Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет32/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ



Топтық жұмыс – білім алушыларды оқу тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық емес) құру арқылы ұйымдастыру нысаны.



Топпен жұмыс жүргізу тəсілдерінің мəні мен маңызы неде?


 топпен жұмысты ұйымдастыруды жан-жақты зерделейді, оқушының жұмыс жасауына мүмкіндік тудырады;
 топ мүшелерінің қызметін танып-біліп, жұмысты ұйымдастыру жолдарын зерделейді;
 белсенді əрекетке бастайтын əдіс-тəсілдер жинақтайды;
 тың əрекеттер мен шығармашыл шешімдерге қолдау көрсетеді;
 жұмысты жедел, тапқырлықпен жүзеге асыру, бақылау, бағалау шеберлігін меңгереді.
Әріптес! Сіз қалай ойлайсыз, топтық жұмысты ұйымдастыруда неге көңіл аударған орынды:
 топта ынтымақтаса жұмыс істеуге ме;
 əр оқушының жан-жақты ашылуына ма;
 атқарылған жұмыстың мінсіз болуына ма?
Əрине, біз бұл сұрақтардың біреуін ғана таңдау міндет деп қарамай, бəріне көңіл аудару қажет деп есептеуіміз мүмкін. Қандай жауап болса да, біздің өз дəлелімізді қажет етеді. Мəселенің бір ұшы бағалаудың да еншісіне түсері шындық. Себебі біздің кез келген əрекетіміз мəселенің туындауы, оның шешімін іздеу, жан-жақты салыстырып, саралау және əрекетті бағалау, т.б. əрекеттердің ретімен жүзеге асырылуына ықпал етеді. Біз тығырықтан шығу жəне азғана уақыт ішіндегі əрекеттерді жинақтап, қорытынды пікір айту қажеттілігін сезінеміз. Демек шəкірттерге жұмыс жүйесін үйренуге де нұсқаулық керек қажет.
Топтық жұмыста қандай қателіктер жіберіледі?
1) Топта бөлінген көшбасшылық болмауы: жалау көбіне белгілі бір топ мүшелерінің қолында болады, яғни бірді-екілі оқушы ғана барған жерінің ұйытқысы болады, бəрі соны қалыпта жай деп қабылдап, сол оқушыларға сеніп алған. Бұл олардың сағын сындырып, олардың көшбасшылық қабілеттерінің белсенді болмауына ықпал етеді.
2) Бірқалыпты жұмыс жасауға дағдыланып алу: алдыңғы топта жасалған əрекеттерді қайталау, жаңа əрекеттерді қабылдамай, тың пікір айтуға талпынбай, бұрынғы қалыптасқан дүниелерді қайталап беру, т.б.
3)Айтылатын пікірдің ерекшелігіне, нақтылығына, дəлелділігіне көз жеткізе алмау, маңыздылығына мəн бермеу.
4) Уақыттың үдесіненшыға алмау, уақыттың мөлшерін, атқарылатын жұмыстың ауқымын болжай алмау.
5) Ұсынылатын жұмыс, айтылатын пікірге сыни көзқарас болмауы: бұл көп жағдайда біздің жұмысымыз керемет еді, бірақ ол дұрыс бағаланбады дегенге əкеп тіреуі, яғни бағалауды қабылдай алмау.
6) Жұмыстың кем-кетігін қорытындылап, оның түбегейлі аяқталуына немесе болашақтақолданыс табуына қажетті шешімнің болмауы, бақылау əрекетінің өз деңгейінде болмауы.
Қалай ойлайсыз, əріптес! Біз осылай жұмысты жалғастыра беретініміз шындық емес пе? Мұны қалай реттеуге болады?
Ең алдымен, топтық құрам, топтық жұмыстың мақсаты неде екенін нақты айту үшін, оны ұйымдастыру міндеттерін саралап өтейік:
 топ құрамының топтасып та, жұптасып та жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру: нəтижелі болуы үшін4-6 оқушыдан топтастыру;
