Мектепалдыдаярлық тобында табиғат бұрышында 6-7 түрлі өсімдіктер, олар әртүрлі жолмен көбейеді; жуашықтарымен және тірілей жарып шығу арқылы. Сонымен қатар, әртүрлі жағдайда өсетін гүлдер. Мысалы, бриофиллюм, тасжарғыш, циперус.
Табиғат бұрышының мезгіл бойынша құралдары олар, уақыт және мезгіл ұзақтығының бақылауын көрсететін заттар: Күзде, бұл күздік гүлдер шоғы және кыша ыдысқа отырғызылған гүлдер. Сондай ақ, ересектер тобында табиғи материалдардан жасалған қолөнер үлгілері.
Қыста, бұл жәшікке отырғызылған пияз бен ағаш бұтақшалары болуы мүмкін.
Көктемде, балабақша бақшасы үшін отырғызылған көшеттер болуы мүмкін және көктемнің алғашқы гүлдері болуы мүмкін.
Уақытша бақылауға топқа шыны ыдысқа салынған балықты, тордағы құсты әкелуге болады. Әрине, балабақша аумағы үлкен болса, экологиялық бөлме жасақтауға болады. Бұл бөлмеге, әртүрлі өсімдіктер және жануарлар және жорғалаушыларды әкеліп, Тәрбиелеу бағдарламасы бойынша бақылауға болады.
«Құрғақ» аквариум жасауға болады. Ол үшін аквариумді әртүрлі тастармен толтырып, артқы қабырғасына су асты әлемінің суретін жапсырып, аквариум ішіне ойыншық теңіз тұрғындарын орналастыруға болады (тасбақа, сушаян, теңізшаяны т.б) қабырғаларға үлкен көлемді балық жапсырма суреттерін жапсырып, тастарға ұлу суреттерін, теңіз жұлдыздарын жапсыруға болады. Аквариумді жасанды балдырлармен толықтыруға болады. Аквариум дайын. Әр топта «Ауа райы күнтізбесі» болуы шарт. Ауа райы күнтізбесін бақылау арқылы балалар табиғат туралы білімдерін толықтыра түспек.
Ерте жастағы балалар тобында маусымдар көрсетілген сурет ілуге болады, мысалы, күз пейзажы және табиғат бұрышында маусым бойынша киінген қуыршақ болу қажет.
Естиярлар тобында ауа райы көрсетілген сағаттың тіліндей қозғалып отыратын көмекші құрал болу қажет. Серуеннен келгеннен кейін ауа райы өзгерісі туралы өзгерістерді бағдарды ауыстырып отырады. Сондай ақ, табиғат бұрышында бақылау туралы балалар суреті болу керек.
Ересектер және мектепалды даярлық тобында ауа райын белгілейтін шартты белгілерлермен таныстырылады. Балалар күн сайын ауа-райын шартты белгілермен белгілеп отырады. Ай соңында, балалар қанша бұлтты, жауынды, желді күндер болғанын шартты белгілерді санау және салыстыру арқылы біледі.
Сондай ақ, табиғат бұрышында:
-көкөністер мен жеміс жидектердің муляждары болу керек;