№ 1 дәріс: Анатомия пәніне кіріспе. Тірек қимыл аппаратының жалпы анатомиясы Дәріс оқушы: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Сулейменова Фатима Мәшімқызы
Анатомия-Anatemno –кесу, тілу деген сөзден шыққан.
Адам анатомиясы – адам организмінің пішіні мен құрылысын зерттейтін ғылым.
Адам анатомиясы – адам организмінің пішіні мен құрылысын, оның даму заңдылықтарына сәйкес, сыртқы және ішкі ортаның әсері мен атқаратын қызметтеріне байланысты зерттейтін ғылым.
Медицинаны білу – адам анатомиясын оқудан басталады.
Дәрігерлерге теориялық және клиникалық білім беруде, адам анатомиясы негізгі пән болып табылады. Өйткені, кез келген маман өзінің саласы бойынша мүшелердің қалыпты құрылысын, пішінін, топографиялық анатомиясын білуі тиіс. Сонда ғана, салыстырмалы түрде патологиялық жағдайды анықтап, дұрыс диагноз қоя алады және емдейді.
Ертедегі Грецияның атақты дәрігері, физиологы, философы Гиппократ(б.э.д. 460-377ж) – “Адам денесінің құрылысын зерттеу – медицинаның бастапқы негізі”
Везалий Андрей (16 ғасыр) – “Анатомиясыз ешқандай медицина жоқ”
Москва университетінің анатомы, профессор Мухин Е.О.(1766-1850ж) – “Анатомияны білмеген дәрігер тек пайдасыз ғана емес, ол өте зиянды және қауіпті”
Ресей дәрігері, акушер-гинеколог Губарев А.П. (1855-1931ж) – “Анатомиясыз терапияда, хирургияда жоқ, тек қана бос сенім мен жорамалдар”
Пирогов Н.И. – Ресей әскери дәрігері,, аязға қатырылған өліктерден кесінді жасау арқылы мүшелер топографиясына көп үлес қосқан хирург – “Хирургияға тек қана анатомиялық театр арқылы ғана баруға болады”
Қорыта айтқанда, АНАТОМИЯ сіздердің ең алғашқы медициналық пәндеріңіз және бүкіл клиникалық пәндердің негізі болып табылады.
Анатомияны оқудың негізгі объектісі – тірі адам. Алайда, тірі адамның ағзаларының күрделі құрылысын және топографиялық орналасу реттерін білу үшін денені кесу немесе тіліп ашу және препараттау қажет.Бұны тірі адамда жасау мүмкін емес. Сондықтан, анатомиялық білім беру өліктерде және жеке анатомиялық препараттарда жүргізіледі.Осы тұрғыда, ежелден келе жатқан латын сөзі бар: ”mortui vivos dociunt - өлілер тірілерді оқытады”