 атқарылатын жұмыстың барлық топ мүшелері тарапынан талқыланып, бүге-шігесіне дейін қарастырылуына жағдай тудыру;
 әр топ мүшесінің өзінің шағын ұжымдағы қозғаушы күш екеніне, өзінің пікірі маңызды да мəнді екеніне сеніп, серпілуіне ықпал ету;
 әр пікірдің əрекетке негіз əрі ұйытқы болатынына деген сенім мен шығармашылық ізденісті қалыптастыру;
 топ мүшелері арасындағы қарым-қатынастың адами жəне мəдени құндылықтарға негізделуіне жол ашу;
 топтық ортаның белгілі бір уақыт ішінде тұлғалық қабілеттерін ұштап, нəтижелі жұмыс жасауына мүмкіндік тудыруы.
Демек, топтық жұмыс мақсаты – топтық жұмысты əр оқушының өз қызметін барынша түсініп, бойдағы қабілеттерін оятуына, уақыт ауқымында мүмкіндігінше нəтижелі жұмыс істеуіне жағдай тудыратын нағыз шығармашылық шеберханасына айналдыруға жағдай тудыру.
Жұмыс басталды. Топтағы əр оқушының қызметі мен міндеті қандай болмақ? Ол өзіне қажет дағдыларды меңгере алады ма? Оны ұйымдастыру барысында қандай бағыт-бағдар берген орынды?
Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында сыныптың топта жұмыс істеу мүмкіндіктерін барынша саралап, зерделеп алу аса қажет. Туындайтын мəселерді былайша жүйеленеді: сыныптың жұмыс ахуалы, яғни жұмыс істеу бейімділігі, топтық құрамы қалай қарастыратыны мен топ мүшелерінің атқаратын қызметі, топтың жұмыс істеу жүйесі мен өзгешеліктері.
Топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру барысында топтың бөліну əдісі мен топ мүшелерінің саны да назар аударуға тұратын, барынша ескерілетін жайт. Себебі топ мүшелері арасында жедел арада əр əрекетке қатысты қызметтік рөлдер бөлінуі керек. Егер біз топ мүшелері атқаратын қызметті шартты түрде алтыға бөлетін болсақ, онда топ мүшелері төртеу боп қалған жағдайда қызметтік міндеттерді қосалқы алу керек жағдай туындайды.
Топта атқарылатын қызмет түрлеріне тоқталып кетсек: ұйымдастырушы көшбасшы, уақытты бақылаушы (тайм-кипер), үйлестіруші (дəлел келтіру, дəйектеу, т.т.) бағалаушы немесе сыни сараптамашы, хаттамашы,т.б. Бұл тұста оқушыға негізделген рөлді нақтыланып отыр.. Əрине, тап осыдан ауытқуға болмайды деген ой емес, түрлі жағдайға сəйкес (шəкірттердің жас ерекшелігін ескергенде, оқушылардың сұрауы бойынша қажет деп тапқан қызметті қосқанда немесе топтағы мүшелер саны, болмаған жағдайда, т.т.) қызмет мазмұны өзгеріп отыруы мүмкін.
Топтық жұмыстың тұлға үшін тəрбиелік мəні – топ мүшелерінің қызмет түрлерін ауысып атқаруы. Қайталана берген қызмет түрі, біріншіден, өзге қабілеттерінің ашылмай қалуына себепкер болса, екіншіден, жаттандылық пен жасандылыққа жол беруі мүмкін. Сондықтан ұстаз топтағы қызмет рөлдерінің ауысып атқарылуын қадағалауы керек. Бұл қызметтердің рөлдік ойын есебінде де, тəжірибе жүзінде жұмыс жасауға бағдар ретінде де маңызы ерекше.
Өзіміздің тəжірибемізде қолданылып отырған топ мүшелерінің қызметі түрлері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет