Дәрістің тақырыбы: “Философия мәдениет феномені ретінде”



бет4/8
Дата23.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#59255
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 лекция филос пәні

Философияның қызметтері: 1. Дүниетанымдық қызмет. Дүние туралы тұтас түсініктің - дүние құрылымы, заңдылықтары, ондағы адамның орны, қоршаған ортамен қатынас қағидалары туралы тұтас пікірдің қалыптасуына әсер етеді. 2. Методологиялық қызмет. Философия қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді, нақтылайды. 3. Теориялық қызмет. Концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді.

Философияның қызметтері: 4. Гносеологиялық қызмет. Қоршаған дүниені дұрыс және ақиқатты тануды (тану механизмін анықтауды) көздейді. 5. Аксиологиялық қызмет - (грек.axios-құнды) қоршаған дүниедегі құндылықтарды, заттарды түрлі құндылық тұрғысынан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық т.б.) бағалап келіп, барлық бағалы, құнды, пайдалыны өткізіп, барлық ескі қажетсіз құнсызды кедергілерді ұстап қалатын “сүзгі” ролін атқарады.

Философияның қызметтері: 6. Әлеуметтік қызмет. Қоғамды оның пайда болуын, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күштерін зерттеп, ішкі қайшылықтарын ашып, оларды жою немесе жетілдіру жолдарын нұсқайды. 7.Тәрбиелік қызмет. Гуманитарлық -гуманистік құндылықтар мен идеяларды зерттеп, адамға және қоғамға ендіріп, адамның дүниеге бейімделуіне, өз өмірінің мәнін анықтауына , табуына көмектеседі.

Философияның қызметтері: 8. Сындарлы (критическая) қызмет. Бұл әдістің міндеті-таным шеңберін кеңейту, догмаларды жойып, білімнің қатып-семуін тоқтатып, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарылату. 9. Болжамдық (футурологиялық) қызмет. Қоршаған дүние мен адамдар туралы қолда бар философиялық білімдерге таным жетістіктеріне сүйене отырып материяның, сананың, таным процестерінің, адамның, табиғат пен қоғамның даму тенденцияларына болжау жасайды.


Философияның әдістері:
Диалектика
Метафизика
Догматизм
Эклектика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет