Дәрістің тақырыбы



бет1/5
Дата27.11.2023
өлшемі25,02 Kb.
#129404
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№7,8 табиғи ресурстар Экологиялық менеджмент


Дәрістің тақырыбы: Табиғи ресурстар және ресурстарды басқару жүйесі

1. Табиғи ресурстар және оның жіктемесі


2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жүйесі
3. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - Биосфера тұрақтылығының кепілі

Қазақстан Республикасы-табиғи ресурстарға бай ел. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерінің (хром, темір кені, мұнай) қоры бойынша ол әлемдегі алғашқы орындардың бірінде тұр. Алайда, мұндай шикізат байлығымен әртүрлі сипаттағы көптеген мәселелер туындауда.


Табиғат дегеніміз - мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалық – энергетикалық, ақпараттық және әртүрлі табиғи құбылыстардың жиынтығы.
Адам күрделі «табиғат- қоғам» жүйесінің бір бөлігіне жатады. Қоғамның материалдық, мәдени т.б. мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштарымен табиғи құбылыстарды табиғи ресурстар деп аталады.
Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі:

  • қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды);

  • пайда болуына қарай (табиғи, антропогенді);

  • химиялық табиғатына (органикалық, минералдық);

  • көздер мен орналасуына қарай (жер, су, кен, өсімдіктер, орман);

  • пайдалану өрісіне қарай (энергетикалық, шикізат, тағам) байланысты

  • бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын);

  • қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.

Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.
Сарқылмайтынға планетадаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Оларға: космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулененуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байлансыты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы, космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа, жауын –шашын, жел сонымен қатар жер қойнауындағы жылу жатады.
Сарқылатын табиғи ресуртар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет