Дәрістің тақырыбы


Мемлекеттік дендрологиялық парк



бет5/5
Дата27.11.2023
өлшемі25,02 Kb.
#129404
1   2   3   4   5
Байланысты:
№7,8 табиғи ресурстар Экологиялық менеджмент

Мемлекеттік дендрологиялық парк - табиғат қорғау мекемесінің мәртебесі бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған өңірлер бойынша сараланған қорғау режиміндегі ерекше қорғалатын аумақ.
Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынана ерекше құнды су қоймаларына: шаруашылық тұрғысынан ерекше құнды су қоймалары; шекаралық сулар; табиғи шипалы факторлары мен рекреациялық қасиеттері бар су қоймалары; ықтимал сел қаупін төндіретін су қоймалары.
Шетелдік ЕҚТР туралы қысқаша мәлімет: Еуропада орналасқан өркениетті ел, экономикасы жақсы дамыған, бірақ территориясы Қазақстаннан 11 есе аз Англия мемлекетінде 189 ұлттық қорықша, 10 ұлттық саябақ, 81 корольдік қорықтар бар; ал Германия жеріде 735 қорықша, 400-ден астам ландшафтық заказниктер, 9100 табиғи ескерткіштер орналасқан; Франция территориясында 22 ұлттық саябақ, 20 қорық бар. Әлемдегі ең бірінші 1872 жылы ұйымдастырылған «Иелостон» ұлттық саябағы АҚШ орналасқан.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тәртібі заңмен қорғалады. Тәртіп заңдылықтарын бұзғандарға Қазақстан республикасының әкімшілік және құқықтық жауапкерішілігі бекітілген. ҚР-ның «Экологиялық кодексі» экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруға арналған.
Табиғат және табиғи ресурстарды қорғаудың халықаралық қауымдастығы (орысша МСОП) 1948 ж құрылды және ол үнемі қызыл кітаппен жұмыс атқарады. Қызыл Кітап- дүние жүзіндегі болашағына қауіп төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтер жүйеленген арнайы құжат. Қазақстанда 1976-78 жылдар аралығында Қызыл кітаптың 5 томы жарық көрді және ол бес категориядан тұрады, олар:
1. Қызыл кітаптың бірінші категориясына кіретін өсімдіктер мен жануарлар- жойылып бара жатқан түрлер, бұл түрлер қызыл түсті беттерде көрсетілген;
2. Қызыл кітаптың екінші категориясына – сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері жатады, олар ақ түсті беттерде көрсетілген;
3. Қызыл кітаптың үшінші категориясына- жойылуға қауіпі бар түрлер жатады, олардың саны тез және қайтымсыз төмендеуде, сары беттерде берілген;
4. Қызыл кітаптың төртінші категориясына- атаулары белгісіз, анықталмаған түрлер жатады, бірақ, олардың популяциясының жағдайы туралы нақты мәліметтер жоқ. Қызыл кітапта ол түрлер сұр беттерде берілген;
5. Қызыл кітаптың бесінші категориясына- қалпына келуші түрлер жатады, жасыл түсті беттерден кездестіруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет