Дәрістердің қысқаша жазбасы


Атом- молекулалық ілім қағидасы



бет2/20
Дата04.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#54775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
лекция каз химия

Атом- молекулалық ілім қағидасы:

  1. Заттар молекулалардан тұрады;

  2. Жай заттың молекулалары бір түрлі атомдардан тұрады;

  3. Күрделі заттардың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады;

  4. Атомдар, молекулалар үнемі Броун қозғалысында болады

5. Дальтон, Ломоносов қағидалары.
Заттар массасының сақталу заңы
М.В. Ломоносов 1756 жылы жүргізілген зерттеулер бойынша химиялық түрленулер кезінде заттар массасының өзгермейтіндігін дәлелдеген. Бұл заңды заттар массасының сақталу заңы деп келесідей тұжырымдады:химиялық реакцияға қатысатын заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілетін заттардың массасына тең болады.
∑mреагент = ∑ mөнім
Әр түрлі жүйелер қоршаған ортамен массасын және энергиясын алмастыра алады. Жүйелер бірнешеу болады:
1. Ашық жүйе-сыртқы ортамен масса және энергияны- алмастырады.
2. Жабық жүйе- сыртқы ортамен энергияны алмастырады.
2. Оқшауланған жүйе- сыртқы ортамен ешқандай алмасу болмайды.Мұндай жүйелерде масса қосындысы сопst,энергия қосындысы да сопst.
Эйнштейн – Ферми заңы
Жүйеде энергияның өзгеруі массаларының өзгеруіне эквивалентті болады
∆Е =∆ mc2
с-вакуумдағы жарық жылдамдығы
∆ m – массасының дефектісі
∆ Е – энергияның өзгеруі
Заттың құрам тұрақтылық заңы
Оны 1801жылы Пруст ашқан. Ол былай тұжырымдалады:алыну әдісіне қарамастан кез-келген таза заттың сапалық және сандық құрамы әрқашанда түрақты болады. Химияның дамуына байланысты құрамы тұрақсыз заттар да табылған. Оларды бертоллидтер деп атайды.
Сонымен құрам тұрақтылық заңы әр химиялық қосылыстың сандық мөлшерін анықтайды.
Эквиваленттер заңы
Эквивалент түсінігі химияға әртүрлі элеметтердің әрекеттесуші қабілетін салыстыру үшін енгізілген.
Біз екі ұғымды қолдандық: бірінші- эквивалент бірлігі моль,екінші mэкв бірлігі г\моль. Химиялық эквивалент сутек атомының бір молімен әрекеттесетін немесе сутегінің осы мөлшерін химиялық қосылыстардан ығыстыратын заттың мөлшері. Заттың бір эквивалентінің массасын эквиваленттік масса (mэкв)деп атайды.
mэ=А\В=1/1 =1 г\моль, (сутекке)
Химияның негізгі заңдарының бірі эквиваленттер заңы: химиялық элементтер бір-бірімен эквиваленттеріне сай нақты мөлшерде эрекеттеседі немесе олардың массаларының бір біріне қатынасы ,эквиваленттерінің қатынасына тура пропорционал болады.
Қ+Қ Қ+С, Қ+Г Г+Г; С+С, С+Г
m1\m2=m»1\m»2 m1\V1=m2\V»2 V1\V2=V»1\V»2
Сутекпен оттектің эквивалент көлемдерін табу:
Н2 О2 16\2=8
2 г\моль – 22,4 л 32 г\моль – 22,4
1 – Х л 8 - Хл
VЭ2=11,2 л Х=22,4×8\32=5,6
mЭН2=1 mЭО2=8 г\моль
VЭН2=11,2 г VЭО2=5,6 л
Күрделі заттардың эквиваленттік массаларын табуға арналған формулалар:
mЭоксидоксид\элемент×атом саны×элемент валент.
mЭқышқылқышқыл\сутек атом санын
mЭнегізнегіз\ОН тобының санына.
mЭтұзтұз\NМе×Meвал
NМе метал атомының саны, Meвал металдың қосылыстағы валенттілігі.
mЭAl2(SO4)3=342/2*3=57 г\моль
Қалыпты жағдай Т=273 К, Р0 1 атмосфера 101,3 КПа мм л.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет