Азот оксиді ауаны ластайды. Атмосфераның беткі қабатында атомарлы оттегі О бөлініп азот оксиді NO2 таралады және олар молекулярлы оттегімен О2 әсерлескенде О3 озон пайда болады. Жер беті қабатындағы артық озонның болуы Лос-Анджелестегі фотохимиялық улы тұман түрінің пайда болуына әкеп соғады. Ол салыстырмалы құрғақ газданған ауада пайда болады және қарқынды күн сәулесі әсерінен демалу жүйесіне әсер ететін жаңадан пайда болған көкшіл мөлдір түтінді қалыптастырады. Сонымен қатар озон концентрациясы 2…3 мг/м3 құрайды, немесе таза ауаға қарағанда 100…200 есе жоғары.
Адам өміріне азоттың қосылуы қауіпті – нитраттар және нитриттер, олар ауаға автомобиль көліктерінің қозғалтқыштарынан, өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрбаларынан және топыраққа азотты тыңайтқыштарды төкеннен түседі. Нитраттар демалуды қиындатады, ұйқыны бұзады және басқа да жағымсыз зардаптарға әкеп соғады.
ЛАСТАУШЫ ЗАТТАР
Көмірқышқыл газы СО2 атмосфераға отынды жаққаннан және басқа антропогенді және табиғи үрдістерде бөлінеді. Соңғы 100 жылдықта ауада көмір қышқыл газының құрамы 11…13% өсті. Көмірқышқыл газдың концентрациясының ұлғаюы «парникті нәтижеге» әкеп соғады. Бұл құбылыста тропосфера температурасы жер беті қабатында көмірқышқыл газының Күннің ультрофиолет сәулесін өткізу және Жерден инфроқызыл сәулелерін дамыту мүмкіншілігі қорытындысында жоғарлайды. Бұл жағдайда атмосфераның ішкі қабаттарына жылу аз беріледі және жер бетіндегі ауа температурасы жоғарлайды.
НОРМАТИВТІК САПАСЫ Экологиялық Өндірістік-шаруашылық Сапаның экологиялық нормативі табиғи
ортаға техногенді әсердің шектеулі
мүмкін нормасын (ШМН) бекітеді,
егер ШМН жоғарласа, онда ол адам
денсаулығына, өсімдіктер және
жануарларға жағымсыз әсер етеді.
Осындай нормалар шектеулі мүмкін
концентрациялар (ШМК) және
шектеулі мүмкін деңгейлер (ШМД)
болып бөлінеді.
Табиғи орта сапасының өндірістік-
шаруашылық нормативтері өндірістік,
коммуналдық-тұрмыстық және басқа
объектілер жұмысының экологиялық
қауіпсіз тәртібін реттейді.
Табиғи орта сапасының өндірістік-
шаруашылық нормаларына табиғи
ортаны ластайтын шектеулі
мүмкін лақтырыс (ШМЛ) жатады.