«Корреляция» терминін алғаш рет француз палеонтологы Ж. Кювье енгізді, ал статистикада оны Ф. Гальтон алғаш қолданды.
«Корреляция» терминін алғаш рет француз палеонтологы Ж. Кювье енгізді, ал статистикада оны Ф. Гальтон алғаш қолданды.
Ж. Кювье
(1769 - 1832)
Ф. Гальтон
(1822 - 1911)
Корреляцилық талдау – бұл екі немесе одан көп кездейсоқ шамалардың арасындағы байланыстың тығыздығын және бағытын анықтайтын сандық әдіс.
Корреляциялық талдау
Айнымалылардың өзара байланысын зерттеу тиісті себеп-салдарлық қатынастарды көрсету тұрғысынан зерттеушіні қызықтырады.
Корреляциялық тәуелділік дегеніміз екі (жұп корреляция) немесе одан да көп белгілердің үйлесімді өзгерістері (көпше корреляциялық байланыс). Оның мәні бір айнымалының мәні өзгергенде, басқа айнымалының заңды өзгеруі (азаюы немесе ұлғаюы) болып табылады.
Корреляциялық талдау – корреляция коэффициенттерін қолдану арқылы айнымалылардың арасында тәуелділік бар ма және ол қаншалықты күшті екенін анықтауға мүмкіндік беретін статистикалық әдіс.
Корреляция коэффициенті – екі өлшемді сипаттау статистикасы, екі айнымалының өзара байланысының сандық өлшемі.
Бағыты бойынша тура және кері корреляциялық байланыс деп бөлінеді.
Тура корреляция кезінде бір көрсеткіштің неғұрлым жоғары мәндеріне екіншісінің неғұрлым жоғары мәндері, ал бір көрсеткіштің неғұрлым төмен мәндеріне – екіншісінің төмен мәндері сәйкес келеді.
Кері корреляция кезінде бір көрсеткіштің неғұрлым жоғары мәндеріне екіншісінің неғұрлым төмен мәндері, ал бір көрсеткіштің неғұрлым төмен мәндеріне – екіншісінің жоғары мәндері сәйкес келеді.