда қолданылады.



2

№ 14
дәріс

Нанороботтар және олардың түрлі типтері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Нанороботтар
2. Нанороботтардың түрлі типтері
3. Нанороботтарды тәжірибеде қолдану

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Қазіргі таңда нанотехнологиялар үлкен сұранысқа ие болып отыр. Нанотехнологиялардың арқасында заманауи есептеуіш машиналар мен өндірістік технологиялардың, тіпті дәрі-дәрмектердің де өндіріліп жатқаны баршамызға белгілі.
Мәселен, «Scientifus Ameriсa» журналының болжамына сүйенсек, таяу арада көлемі пошта маркасына тең медициналық құрылғы жасалады екен. Соны жарақат алған жерге қойса жеткілікті, ол қанның құрамын, қандай дәрі қажет екенін анықтап, сол дәрі-дәрмекті қанның құрамына өзі жібереді. 2025 жылы дайын атомнан кез келген затты құрастыруға қабілетті алғашқы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет