Кіріспе. Нанотехнологияның даму тарихы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Кіріспе
2. Нанотехнология ұғымы
3. Нанотехнологияның тиімділігі
Дәрістің қысқаша мазмұны:Ғылым айналада болып жатқандарды түсінуге деген қызығушылық пен ниетке негізделген. Нобель сыйлығының лауреаттары бұрынғы кезде ғылымда жаңа жол іздеген студенттер сияқты болған. Олар ең қиын деген сұрақтардың жауабы бар болу керектігіне сенген және оларды табуға табандылықпен тырысқан. Жыл сайын кинематографистерге кинодағы әйгілі жетістіктері үшін «Оскар» сыйлығы, ал ғалымдарға Нобель сыйлығы беріледі. 1901 жылдан оны 750-ден аса ғалымдар алған. 1915 жылы Нобель сыйлығының ең жас лауреаты ретінде (25 жас) физик В. Лоуренс Брэп (XV) танылды.
Альфред Нобель өзінің өнертапқыштығы үшін 355 патент алған. Ол өзінен кейін оларға қалдырылған ақшалардан бес салаға (химия, физика, физиология және медицина, әдебиет және әлемді күшейту) «алдағы жылдарда адамзаттың дамуына аса үлкен үлес жасайды, соларға төленсін» деп өсиет еткен.
Нобель жаңа білім іздеуде шығармашылық ойлауды лайықты марапаттауды және жаңашылдықтарды қабылдауды қамтамасыз еткісі келді. Көптеген заттар мен үдерістерді түсінуді өзгерткен ашылуларды сипаттау ғылым мен техникадағы маңызды мәселелерді шешу үшін оқырманға меншікті шығармашылық энергияларды бағыттауға түрткі болады.
Кейде (жүз жылда, тіпті, мың жылда бір рет) адамзат қоршаған ортаны түгелдей дерлік өзгертетін бірнәрсе ашады немесе ойлап табады. Үңгір тұрғындары өздеріне бейтаныс түтін иісін алғаш сезгенде оны зерттеп бастауын іздеуге бел байлады. Олардың ең алғаш отты жағуы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді: сушидің орнына барбекю мен кәуәп келді.
Кейіннен олардың ұрпақтары, үшкіртастан әлдеқайда тиімді, темірден аспаптар мен бұйымдар жасай бастады. Темірден жасалған қарулар әлемді жаулар алдындағы белгі ретіндегі сый болды.
Кейініректе алдыңғы дамыған мемлекеттердің айырылмастай бір бөлшегіндей болған: электр қуаты, автомобильдер мен дәрі-дәрімектер ойлап табылды. Егер бір арманға қарай тоқтамай жүре берсе, оны іс жүзінде орындауға болатындығын түсінді. Көптеген онжылдықтар бұрын қиял көрінген құбылыстарды, ғылым мен техника жүзеге асыра бастады.
Ақыр соңында жоғары технология дәуірі орнады: түрлі-түсті теледидар, компьютерлер... «Аз, жылдам, оңай және ақылдырақ» деген сөздер қазіргі ғылым мен техниканың ұранына айналды. Біз неғұрлым көп білсек, соғұрлым одан да артық білгіміз келеді. Қажымай-талмай білімге ұмтылу, ал құмарлық шексіз болды. Квазардан ДНҚ-ға дейінгінің бәрі үлкен қызығушылық туғызды.
Қазіргі уақытта білім ізденістері ақылға сыймайтындай жандана түсті. Көбінесе, бұл білімнің мүлдем жаңа ғажайып саласындағы ашылулармен түсіндіріледі, оны нанотехнология деп атай бастады.