Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет30/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

Тапсырманың бір бөлігін жалған бағалау
Жоғарыда сипатталған сияқты, тапсырманың екі бөлігін немесе оларды талқылауға арналған уақыт әрқашан бола бермейді. Оқушылар ұқсас немесе бірдей тапсырмаларды орындаған соң бірден оларды түсінікті өлшемдермен салыстыруда өткен жылғы тапсырманы бір жақсы бөлігін ұсыну өте жақсы үй тапсырмасы болып табылады.
Оқушылар, негізінде, осыған ұқсас көп мысалдардан жақсы тәжірибе үйренеді. Бұл – оқудың өте табиғи тәсілі.
Оқушылар бірінші рет өздері бағалайтын жақсы жұмысты үстіртін көшіріп алуы мүмкін, бірақ мұғалімнің шебер түсіндіруінен кейін олар осындай жақсы жұмыстың маңызды ерекшеліктерін зерделейді және өздері көретін нәрсені жаңа жағдайларға бейімдейді.
7. Түсіндірілетін тапсырмалар
Мақсат – бұл дұрыс жауаптың алыну процедураларын жай ғана механикалық есте сақтау емес, математик болу екенін оқушылар білуге тиіс (немесе тіл маманы немесе т.с.с.). Бұл үшін олардың стратегияларды түсінуі, стратегияның қашан жұмыс істейтінін немесе жұмыс істемейтінін және неліктен екенін және көзделген мақсат үшін және одан әрі қандай бірнеше тәсілді басшылыққа алу керектігін білуі қажет. Математиктер және басқа мұғалімдер осындай дамуға ықпал ету үшін, «түсіндіру тапсырмаларын» ұсынуы мүмкін. Мысалы: “Пифагор теоремасын қашан қолданылатындығын және қолданылмайтындығын анықтай отырып, өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңіздер. Сондай-ақ оның үшбұрыштың белгісіз жағын табу үшін қалай пайдаланылатынын түсіндіріңіз”.
Осындай тапсырмалар студенттерге тұжырымдамаларды түсінуге және оларды есте сақтауға көмектеседі.
8. Түзетулерді орындау
Сіздің алғашқыда дұрыс түсінбеген сұрақтарға жауап алуыңыз – Сіздің дұрыс емес түсініктерді ұмытуыңыздың және түсінуді жақсартуыңыздың кепілі. Егер оқушылар өздерінің қателерін дұрыстау керектігін білетін болса, олар барынша мұқият бола бастайды. Дегенмен, жай ғана мүлт кетуден болатын қателер, әдетте, еленбеуі, ал бірқатар қателер түзетуді талап етуі мүмкін.
Осы стратегия, көптеген оқыту стратегиялары сияқты, өте қарқынды пайдаланылуы мүмкін. Егер Сіз оқушылардан барлық өздерінің жұмыстарын түзетуді өтінсеңіз және олар осылай жасауды жалғастыра алмайтын болса, бұл іс аса жалықтыратын болып саналуы мүмкін. Алайда бұл әдістің пайдаланылуы жеткіліксіз болуы мүмкін. Тапсырмаларды қалай дұрыс орындауын түсіну қажет болса, оқушылар кейде тапсырмалардың басқа түрлерін орындау керек.
9. Диагностикалық сұрау
Бір ғана білім алушыны сұрауға арналған мынадай екі балама тәсілді салыстырыңыз.

Оқытушы: «7 жай сан болып табыла ма?»
Студент: Иә





Оқытушы: «7 жай сан болып табыла ма?»
Студент: Иә
Оқытушы: Неліктен?»
Студент: Себебі тақ сан

Бірінші сұрақ Блум Таксономиясының төменгі деңгейінде нақты және жасырын, танылмаған бола тұрып, білім алушының жай сандардың – тақ сандар сияқты екенін дұрыс түсінбегенін көрсетті. ‘Неліктен?’ сұрағы түсіндіру қажет болғаны үшін берілді, ол дұрыс емес түсіндіруді байқады. Келесі сұрау және түсіндіру қажет болған жағдайда дұрыс емес, ұсынуды барынша толық анықтау, сосын оны түзету үшін пайдаланылуы мүмкін.


