|
Анатомиялық зерттеу әдістері
|
бет | 2/5 | Дата | 15.10.2022 | өлшемі | 4,58 Mb. | | #43256 |
| Байланысты: №1 Анатомияға кіріспе. ТҚА - Адамның тірі кезіндегі анатомиялық зерттеу әдістері;
- Адамның өлгеннен кейінгі анатомиялық зерттеу әдістері;
- Микроскопиялық зерттеу әдістері;
- Эксперименттік (тәжірибелік) зерттеу әдістері.
Адамның тірі кезіндегі анатомиялық зерттеу әдістері - Антропометрия – дененің бөліктерін өлшеу, бойы, салмағы.
- Рентгеноанатомия (рентгенография, томография, электроренгенография)– рентген сәулесімен пленкаға түсірілген ағзалар суреттері.
- Эхолокация (УЗИ) – ультра дыбыстық зерттеу әдістері.-
- Компьютерлік томография (КТ) – ағзаның пішіні, орналасуы және орналасуының өзгеруі анықталады.
- Магнитно-резонанстық томография (МРТ) – ағзалардың ішкі құрылысын әртүрлі жазықтықта арнайы магниттік қондырғылармен терең зерттеу.
- Эндоскопия – ішкі ағзалардың қуысын арнайы оптикалық құрал – эндоскоппен тексеру.
- Соматоскопия – тірі адамдар денесіндегі анатомиялық құрылымдарды көзбен анықтау және басып сипап табу.
- Функционалдық әдістер – тірі адамда пальпация (басып сипау, түрткілеу), перкуссия (саусақпен соғу), аускультация (тыңдау).
Адамның өлгеннен кейінгі анатомиялық зерттеу әдістері - Препараттау –мүрдені кесу және жару арқылы ішкі ағзаларды, тамырлар мен нервтерді айналасындағы ұлпалардан бөліп алу.
- Сипаттау – мүрдені препараттау кезінде ағзалардың түсін, пішінін, бөліктерін және топографиялық құрылысын сипаттау.
- Мүрдені немесе жеке ағзаларды арнайы сұйықтықтармен қатыру (бальзамдау, фиксациялау) – формалинмен, спиртпен.
- Төменгі температурада қатырылған дененің немесе ағзалардың кесіндісін Пирогов әдісімен дайындау.
- Инъекция әдісі– тамырларға, өзектерге, қуысты мүшелерге әр түрлі сұйықтық заттарды енгізу.
- Коррозия әдісі –ағзалардың тіндерін еріту үшін әр түрлі қышқыл және сілтілермен әсер ету.
- Полимерлік бальзамдау немесе пластинация – медициналық полимерлік заттармен (Силикон) мүрдені және ағзаларды қанықтырып сіңдіру.
- Кептірілген анатомиялық препараттар – мүрдені және ағзаларды желдетілген ыстық ауамен кептіру (Грубер және Шор әдісімен).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|