Химиялық тепе – теңдік туралы түсінік.
Химиялық реакцияның 2 түрі бар:
қайтымды
қайтымсыз
Қайтымсыз реакция – тек бір бағытта жүреді және әрекеттесуші заттың біреуі толық шығындалады.
1 – М: H2CO3 = +
2 – М:
Қайтымды реакция – кері және тура бағытта жүреді.
3 – М:
Егер бірқалыпты үрдісте кері және тура реакция жылдамдықтары бір- біріне тең болса бұл жағдайды тепе-теңдік күй деп атайды.
V1= V2
Химиялық тепе – теңдік күйдегі әрекеттесуші заттардың концентрациясын тепе – теңдік концентрациялары деп атайды.
Оны былай [ ] белгілейді.
Химиялық тепе – теңдікке әртүрлі факторлар әсер етеді. Осы әсер ету жағдайы Ле – Шателье ережесімен сипатталады.
Тепе – теңдік күйдегі жүйеге сырттан әсер етсе , тепе – теңдік сол әсерді баяулататын жаққа қарай ығысады.
1. Тепе – теңдіктің ығысуына концентрация әсері.
Егер әрекеттесуші заттар концентрациясын көтерсек, тепе – теңдік оңға - өнім жағына ығысады.
Әекеттесуші заттар концентрациясын көтерсе, тепе теңдік оңға өнім жағына жылжиды, ал өнім концентрациясын көтерсе тепе-теңдік солға,әрекеттесуші заттар жағына жылжиды.
2.Тепе–теңдікке қысымның әсері.
Егер қысымды көтерсек, тепе – теңдік моль саны аз жаққа,бұл жүйеде оңға ығысады.
N2 +3H2 ↔2NH3
2. Егер қысымды төмендетсек, тепе-теңдік моль саны көп жаққа ығысады.
Егер көлем өзгермесе қысым тепе-теңдікке әсер етпейді.
3.Тепе-теңдікке температураның өзгерісінің әсері.
Температура жоғарылағанда қарама – қарсы екі процесс жылдамдығы бірдей өзгереді,бірақ эндотермиялық процесс күшті ұлғаяды,ал температураны төмендетсе керісіше экзотермиялық процесс ұлғаяды.
Химиялық тепе –теңдік кездегі температураның әсерін білу үшін үрдістің жылу эффектсін (∆ H) білу керек. Ол оң болса, температура әсері мәнді болады, ал нольге жақын болса, температураның өзгеруі тепе- теңдікке әсер етпейді.
Сондықтан, Ле – Шателье ережесіне сәйкес температура жоғарлағанда, тепе – теңдік эндотермиялық реакция бағытына қарай ығысады.
Температура төмендегенде, экзотермиялық реакция бағытына ығысады.
эндотермиялық. экзотермиялық.
Температура жоғарлағанда солға ығысады. ( эндотермиялық реакция жағына ).
Температура төмендегенде оңға ығысады. ( экзотермиялық реакция жағына ).
∆H<0.
Температураны жоғарлатса- солға, әрекеттесетін заттар жағына,ал қысымды көтерсе- солға, төмендетсе оңға ығысады. Тепе – теңдік жылжымалы.
Ол бір тепе – теңдік күйден, екінші тепе – теңдік күйге ауыса алады, біраз өзгерістен кейін, қайтадан қалпына келеді
V=K[A]a[B] b тура реакцияның жылдамдығы.
V= K[ C ]cD]d кері реакцияның жылдамдығы .
Тепе – теңдік константасын табу үшін [К], соңғы заттар концентрациясының көбейтідісін алғашқы заттар концентрациясы көбейтіндісіне бөледі.
Ұсынылатын әдебиеттер
Глинка Н.Л. Общая химия.-М., 2005.
Ахметов Н.С. Неорганическая химия. – М., 1981.
Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. – Л., 1987.
Коровин Н.В. Лабораторные работы по химии. – М., 2001.
Фролов В.В. Химия. – М., 1986.
Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. – М., 2000.
Паничев С.А. Химия. Основные понятия и термины. – М., 2000.
Коровин Н.В. Общая химия. – М., 2000.
Химия. Справочное издание. – М., 2000.
Зайцев О.С. Химия. – М., 2001.
Хомченко И.Г. Общая химия. – М., 2004.
Оралова А.Т. Вопросы общей химии. Теоретические и тестовые материалы. – Караганда, 2002.
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары [1, 2, 4, 6]
Химиялық кинетика.Концентрация әсері.Кинетиканың негізгі заңдары.
Химиялық тепе-теңдік. Тепе- теңдікке әсер ететін факторлар.
Типтік есептер шығару
Достарыңызбен бөлісу: |