Сұрау – қателерді табу және оларды түзетуге арналған өте жақсы және жедел әдіс’, бірақ ол егер сұрақтар диагностикалық болып табылатын және егер кезекті түзету болатын кезде ғана жұмыс істейді. Зерттеу сұрақтарын беріңіз және кезекті дұрыс емес сұрақтар нәтижесінде дұрыс емес ұсынулар туралы ойланыңыз.
10. Шеберліктің қол жеткен деңгейінің тестісі
Шешуші тармақтарға сүйене отырып, қарапайым тексеру тапсырмасын немесе тесті өткізіңіз. Олар оқушылар үшін кез келген қызметті қамти алады:негізгі фактілерді еске түсіруге арналған сұрақтар; бірқатар жай есептерді орындау; практикалықжұмыс; бірнеше қарапайым емтихан сұрақтары және т.с.с. Оқушылар өздігінше бағалайды. Оқушылар өз жауаптарын Сіз беретін жауаптар үлгісімен салыстырадыжәне өздеріне бағалар қояды. Сұрақтар жауап үлгілерін қабылдау үшін және өз жұмыстарына өзіндік бағалау үшін жеткілікті түрде жеңіл болуға тиіс. Оқушылар өздері дұрыс түсінбеген сұрақтарды белгілейді және осы сұрақтарға дұрыс жауаптарды белгілейді. Олар аудиториядан тыс, дұрыс түсінбеген сұрақтармен жұмыс жасау үшін, тест көшірмелері мен жауап үлгілерін ала алады. Оқушылар бірінше рет дұрыс жауап бермеген сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындайды. Олар балама түрде өздері дұрыс түсінбеген ұқсас сұрақтарға ғана жауап бере отырып, тест тапсырмасын қайтадан орындай алады. Бұны бірінші тестіден кейін бірнеше күн өткен соң орындауға болады және көп уақыт алмайды. Егер оқушыларға көп сұрақтарға жауап беру қажет болса, олар бұны бос уақыттарында жасай алады. Оқушылар сондай-ақ қайталайтын тестерді өздері бағалайды. Оқушылар кей жағдайларда осыған ұқсас, бірақ басқа тестіден өте алады. Оқушылар кез келген жетістіктері туралы хабарлап отырады.
Олар өздерінің алдына мақсат қояды, мысалы, 8/10 бағасын алу және олар көздеген мақсаттарына жеткенше жұмысты жалғастыратын болады. Жоғарыда көрсетілген шешуші тармақтарды өзара түсіндірген кезде, оқушылардың материалды және оның құрылымын түсінгенін тексеріңіз, кем дегенде, оқыту пәніне «неліктен»,«не» деген сұрақ қанша болса, сонша назар аударыңыз.
11. Оқушыларды сұрау және "таудың ұшар басына шығу"
Бұл қол жеткен шеберлік деңгейінің тестісіне қарағанда, шамалы қатаңдау,сонымен қатар, барынша көңілдірек тапсырма. Мен барлық деңгейдің оқушылары үшін осы ойын нұсқасын сипаттаймын, бірақ ол барынша озық оқушылар үшін оңай бейімделген болуы ықтимал. Өткен аптаның немесе екі аптаның оқуын, тақырыпшаларының жауаптары бар, қол жеткізген шеберлік деңгейінің үш немесе төрт сұрағын жазатын оқушылар командаларының арасында бөліңіз. (Блумның таксономиясы бойынша төменгі деңгей). Осы сұрақтар мен жауаптар маңызды материалдар бойынша құрастырылып, шынында да қол жеткен шеберлік деңгейінің сұрақтары болып табылатынына және жақсы жауаптар болатынына көз жеткізе отырып, тексеріңіз. Топтар одан әрі әрекеттер үшін өз карточкаларының жеткілікті көшірмелерін жасайды. Төменде дағдыларды иелену тақырыбындағы ойын үшін сұрақтары бар каротчка үлгілері берілген. Осы сұрақтар мен жауаптарды жазған оқушылар көп нәрсені үйреніп қалған. Сұрақтарды мәтіндік редактордағы кестеге салуға болады. (Егер сіз жолдар мен бағандарды біркелкі бөлу үшін «Автоіріктеуді» орнатсаңыз, онда барлық карточкалар бірдей өлшемде болады). Содан соң қажет болған кезде сіз әр тақырып үшін әртүрлі түспен жұқа карточкаларға басып шығара аласыз және сұрақтар жазылған карточкаларды кесе аласыз. Басқаша жағдайда, олар қолдан жазылуы мүмкін..
12. Концептуалды картамен тексеру
–Оқушылар өздерінің жеке концепт-картасын жасайды. Оқушылардан тақырыпты аяқтаған соң, басты сәттерді жинақтап, негізгі арақатынастар мен ұстанымдарды қамтитын «концепт-картаны» немесе крест тәрізді диаграмманы толтыруды өтінесіз. Осыны жасау тәсілдерінің бірі – барлық қалған тақырыптар осылармен байланысты болғандықтан, негізгі ұстанымдар, өлшемдер, себептер немесе сұрақтардан және т.б. басталатын принцип-Картаны жасау. Балама ретінде оқушылардан барынша дағдылы мазмұнға негізделетін картаны жасауды өтінуге болады.
– Оқушылар өз карталарын топтарда үш-үштен салыстырады. Олар өздерінің карталарын, сосын бір-бірінің карталарын жетілдіру бойынша шаралар ұсынады.
– Мұғалім олардың карталарын көрсетеді.
– Топ олардың карталары мен мұғалім картасының арасындағы айырмашылықты белгілейді, оларды талқылайды, содан соң өздерінің карталарын, кейін бір-бірінің карталарын жақсарту шараларын ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет