Дәрістің мазмұны



бет25/73
Дата21.01.2023
өлшемі171,37 Kb.
#62223
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
Д рісті мазм ны

Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды. Педагогика әдіснамасының объектісі - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану, ал пәні – жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары. Педагогикадағы әдіснамалық тұрғы оқыту-тәрбие әрекеті практикасын өзгертудің тиімді жолдарын іздеу және қалыптастыру үшін қажет. Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.
Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.

  1. Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.

  2. Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).

  3. Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.

  4. Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім.

Педагогикалық зерттеулер әдіснамасының негізгі мәселелері.
Тәрбие теориясы мен практикасын дамыту мақсатында қазіргі уақыттағы кейбір өзекті мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Бұндай мәселелердің топтары: 1) педагогика ғылымының пәні мен педагогикалық құбылыстарды танудың логикасының анықтаудағы әдіснаманың фундаментальды мәселелері; 2) оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселесін, педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда мұғалім өз қызметін орындауда оның дайындық деңгейі мәселелерін зерттеудегі әдіснамалық тұрғының ерекшеліктері.
Педагогикадағы жалпы әдіснамалық мәселелері:

  1. Педагогика ғылым ретінде, оның пәні;

  2. Педагогика ғылымдарының жүйесі, олардың бірлігі және өзара байланысы;

  3. Педагогиканың басқа адамтану ғылымдармен өзара байланысының мәні мен маңызы, қоғам, табиғат туралы ғылымдардың негіздерімен байланысы;

  4. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістері мен формаларын жетілдірудің әдіснамалық негіздері.

  5. Дидактика және жеке пәндер әдістемесі бойынша зерттеулерді жетілдірудің әдіснамалық шарттары;

  6. Тұтас үрдіс ретіндегі тәрбие аясындағы зерттеулердің әдіснамалық шарттары (дамудың жас кезеңдері және оның ерекшеліктері);

  7. Педагогикалық білім беру үрдісін құру және жетілдірудің жүйелерін ғылыми негіздеу және зерттеудің әдіснамалық шарттары;

  8. Мектепке дейінгі тәрбиенің әдіснамалық мәселелері;

  9. Білім беру жүйесінің дамуын болжау әдіснамасы;

Әдіснамалық мәселелер тек педагогиканың жалпы негіздерін талқылауға ғана емес, сонымен бірге тұтас педагогикалық үрдісті жетілдіру, оқыту, тәрбие және дамытудың нақты сұрақтарын зерттеу мақсатында жүргізіледі.
Бұл мәселелердің барлығы жаңа емес, олар түрлі деңгейде педагог-ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасындағы жалпы орта және кәсіби мектептердегі реформалар педагогика ғылымының алдына өзекті теориялық және практикалық мәселелерді қоюда: мектептердің әлеуметтік қызметін, статусын көтеру; жалпы және кәсіби білім беруді жетілдіру; оқу-тәрбие үрдісінің өндірістік еңбекке оқытудың, мамандыққа бағыттаудың сапасын көтеру; педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру; білім беру жүйелерінің оқу-материалдық базасын жетілдіру жіне т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет