Эссе ЭССЕ «Ойлау мәдениетін қалыптастырудағы философияның рөлі»
Философия ойлау мәдениетінің мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын философы Томас Гоббс: «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады... және сенің өзіңде өмір сүреді» деп тұжырым жасаған болатын. Ойлау қасиеті іштей әркімге тән. Өйткені жеке бір тұлғаның ешқайсысында өмірдің, азаттықтың, әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмаймыз.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады.Біз тікелей біле алмайтын заттармен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.
Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып қалыптасады да бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын, оның ойлауы да жетіле түседі.
Философия дегеніміз – «даналыққа деген сүйіспеншілік» деген мағынаны білдіреді. Адам мен әлем арасындағы қатынас туралы шындық пен білім, адам туралы өте жалпылама тұжырымдамалар мен негізгі принциптер туралы білімдер жүйесін дамытатын әлем туралы білімнің ерекше түрі. Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болған. Ғасырлар бойына философияның міндеттеріне әлем мен қоғам дамуының әмбебап заңдылықтарын зерттеу де, таным мен ойлау процесінің өзін зерттеу де, моральдық категориялар мен құндылықтарды зерттеу де кірді.
Философияны мақсатты түрде оқу, ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жұйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді. Философия сабағы – адамның көзқарасын дамытып, ұштатады. Негізі көзқарас дегеніміз – дүниеге белгілі бір түсінікпен қарау. Көзұарас болу үшін сана, оның жетілуі үшін білім керек. Ол неғұрлым көп білу, ынталану жүреді.