Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет1/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)


ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ


ДӘРІС – 1. «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» ЖОО-ДАҒЫ ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ

Жоспар
1. Тұлғаға бағытталған оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері


2. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің алғы шарттары
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі жүйесіне талдау

Қазіргі әлемде білімнің қоғамдағы барлық саладағы ілгерілеуді қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс ретіндегі рөлі жүйелі өзгерістерді талап етеді.
Қазақстанның PISA-2009 нәтижелерін талдау ұлттық білім беру жүйесін, ҚР Білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім саясатындағы басым бағыт ретінде бағалау жүйесі және білім сапасының мониторингін жетілдіру үшін өзекті келешегін көрсетуде.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасында: «Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді» делінген.
Білім алушылардың, соның ішінде бастауыш мектеп оқушыларының да жетістіктерін бағалаудың ұтымды нұсқасы болып критериймен бағалау жүйесі табылады. Критериалды бағалау технологиясының қолданысы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруды көздейді, әлдебір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, әлде бір практиалық дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтап, әр білім алушының жалпы дайындығы деңгейіндегі өзгерістерді де, оның түрлі танымдық аяларындағы табыстары динамикасында тіркеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес ЖОО-да болашақ педагог кадрларды даярлауда «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні енгізілгені белгілі.
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» оқу құралы жоғары оқу орны 6В013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау мамандығына арналған.
Бағалаудың түрлі түрлері мен әдіс техникаларын қолдану тұлғаға бағдарлы оқытуда ерекше маңызды. Оқушылар өз білімдері мен біліктерін көрсету мүмкіндігіне ие болмай ғана, келешекте қандай жақтарын жақсарту керек екендігі туралы біле түседі. Ал оқытушылар оқушының білім мазмұнын тереңірек түсінуіне көмектесу үшін қажетті мәлімет алады.
Тақырыпты түсіну мен оқушының қалыптасқан дағдыларының деңгейі туралы мәлімет жинайтын бағалаудың түрлі түрлері мен әдіс/техникаларын шебер қолдану оқытушыға оқытуды дифференцияциялауға (бөлуге) – әр оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерімен санасуға, ал оқушыларға – өз оқуларын басқару мен оқу процесі мен болашақтарында қажет ететін құзыреттіліктер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бағалау / Оценивание / Assessment - оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сыни талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне қатысты тұжырым жасап, шешім және/немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет.
Критериалды бағалау / Оценивание критериальное / Criteria assessment - оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалаудың екі түрі бар – жиынтық және қалыптастырушы.
Жиынтық бағалау (оқуды бағалау) / Оценивание суммативное (оценивание обучения) - оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Жиынтық бағалау оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, біртұтас бағалау критерийлері негізінде іске асырылады.
Қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін бағалау) / Оценивание формативное (оценивание для обучения) - мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Бағалау – жетістіктерді өлшеу мен оқыту проблемаларын диагностикалаудың, кері байланыс орнатудың, білім беру үдерісінің қатысушыларына (оқушылар, сынып, оқытушы, ата-ана, мемлекет) білім алуындағы жағдайы, жетістіктері мен проблемаларын хабарлаудың негізгі құралы. Оқудағы жетістіктерді бағлау жүйесі – бұл білім бағдарламаларын меңгеру сапасын бағалаудың жүйесі (оқушылардың білім берудегі жоспарланған нәтижелерге жетуі), білім процесінің маңызды элементі.
Қазіргі уақытта мектеп білім беру жүйесінде Бағалау, баға, белгі ұғымдары синоним ретінде қолданылады, бірақ шын мәнінде бір мағына бермейді.
Бағалау – оқушылардың оқу мен тану қызметтерін бақылау процесі, сонымен қатар, білім сапасын жақсарту мақсатымен оқушы туралы мәліметтерді сипаттау, жинау, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Баға – бағалау процесінің нәтижесі, бағалау әрекеті немесе қызметі, кері байланыстың сапалық ақпараты.
Белгі – бұл символ, оқу жетістіктерін бағалаудың сан, әріп, не басқа түрде берілетін шартты-формальды, мөлшерлік көрінісі.
Негізгі құзыреттіліктері Орта мектеп түлегінің төмендегідей негізгі құзыреттіліктері бөлінеді:
басқарушылық – мәселелерді шешуге қабілеттілігі;
ақпараттық – өзіндік танымдық қызметі немесе өмір оқу қабілеті;
коммуникативтік – ауызша, жазбаша, қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдеріндегі өнімді қарым-қатынас; әлеуметтік – әлеуметтік әрекеттестікке қабілеттілік;
тұлғалық – өз бетімен ұйымдастыру, өзін өзі жетілдіру, өмірдегі және кәсіби орнын анықтау, өзін іс жүзіне көрсету, толерантты болу;
азаматтық – қазақстандық өзіндік сана мен мәдени сәйкестік негізінде өз отаны үшін жауапты болуға қабілеттілік;
технологиялық – технологияларды, соның ішінде ғылыми, сандық технологияларды тиімді қолданушы деңгейінде қолдану.
Бағалаудың дәстүрлі жүйесіне балама тәсіл сыни бағалау – «оқыту үшін бағалау» болып табылады, оқытушының шеберлігін жетілдіру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін механизм, оқытудың барынша тиімді тәсілдерін іздеу, сонымен қатар оқушылардың оқуда барынша белсенділік танытуға ынталандыру.
Сыни бағалау оқушыға өзінің оқу қызметін жоспарлауға, мақсаттарын, міндеттерін, оларға жету жолдарын анықтауға, өз еңбегінің нәтижесін бағалауға, өз білімінің сапасы көтеруге мүмкіндік береді. Ол нақты оқушыға бағдарланған, оқушының білім мазмұнының қандай да бір элементін меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, сол арқылы олардың тиімділігін арттыруға бағытталған, және де әртүрлі оқушылардың нәтижелерін бағалауды болжамайды.
Бағалаудың жаңа жүйесі білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған: оқушының, жоба білім беру үдерісінің маңызды компоненті болып табылатын өзін өзі бағалауды жүзеге асыруға бағытталған, себебі рефлексия оқушылардың өз қызметінен тәжірибе жинақтауына, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ішкі ресурстарды белсендіруге, өзін өзі жақсы түсінуіне мүмкіндік береді; ата-аналардың, баланың дамуына және жайлы психологиялық ортада сапалы білім алуына, қабілеттіліктері әртүрлі оқушылардың: дарынды балалармен бірге даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың гимназияда білім алуын жалғастыруына қызығушылық танытушы; оқу үдерісінде ұстаз, оқушы және ата-аналар арасында кері байланыс орнату, ол оқушылардың өткен материалды меңгеру деңгейін нақты түсіндіреді; білім беру үдерісінің қатысушылары ретінде ата-аналардың қызметін белсендендіру; ұстаздар, білім беру нәтижелерін бағалаудың баламалы жүйесімен танысу мүмкіндігіне ие; нәтижелерді сыни бағалау саласындағы теоретикалық білім деңгейін көтеруге қызығушылық танытушы; ОӘК, оқу үдерісінде қолданылатын білім беру жүйелеріне сәйкес білім беру нәтижелерін бағалау технологияларын меңгеру машықтарын қалыптастыру; нәтижелерді бағалаудың кешенді тәсілін қамтамасыз ету.
«Оқу жетістігін бағалау» - білім алушының кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі. Бағалау: Бұл не үшін қажет?
Б.Г.Ананьев: «Бағаның болмауы … бағаның ең нашар түрі болып табылады, себебі бұл бағыт беретін әсер емес, керісінше бағыт бермейтін әсер, объект жақсы ынталандырушы емес, керісінше депрессияға әкелуші, өзінің нақты білімі көрініс тапқан объективті баға негізінде өзіндік бағалауды құрудың орнына адамды субъективті түсіндірілген тұспалдарға, жартылай түсінікті жағдайларға, педагог пен оқушылардың мінез-құлқына негізделуге мәжбүрлейді».
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет