Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет20/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

Қолдану деңгейі таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.


Кесте - 3. Қолдану деңгейінің сипаттамасы



Қолдану деңгейі

- Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

- Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

- Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.



Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (түсiну), ендi олар Абайдың «Қыс» өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.
Талдау таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.


Кесте- 4. Талдау деңгейінің сипаттамасы



Талдау деңгейі

- Элементтерді талдау;

- Қарым қатынасты талдау;

- Ұйымдастыру қағидаттарын талдау;

- Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;

- Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды;

- Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

- Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.



Мысалы, топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз, теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз деген секілді қолдануға болады.
Жинақтау таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну; Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.


Кесте - 5. Жинақтау деңгейінің сипаттамасы



Жинақтау деңгейі

- Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

- Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

- Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпенқолданады.

- Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу;

- Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

- Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.



Мысалы, өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет