Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі


Педагогикалық қызметінің субъекті құрылымның төмендегідей компоненттерін ерекшелейді



бет4/18
Дата19.12.2023
өлшемі43,94 Kb.
#141033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
дәрістер ЖМП 2018 АБА

Педагогикалық қызметінің субъекті құрылымның төмендегідей компоненттерін ерекшелейді:

  • тұлғаның психофизиологиялық қасиеттері оның субъекті рөлін іске асырудың алғашқы негіздері ретінде;

  • қабілеттілік;

  • өзіндік қасиеттері, оның ішінде бағыттылық;

  • кәсіпті-педагогикалық, пәндік білімі мен шеберлігі, кәсіптік икемділігі.

Оқытушының жалпы және арнайы қабілеттілігі.
Жалпы қабілеттілікке кез келген адамға тән іс-әрекетте жететін жоғарғы табыстар жатса, арнайы қабілеттілікке педагогикалық қызметте табысқа жеткізетіндер жатады:

  • Дидактикалық қабілеттілік;

  • Академиялық қабілеттілік;

  • Перцептивті қабілеттілік;

  • Сөз сөйлеу қабілеттілік;

  • Ұйымдастырушылық қабілеттілік;

  • Авторитарлық қабілеттілік ;

  • Коммуникативті қабілеттілік;

  • Педагогикалық қабілеттер оқытушы кәсібін табысты меңгерудің маңызды шарты болғанымен ол шешуші кәсіптік қасиет емес.

Олай болса, оқытушының маңызды кәсіптік қасиеті: еңбекқорлық, тәртіп, жауапкершілік, алға мақсат қоя білу, оған жету жолдарын таңдай білу, ұқыптылық, мұқияттылық, табандылық, жүйелі және жоспарлы түрде өзінің кәсіптік деңгейін жоғарлату, білімін тереңдету, өз еңбегінің сапасын жоғарылатуға тырысу қасиеттері және т.б. болып табылады.
Оқытушыға тән ең міндетті қасиет – гуманизм. Гуманды қарым-қатынас оқушының жеке басына деген ықыластан, оқушыға жаны ашудан, оған көмек көрсетуден, оның пікірін, даму ерекшілік жағдайларын сыйлаудан, оқушының білімді меңгеру іс-әрекетіне деген жоғары талаптан, оның жеке басының дамуына қамқорлық жасаудан құралады. Оқушылар алдымен мұғалімнің бұл қасиеттерін көріп оған еріксіз електей бастайды, бірте-бірте өз бойларынан да осы қасиеттерді тәрбиелей бастайды, гуманизм тұрғысынан тәжірибе жинақтайды.

6-такырып. Педагогикалық қарым-қатынас.
Кәсіби – педагогикалық қарым – қатынасты қалыптастыру мәселесіне талдау жасағанда кері қатынас барысында рефликсивтік жағдай төмендеп және диагностика нақты болмай қалуы мүмкін, бірақ бұл көбінесе ескеріле бермейді. Сол себепті педагогикалы қырым – қатынастың технолгиясын толық шешу үшін коммуникативтік міндеттерді орындалу сатысы төмендегідей болуы мүмкін.:

  • - қарым – қатынас жағдайына беймделу;

  • сырттағы адамдарды өзіне қарату;

  • нысанның жан дүниесін жаулап алу;

  • сөздік қарым – қатынасты іске асыру;

  • эмоционалды және мазмұнды байланысты іске асыру;

Педагогикалық қарым – қатынас келесі бөліктерді қамтиды және педагогикалық үрдіске сәйкес бір қарқындылыққа ие болады:

  • мерекелік шараға немесе сабақты дайындау үрдісі кезінде қарым – қатынасты қалыпқа келтіру;

  • қарым – қатынастың үзбей ұйымдастырылуын қамтамассыз етіп;

  • педагогикалық үрдісте қарым – қатынасты басқару;

Коммуникативтік міндеттер педагогикалық міндеттер болып табылады, яғни коммуниативтік міндет педагогкалық орындау барысында педагогикалық көзараситарға әсер ете отырып, оның коммуникативтік қабілетін жүзеге асуына мүмкіндік жасайды. Кейбір педагогтар коммуникативтік міндетті педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде есепке алмайды. Жалпы айтқанда коммуникативтік міндеттер хабар алуға және оны жалғастыру үшін қолданылады.Сонымекн бірге коммуникативтік міндеттерді шешу барысында екі негізгі мақсатқа жүгінеді: студенттерге хабарды жеткізу және белгілі бір әрекетке ұмтылу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет