Дәрістер тезистері



бет15/17
Дата30.07.2023
өлшемі3,65 Mb.
#104920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәрістер тезистері

T esla Motors компаниясының автомобильді зауытындағы роботтар

Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе микроконтроллер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады. Робот-техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.


Робототехниканың тарихы
1464 ж.
Леонардо да Винчи 12 жасында адам тәрізді бірнеше қимыл жасауға мүмкіндігі бар гуманоид автоматының жобасын құрған болатын.

Гуманоид автомат жобасы
1833 ж.
Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны құрастырды. Бұл жобаға қатысқан Ада Ловелас ең бірінші компьютерлік программист болып есептеледі.

Ч.Бэббидждің аналитикалық машинасы


1921 ж. – Rossum’s Universal Robots (R.U.R.) – Россумның Әмбебап роботтары пайда болды. Бұл Карел Чапектың чех тіліндегі фантастикалық туындысы.
Аталмыш туынды ағылшын тіліне «робот» ұғымын енгізді.

Спектакльден үзіңді




1949 ж. Уильям Грей Уолтер «Тасбақа» деп аталатын алғашқы автономды роботын құрастырды. Роботтың түрі мен баяу қозғалуына байланысты оны «Тасбақа» деп атады.

«Тасбақа» роботы


1942 жылы ғылыми-фантастикалық мәнерде жазатын жазушы Айзек Азимов робототехниканың үш заңын ойлап табады. 1948 жылы Норберт Винер тәжірибелік робототехниканың негізін құрайтын кибернетиканың қағидаларын тұжырымдаған.


Автономды роботтар XX ғасырдың екінші жартысында ғана толығымен пайда болды. Ең бірінші сандық басқаруы бар бағдарламаланатын робот Unimate болған. Ол робот ыстық темір бөлшектерді балқыту машинасынан көтеріп, жинауға арналған. Қазіргі таңда коммерциялық және индустриалдық роботтар кеңінен тараған. Ол роботтар адамдарға қарағанда жұмысты арзанырақ, жинақы және нық орындайды. Сол салада қолданылатын роботтардың кейбір жұмыстары адам үшін лас, қауіпті және жалықтыратын болып келеді. Роботтар кеңінен құрастыру, жинақтау, жеткізу, жер және ғарыш зерттеулері үшін, медициналық оталар, қару-жарақ ретінде, зертханалық зерттеулер, қауіпсіздік үшін қолданылады.
Робототехника қандай да роботтарды зерттеп әзірлемесе да, ол роботтар Айзек Азимовтың үш заңына бағынуы тиіс. Ол заңдарды 1942 жылы жазылған «Хоровод» атты әңгімесінде баяндаған. Ол заңдар былай жазылған:
- Бір де бір робот адамға залал келтіре алмайды, немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді.
- Бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын орындауға тиіс.
- Бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.

«Мен, Робот» кітабының алғашқы басылымының мұқабасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет